Ана мен бала денсаулығы – ел болашағының өлшемі
Қазақстандағы ана мен бала өлімі елдің болашағына қауіп төндіретін теңсіздік пен экологиялық тәуекелдердің көрсеткіші болып қалуда.

Қазақстанда ана мен бала өлімі тарихи ең төменгі деңгейге дейін төмендеді, бірақ сандардың артында әлеуметтік теңсіздік пен экологиялық қатерлер тұр. Ластанған ауа, климаттық стресс мәселені ушықтыруда және болашақ ұрпаққа қауіп төндіруде.
Ана мен бала өлімі – бұл медицинаның ғана емес, қоғамның жетілуінің де көрсеткіші. Мәселе әрбір шығын жүйенің әлсіз жақтарын көрсетеді: пренатальды күтімнің болуы, инфрақұрылымның сапасы, әйелдердің білім деңгейі және отбасының әлеуметтік жағдайы. 2024 жылы Қазақстан көрсеткіштердің төмендеуіне қол жеткізді, алайда бұл прогрестің артында өңірлік айырмашылықтар мен әлеуметтік әлсіз топтардың осалдығы жатыр.
Экологиялық тәуекелдер жағдайды нашарлатады. Ауаның орташа жылдық ластану деңгейі ДДҰ нормаларынан 3 еседен асады, бұл мерзімінен бұрын босануға, жаңа туған нәрестелердің дене салмағының төмендеуіне және өлім-жітімнің өсуіне әкеледі.
Бұл факторларды елемеу болашақ дағдарысты білдіреді: демографиялық құлдырау, институттарға деген сенімнің төмендеуі және адами капиталдың жоғалуы. Ана мен бала өлімі шұғыл шешімдерді талап ететін дамудың стратегиялық көрсеткіші.
Қазақстандағы ана мен бала өлімінің әлеуметтік детерминанттары
Қазақстанда соңғы онжылдықтардағы ана өлімінің динамикасы оң өзгерістерді де, жүйелі осалдықтарды да көрсетеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, бұл көрсеткіш 2010 жылы 100 000 тірі туылғандарға шаққанда 22,7 жағдайдан, 2024 жылы 100 000-ға шаққанда 10,1-ге дейін төмендеді, бұл тарихи ең төменгі көрсеткіш. Алайда, COVID-19 пандемиясы бұл тенденцияны күрт бұзды, бұл көрсеткіш 2020 жылы 100 мың жағдайға 36,5-ке, ал 2021 жылы 100 мыңға шаққанда 44,7-ге дейін өсті. Бұл тек бір жыл ішінде әрбір жүз мың туылғанда қырықтан астам әйел қайтыс болды дегенді білдіреді. БҰҰ-ның халықаралық деректері 2000 жылы 57,9-дан 2023 жылы 9,6-ға дейінгі динамиканы белгілейді.
Сонымен қатар, құрғақ сандардың артында әлеуметтік проблемалар тұр. 2024 жылы Қазақстанда босану кезінде 37 әйел қайтыс болды, ал 2500 бала бір жылға дейін өмір сүрмеді (1000 тірі туылғанға 7,05 жағдай). Аналар өлімінің жартысынан көбі қалаларда (54%) тіркелді, бірақ өсім 10 өңірде, соның ішінде Абай, Ақтөбе, Алматы, Жетісу және Ұлытау облыстарында байқалды. Көп балалы аналар арасындағы өлім-жітімнің өсуі әсіресе алаңдатады: 2024 жылы 97 бала жетім қалды. Бұл деректер әлеуметтік теңсіздік, профилактикалық орталықтардың жетіспеушілігі және аймақтық ауруханалардың нашар жабдықталуы тәуекел деңгейіне тікелей әсер ететіндігін растайды.
Сурет 1. Қазақстандағы 2010-2024 жылдардағы 100 мың тірі туғандарға шаққанда (ҰСБ)
Гистограмма динамиканың екі кезеңін көрсетеді, 2010-2019 жылдар аралығында біршама тұрақты төмендеу болса (100 мың тірі туғандарға 12-14 жағдай), кейін 2020-2021 жылдардағы пандемия әсерінен күр өсу (36,5-44,7) және 2024 жылы (10,1) тарихи минимумға дейінгі жылдам төмендеу. Көрсеткіштердің өсу бар, бірақ ол өте осал жүйелік күйзелістер жағдайында шұғыл өсуі байқалып та тұр. Сондықтан, шешуші фактор тек пренаталдық көмекті қамту емес, сонымен қатар жоғары қауіп-қатерді басқару болып табылады: жүкті әйелдерді нақты бағыттау, реанимациялық бқлімшелер мен қанның дайын болуы, "бірінші сағатта" оттегі мен дәрі-дәрімектердің қолжетімділігі, уақытылы деңгейаралық жолдаулар және кейінгі клиникалық шешімдерге аудит жүргізу.
Сурет 2. БҰҰ деректері, Қазақстандағы 2000-2023 жылдардағы балалар өлімінің саны
Диаграмма Қазақстандағы сәбилер өлімінің үш есеге жуық қысқарғанын көрсетеді, 2000 жылғы 8762 жағдайдан 2023 жылы 3130 жағдайға дейін, бірақ 2015 жылдан кейін төмендеу 3-3,5 мың деңгейінде баяулайды және тұрақтанады, бұл базалық резервтердің сарқылуын және шала туылу, туа біткен патологиялар және өңірлік айырмашылықтар бойынша нысаналы бағдарламалардың қажеттілігін көрсетеді.
2019 жылдан 2023 жылға дейін нәресте өлімі пандемияға байланысты 3322-ден 3541 жағдайға дейін өсті, бірақ содан кейін 3130-ға дейін төмендеді, бұл жүйенің дағдарысқа осалдығын және оның қалпына келу қабілетін көрсетті.
Біріктірілген ана мен нәресте өлімінің динамикасы екі көрсеткіштің бір-бірімен байланысты екенін және денсаулық сақтау жүйесі мен жалпы қоғамның жалпы тұрақтылығын көрсететінін көрсетеді. Ана мен бала өлімі бұл елді басқару сапасының стратегиялық көрсеткіші: демографиялық тұрақтылық, институттарға деген сенім және болашақ ұрпақтың денсаулығы оған тікелей байланысты.
Аналар мен балалардың денсаулығына экологиялық қауіп факторлары
Қазақстандағы ана мен бала өліміне экологиялық қауіптер көбірек әсер етуде. ЮНИСЕФ мәліметтері бойынша, 2021 жылы Еуропа мен Орталық Азияда температураның өсуінің салдарынан 377 бала қайтыс болды, олардың жартысы бір жасқа дейін. Ыстық күн мерзімінен бұрын босануға, дене салмағының төмендеуіне және туа біткен ауытқуларға әкеледі. Қазақстанда 2019 жылы ауаның ластануынан 199 бала мен жасөспірім қайтыс болды. PM2.5 ұсақ бөлшектерінің жоғары концентрациясы өкпе функциясының бұзылуымен, жүрек ауруымен, демікпемен және балалардағы неврологиялық бұзылулармен тікелей байланысты. Өнеркәсіптік аймақтар қосымша қауіп төндіреді: Батыс Қазақстандағы зерттеулер мұнай-газ кен орындарының жанында тұратын балалардың (кен орындарынан 0-16 км жақын тұратындар) шаштарындағы сынап пен алюминий деңгейі шалғай аудандардағы балаларға қарағанда екі есе жоғары екенін көрсетті. Бұл фактілер: экология дерексіз фон емес, аналар мен балалардың осалдығын арттыратын және елдің демографиялық тұрақтылығына тікелей әсер ететін негізгі фактор.
Экологиялық факторлар жүктілік кезінде әйелдердің денсаулығына тікелей әсер етеді. Ауаның ұсақ бөлшектермен ластануы (PM2.5, PM10) күрделі жүктілік, түсік түсіру, преэклампсия және мерзімінен бұрын босану қаупін арттырады. Қазақстанның өнеркәсіптік аудандарында анықталған ауыр металдар (сынап, қорғасын, кадмий) денеде жиналады және ұрықта анемия, плацента жұмысының бұзылуы және туа біткен патологияларды тудыруы мүмкін. Минералдануы жоғары және химиялық ластануы бар аймақтарда таза судың жетіспеушілігі несеп-жыныс жүйесінің инфекцияларының ықтималдығын арттырады, бұл да мерзімінен бұрын босану қаупімен байланысты. Қатты жылу жүкті әйелдің жүрек-қантамыр жүйесіне жүктемені күшейтеді және бұрыннан бар созылмалы ауруларда асқынулардың қоздырғышы болуы мүмкін. Мұның бәрі экологиялық тәуекелдерді ана өлімінің негізгі жасырын факторларының біріне айналдырады.
Қорытынды
Қазақстандағы ана мен бала өлімі мемлекеттің институттарының жұмыс істеуінің көрсеткіші. Негізгі қиындық медицинаның өзінде емес, жүктілік пен ерте балалық шақтың қауіп-қатеріне әлеуметтік теңсіздік пен агрессивті экология қосылады. Бұл комбинация әрбір осал отбасын "тәуекел нүктесіне" және әрбір соққыны демографиялық қауіпке айналдырады. Егер мемлекет тек статистикалық бақылаумен және жергілікті шаралармен шектелсе, онда жаңа дағдарыстар кезінде өлім-жітімнің өсуі сөзсіз болады.
Қазақстанға өзге тәсіл қажет: ана мен бала денсаулығын экономикалық және әскери қауіпсіздіктің маңыздылығы бойынша тең стратегиялық ресурс ретінде қарастыру. Тек әлеуметтік саясат, денсаулық сақтау және экологиялық бейімделудің интеграциясы уақытша жетістіктерді тұрақты нәтижеге айналдыра алады. Мұнда аналар мен балалардың өмірі ғана емес, бүкіл елдің болашағы да өлшенеді.
Автор: Айнұр Бақытжанова, әлеуметтанушы
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.
Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!