Шымкент тұрғындары жедел жәрдемнің қозғалысын картадан нақты уақытта көре алады

Горячие новости30.03.2026, 09:12

Шымкентте жедел жәрдем қозғалысы картадан нақты уақытта көрінетін жаңа сервис іске қосылды — бұл жүйе тұрғындарға бригаданың қайда екенін онлайн бақылауға мүмкіндік береді.

Шымкентте жедел жәрдем қозғалысы картадан көрсетілген сервис интерфейсі
Шымкентте жедел жәрдем қозғалысы картадан көрсетілген сервис интерфейсі

Бұл шешімді Yandex Qazaqstan Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі және Шымкент қаласының әкімдігімен серіктестікте іске асырды. Енді тұрғындар жедел жәрдем бригадасының қозғалысын браузердегі картадан бақылай алады, ал болашақта бұл мүмкіндік Яндекс Go қосымшасында да қолжетімді болады. Жоба диспетчерлерге түсетін жүктемені айтарлықтай азайтуы тиіс. Бұл туралы Тимур Шалекенов Шымкентте өткен Digital Qazaqstan 2026 форумында мәлімдеді.

Жедел жәрдем шақырылғаннан кейін жүйе автоматты түрде картаға сілтемесі бар SMS жібереді. Осы сілтеме арқылы пайдаланушы бригаданың қозғалысын нақты уақытта бақылай алады. Шешім Яндекс Карталар JavaScript API технологиясы негізінде жүзеге асырылған.

Жаңа мүмкіндік жедел қызметтердің жұмысын ашық етуге, диспетчерлердің жүктемесін азайтуға және тұрғындармен өзара әрекеттесу сапасын арттыруға бағытталған. Алғашқы кезеңде функция Шымкент қаласы бойынша шақыртулардың бір бөлігіне ғана қолжетімді болады, кейіннен жобаны барлық шақыртуларға кеңейту жоспарланып отыр.

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.

Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!