Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсыныстарының оң және теріс тұстары
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті жолдауы жүйелі болғанына қарамастан, қазіргі жағдайда президенттің бірқатар бұйрықтары мен бастамаларының кемшін тұстары да бар екенін ескеру керек.
Мемлекет басшысының жолдауын зерделеп, CA Cronos президенттің тапсырмалары мен ұсыныстарының бір бөлігіне назар аударуды жөн көрді, олардың орындалуы әр түрлі жағдайларға байланысты белгісіз мерзімге шегерілуі мүмкін. Әрине, бұл болжам жаңсақ болып шықса, жақсы.
Тоқаевтың 1 қыркүйекте жарияланған Қазақстан халқына кезекті жолдауы елдің ішкі саяси мәселелеріне маманданған отандық саясаттанушыларды рухтандырды. Әрине, өткен жаз ешқандай маңызды оқиғаларымен ерекшеленбеді. Сондықтан да бұл сала мамандары үшін әлеуметтік желіде көсіліп қойып талқыға салатын мәселе болмады.
“Қазақстанда Президент Жолдауының қызу талқыға түскені соншалық, тіпті кейбір пікірлер Жолдаудың өзіне қарағанда ұзағырақ келеді”,- деп күлді Қазақстан-Герман университетінің профессоры Рустам Бурнашев, сондай-ақ әзілдеп ел басшылығына президенттің сөзін нақтылауға арналған құқықтар туралы шешім қабылдау керек екенін айтты. «Бұл әлеуметтік желілердегі пікірлер ағымын айтарлықтай төмендетеді», - деп қосты профессор Бурнашев.
Неге байқап көрмеске?
Президент жолдауына байланысты білдірілген піркірлердің көптігіне қарамастан, cronos.asia ұжымы Тоқаев сөзінің тұщымды тұстарын түртіп алып, қоғамда қайшылық тудырған кейбір сөздеріне назар аударуды жөн көрді. Оның үстіне, олардың кейбіреулері, біздің ойымызша, қарама-қайшы болып келеді. Бұл тұста, CA Cronos үнсіз қалып, жолдауды «халықтың әлеуметтік деңгейін көтеруге бағытталған» немесе «нақты сипатқа ие» деп жалған мақтау жаудырудан аулақ. Мақтаудың сан түрін әлеуметтік желіде министрлер мен депутаттар, биліктің сарбазына айналған аясаткерлер айта жатар. Ал редакция ұжымы президент айтқан нұсқаулар мен бастамалар қалай жүзеге асатынын түсінгісі келеді.
Бірінші мәселе Тоқаевтың «2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібі экспортын 1,5 есеге, 24 млрд долларға дейін және еңбек өнімділігін 30%-ға арттыру» атты жолдауында айтқан орта мерзімді мақсатпен туындады.
Әрине, экспорттың ұлғайғандығы - құптарлық іс. Бұған екі қолды қатар көтеріп келісім береміз. Бірақ Қазақстанда өңдеу өнеркәсібінің қай бағыттары сыртқы нарықта кенеттен сұранысқа ие екендігі туралы түсініктеме алынбағаны түсініксіз болып қалды. Айта кетейік, өңдеу өнеркәсібіне: металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі, ағаш өңдеу, жеңіл өнеркәсіп және тамақ өндірісі кіреді. Сонда, сыртқы нарықта, мысалы, Қазақстанда құрастырылған көліктер сұранысқа ие бола бастады ма?
Айтпақшы, Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібінің Еуропалық Одақпен көміртекті реттеу механизмін енгізуге дайындығын түсінген дұрыс болар еді. Бұл жоба аясында 2023 жылдан бастап барлық өндірушілер өз өнімдеріндегі көміртек мөлшерінің көлемі туралы есепті көрсетуге міндетті болады, ал 2026 жылдан бастап ЕО-ға экспорттаған кезде олар «көміртегі есебін» төлейді.
Еңбек өнімділігін арттыру қажеттілігі туралы ескертпеге келетін болсақ, бұл мәселе «маңыздылығын жоймаған ескі әндердің» күйін кешуде. Менің есімде, Михаил Сергеевич бұл туралы алғаш рет сонау 1986 жылы, КОКП -ның 27 съезінде сөйлеген сөзінде «Брежневтің тоқырау кезеңін» анатематизациялағанда айтқан болатын.
Материалы по теме:
Плюсы и минусы предложений президента Токаева
Мы должны готовиться к внешним шокам – Токаев
Президент Касым-Жомарт Токаев выступил с ежегодным Посланием народу Казахстана
Токаев: "Государство не должно помогать банкирам"
Нужно выходить из непростой ситуации - послание президента
"Элита" не дейді?
Тоқаевтың ел экономикасында мемлекеттің шамадан тыс қатысуы туралы айтқан сөзіне тоқтала кетейік.
«Біз бұл мәселелерді шеше бастадық. Сондықтан мемлекеттік басқару тұжырымдамасында квазимемлекеттік секторды қысқарту, оның тиімділігін, ашықтығы мен есептілігін арттыру шаралары қарастырылған. Реформалар жөніндегі Жоғарғы Кеңес жекешелендірудің жаңа жоспарын бекітті. Енді бізге қатаң бақылау қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан Президентінің дағдарысқа қарсы шаралар туралы айтуы және нәтижесінде қаражаттың артылып қалуы жөніндегі мәлімдемесі көңілде қайшылық тудырды. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың банкирлерге көмектесуден бас тарту туралы шешімін жариялаған хабарламасының бір бөлігі. Сіз бұған сендіңіз бе?
Айтпақшы, жолдамада тағы бір қызықты хабарлама бар, оған сәйкес микроқаржы ұйымдары шағын жобаларды қаржыландыруға қатысады, мысалы, ауылдық жерлерде. Себебі, олар «клиенттерді, олардың ісі мен мүмкіндіктерін біледі». Ал осы ауыл тұрғындарының МҚҰ -дан жылдық 25% мөлшерлемемен несие алуға қаншалықты мүмкіндігі бар?
Ал агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі міндеті - елді негізгі азық -түлік өнімдерімен толық қамтамасыз ету туралы не деуге болады? Кем дегенде орташа қарқынмен жүзеге асатын болса, қазіргі президентке ескерткішті бірден орната беруге болады. Айтпақшы, бұл әзіл емес! Себебі, соңғы 40 жылда бұл саланың даму қарқыны өте баяу. Бірде ет өндіру мәселесі туындаса, енді бірде шетелден сүт өнімдерін импорттауға тура келді, сосын кенеттен павлодарлық картоп Эквадор банандарына қарағанда қымбаттап кетеді. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін жауапты қызметкерлерді тағайындап қойса жақсы болар еді. Бірақ батылдық танытып, бұл істі қолға алатындар бар ма?
Отандық "кремний алқабын" қалыптастырайық
Тоқаевтың жолдау барысында отандық ІТ-секторды қалыптастыру мен нығайту қажеттілігі туралы айтқан сөзі де көп үміт сыйлайды.
«Елге жас, білімді, ынталы кадрлар қажет. Ұлттық цифрландыру жобасы аясында кем дегенде 100 мың жоғары білікті IT мамандарын дайындау қажет»,-деп президент үкіметке тапсырма берді.
Елімізде шын мәнінде IT-мамандардың тапшылығы сезіліп отырғаны жасырын емес. Жыл сайын мыңдаған жастар қазақстандық жоғары оқу орындарының ақпараттық технологиялар факультетін бітіреді. Олардың бәрі қайда кетіп жатыр? Жауап қарапайым. Олар не коммерциялық құрылымдарға барады, не елден кетеді, өйткені олардың мемлекеттік мекемелерде жалақысы өте төмен. Бірінші сұрақ: үкімет IT-мамандарға министрлердің жалақысына пара-пар қаражат төлеуге дайын ба? Екінші: 100 мың маман «саны бар, сапасы жоқ» болып шықпай ма? Елде мұндай армияны даярлайтын мұғалімдер жеткілікті ме?
Президент Тоқаевтың COVID-19-ға қарсы күресте күшейтілген вакциналарды, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеген вакциналарды алудың маңыздылығы туралы айтуы адамды терең ойға қалдырады. Жағымсыз жайттарға дайын болуымыз керек пе? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы күшейтілген вакцинациядан бас тартуға ресми түрде шақырған сәттен бастап бір ай да өтпеді, ал бұл әлемдік қоғамдастық үшін үлкен қауіп төндіреді.
Тіркелген вакциналарға қатысты, неге оларды сатып алу мәселесі қазір ғана пайда болды? Мүмкін, үш ай бойы Moderna және Oxford / AstraZeneca вакциналарымен вакцинациялауға болатын көршілес Өзбекстанның тәжірибесіне назар аударған жөн болар?
Қасым-Жомарт Тоқаев сөз еткен жалпы білім беретін мектептердің жетіспеушілігі де өте өзекті мәселелердің бірі. «Ю» және «Я» әріптері бар сыныптардың пайда болуы алаңдаушылық туғызатын көрсеткіш екені және 2007 жылы қабылданған «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасының толық сәтсіз аяқталғанын тағы бір рет көрсетеді. Қызық, 2025 жылға қарай елімізде 1000 мектеп болады дегенге сенетін оптимистер бар ма? Бір Алматының өзінде пайдалануға берілетін 8 жаңа мектеп 2019 жылдан бері әлі салынып жатыр. Түптеп келгенде, жаңа мектептер мен балабақшаларға қаражатты қайдан алуға болады? Президенттің сөзіне қарағанда, білім беру мекемелерін салу мәселесін көптеген тұрғын үй кешендерін салып жатқан жеке құрылыс компанияларына беруге болады. Бірақ бұл үшін заңнамалық нормаларды өзгерту қажет. Бірақ бұл қаншалықты тез жүзеге асады және артында елдегі ықпалды адамдар тұрған құрылыс компанияларының өздері жаңа талаптарға келісе ме? Күтейік, көрейік, көзді ашып жұмғанша 2025 жыл да келер.
Бастамалардың кемшін тұстары
CA Cronos президенттің 5 бастамасын таразыға салып, тиімділігіне көз жүгіртті. Әрине, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 60 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім көңілді бір серпілтіп тастады. Алайда, бұл мәселеде таяқтың екінші ұшы бар - ең төменгі жалақының өсуіне байланысты жұмыс берушілерге негізделген талаптардың күшейтілу ықтималдығы жоғары. Бұл, әрине, сататын өнімдерінің бағасын көтермей, бұл жағдайды оңынан шеше алмайтын орта және шағын кәсіпорындардың иелеріне қиындықтар туғызады. Қазіргі жағдайда кәсіпкерлер «таза емес» немесе «бұлыңғыр» схемалар бойынша жұмыс істейді деп ойлау қателік. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алуға қолжетімділіктің арта түсуі жағдайды өзгертеді деудің өзі үлкен күмән тудырады. Мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу тәжірибесі көрсетіп отырғандай, олардан ақша бірден түспейді және көбінесе бөлінген акцияларға түседі, бұл ретте өтінім берер алдында жалақыны көтеру ұсынылады.
Жалақы қорынан 34% -дан 25% -ға дейін бірыңғай төлем күтесіз бе? Бұл мәселе, әрине, керемет, бірақ тиісті төлем жүйесі, тіпті Тоқаевтың бастамасына сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ғана жұмыс істей бастайды. Барлығын бір уақытта енгізуге болмады ма? Бұл елдегі жаппай наразылыққа себеп болмасын!
Мәдениет қызметкерлеріне, мұрағатшыларға, кітапханашыларға, техникалық қызметкерлерге, жүргізушілерге және басқа да бірқатар мемлекеттік қызметшілерге 3 жыл бойы жалақыны жыл сайын 20%-ға көтеру туралы төртінші бастама туралы ескертулер бар. Президенттің өзі бұл елдің 600 мың тұрғынына тікелей әсер ететінін атап өтті. Бұл Қазақстанның экономикалық белсенді тұрғындарының едәуір бөлігі. Осы тұста жауапсыз қалған екі сұрақ бар - «ақшаны қайдан алуға болады?» және «бұл негізгі тұтыну себетінің бағасына қалай әсер етеді?».
Бесінші бастама, мүлдем алаңдатып қойды. Иә, өткен жылы басталған зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану науқаны құрылыс индустриясын дамытуға және автомобиль шығаруға серпін берді. Алайда, бұл зейнетақы жинақтарының бір бөлігін жеткіліктілік шегінен жоғары ұлттық даму институтына айналдыратын «Отбасы банкінің» шотына аударуға мүмкіндік беретін ағымдағы бастама сияқты, тәуекелдерді кейінге қалдырды. Иә, кейбір адамдар жаңа пәтерлер мен автокөліктерді сатып алады, бірақ зейнеткерлік жасқа келгенде қалай күн көреді? Ең төменгі жалақыға тең ең төменгі зейнетақымен бе? Әлбетте, мұндай зейнеткерлер көбейген тұста, билікке қарсы наразылық толқыны пайда болары анық. Бірақ қазір бұны ойлап жатқан ешкім жоқ. Өйткені, бұл келер күннің еншісінде.
Кез келген материалды қолдану үшін cronos.asia сайтына гиперсілтеме жасаңыз.
Central Asia Cronos Telegram-каналына жазылып, өзекті ақпаратты бірінші болып біліңіз!
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.
Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!