Yandex Qazaqstan сарапшылары қазақстандықтардың тамыз айында қай фильмдерге, сериалдар мен шоуларға, сондай-ақ спорттық жарыстарға көбірек қызығушылық танытқанын анықтады.
Фильмдер арасында "Өрмекші адам: Жаңа күн" көш бастаса, сериалдар бойынша "Бұл қарғыс атқан махаббат", ал шоулар арасында "Выживалити. Наследники" бірінші орынға шыққан. Спорт санатында Ислам Махачев пен Иэн Гэрри арасындағы жекпе-жекке қызығушылық жоғары болды. Бұл деректер пайдаланушылардың Нейромен іздеу қызметі арқылы жасаған сұраныстары негізінде алынған.
"Өрмекші адам: Жаңа күн" фильмі шілде айының соңында прокатқа шыққан. Сондықтан тамызда оған деген қызығушылықтың күрт артқаны заңды. Өрмекші адам туралы жаңа фильмнің шығуы франшизаның бұған дейінгі "Өрмекші адам: Үйге жол жоқ" бөліміне де қызығушылықты арттырған. Бұл фильм экранға 2021 жылы шыққан. Яғни кинотеатрға бармас бұрын көрермендер алдыңғы бөлімде не болғанын Яндекс іздеу жүйесінен, Нейромен іздеу арқылы білуге тырысқан болуы мүмкін.
Рейтингте үшінші орында осы жазда жарық көрген тағы бір танымал премьера – "Соңғы батыр. Колобок" фильмі. Бұл – батырлар туралы франшизаның бесінші бөлімі әрі алғашқы спин-оффы. Одан кейін тамызда Netflix платформасында шыққан фантастикалық триллер "Соңғы үй" тұр. Үздік бестікті қазақстандық криминалдық триллер "Қызғылт қоянды аулау" түйіндейді.
Сериалдар бойынша үздік бестікке бірден екі корей жобасы енді. Олар – романтикалық "Бұл қарғыс атқан махаббат" және кеңседегі романтикалық комедия "Сүйікті қызметкер". Батыс сериалдарының арасынан "Стерлинг-Пойнт" драмасына қызығушылық жоғары болды. Prime Video тамыз айының басында оның барлық сегіз бөлімін бірден ұсынған.
Ресейлік кино да көрермен назарынан тыс қалмады: пайдаланушылар тамызда ivi платформасында жарық көрген "Аң саны" сериалы туралы Нейромен іздеу арқылы белсенді түрде ақпарат іздеген.
Ал америкалық "Менталист" сериалына қызығушылықтың артуы – бөлек жағдай. 2008 жылы түсірілген бұл сериалдың жаңа маусымы шыққан жоқ. Көрермендердің оған қайта назар аударуына сериалдың Netflix каталогына қосылуы себеп болған.
Нейромен іздеу қызметіне жасалған сұраныстарға қарағанда, тамыз айындағы ең маңызды спорттық оқиға – Ислам Махачев пен Иэн Гэрридің UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуі үшін өткізген жекпе-жегі. Екінші орында Dota 2 бойынша The International 2026 турнирі тұр. Жылдың басты додасы тамыз айында Шанхайда өтті. Dota 2 ойыны Қазақстанда өте танымал болғандықтан, қазақстандықтардың бұл турнирге белсенді қызығушылық танытуы заңды.
Футбол жанкүйерлері үшін тамыздағы басты оқиғалардың қатарында "Қайраттың" Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде "Левскиге" қарсы өткізген екі матчы болды. Оның бірі Алматыда өтсе, екіншісі сырт алаңда ұйымдастырылды. Сонымен қатар "Челси" мен "Ювентус" арасындағы жолдастық кездесу де іздеу сұраныстарының күрт өсуіне себеп болды.
Нейромен іздеу қызметінің көмегімен осы оқиғалардың кез келгені туралы толық ақпарат алуға болады. Мысалы, ол "Соңғы үй" триллерінде кімдердің ойнағанын, "Стерлинг-Пойнт" сериалын қайдан көруге болатынын және онда қанша бөлім бар екенін айтып бере алады. Ал жанкүйерлер матчтың қалай аяқталғанын білсе, шоу көрермендері келесі бөлімнің қашан шығатынын анықтай алады.
