CRONOS Central Asia

Яндекс Карты Қазақстан әуежайларында навигация қосты

Горячие новости28.08.2026, 15:01

Яндекс Карты Қазақстандағы ірі нысандардың ішінде навигацияны алғаш рет іске қосты

Яндекс Карты Қазақстанда ішкі навигацияны іске қосты
Фото Яндекс Карты Қазақстан

Яндекс Карты Алматы мен Астанадағы екі әуежай және он сауда орталығының ішінде навигация пайда болды. Жаңа функция сауда орталықтарынан дүкендер мен мейрамханаларды, ал әуежайлардан қажетті ұшу қақпаларын жылдамырақ табуға көмектеседі. Маршруттар қабаттарды, өткелдерді, баспалдақтарды, лифтілерді және эскалаторларды ескере отырып құрылады.

Алматыда навигация алты сауда орталығында – Mega Alma-Ata, Esentai Mall, Grand Park, Forum, Aport Mall және Aport Mall East – сондай-ақ Алматы халықаралық әуежайында қолжетімді.

Астанада маршруттарды Mega Silk Way, Khan Shatyr, Keruen және Asia Park сауда орталықтарының ішінде, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Астана халықаралық әуежайында құруға болады.

Маршрут көшеден басталып, ғимараттың ішінде жалғасуы мүмкін. Мысалы, пайдаланушы ең жақын аялдамадан нақты дүкенге немесе мейрамханаға дейінгі жолды құра алады. Яндекс Карты қолайлы кіреберісті көрсетіп, содан кейін сауда орталығының ішінде бағыттайды.

Сервис сондай-ақ ең жақын лифт немесе эскалаторды табуға немесе автотұраққа шығатын жерге қайта оралуға көмектеседі. Маршрут құру үшін өз қабатыңызды таңдап, орналасқан жеріңізді нақтылап, соңғы нүктені көрсету керек. Егер қажетті жерге бірнеше жолмен жетуге болатын болса, сервис бағыттың әртүрлі нұсқаларын ұсынады.

Әуежайларда навигация жолаушыларға терминалда бағытты анықтап, қажетті ұшу қақпасын табуға көмектеседі. Гейтке дейін маршрут құру үшін оны картадан тауып, нүктені басып тұрып, "Осы жерге" опциясын таңдау жеткілікті. 

Функцияны іске қосу үшін ғимараттардың қабат бойынша сызбалары жаңартылып, кіреберістердің, өткелдердің, баспалдақтардың, лифтілердің, эскалаторлардың және басқа да нысандардың орналасуы нақтыланды. Маршрут құру алгоритмдері ғимараттардың қабат санын ескеріп, әртүрлі деңгейлерде орналасқан нүктелер арасында бағыт құруға мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта Қазақстандағы ішінде маршрут құруға болатын ғимараттардың тізімі кеңейтіледі.

Перепечатка и (или) переопубликация материалов сайта без письменного разрешения редакции запрещены. При разрешенном использовании обязательна гиперссылка на соответствующую статью на сайте cronos.asia.

Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!