CRONOS Central Asia

Алматыда Республика күні қалай атап өтілді

Города•25.10.2026, 14:35

Алматыдағы Медеу мұз айдынында Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтерілді. Салтанатты шараға 1500-ден астам адам қатысты

Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтерілді
Фото предоставлено пресс-службой акимата г.Алматы

Алматыда Республика күніне арналған мерекелік іс-шаралар аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты түрде көтеру рәсімі ұйымдастырылды. Салтанат "Медеу" биік таулы мұз айдынының аумағында өтті.

Мерекелік жиынға Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, қоғам және мәдениет саласының белгілі өкілдері, Қазақстан Халық Кеңесі мен Қоғамдық кеңестің мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар бірлестіктерінің өкілдері, танымал спортшылар қатысты. Сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары да мерекелік шараға жиналды. Жалпы қатысушылар саны 1 500 адамнан асты.

Салтанатты шара барысында әскери үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалып, көк байрақ биікке көтерілді. Мемлекеттік Ту орнатылған тұғырдың биіктігі 40 метрді құрайды. Ал тудың көлемі – 7×14 метр.

Бұған дейін Республика күні қарсаңында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табыстаған болатын. Марапат иелері қатарында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне және мәдени саласының дамуына елеулі үлес қосқан алматылықтар бар.

Сонымен бірге ұлттық мерекеге орай Республика сарайында арнайы концерт ұйымдастырылып, қала тұрғындарына мерекелік бағдарлама ұсынылды.

Перепечатка и (или) переопубликация материалов сайта без письменного разрешения редакции запрещены. При разрешенном использовании обязательна гиперссылка на соответствующую статью на сайте cronos.asia.

Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!