Күздік ірі жеңілдіктер маусымына орай Yandex Qazaqstan сарапшылары қазақстандықтардың Яндекс Iздеу жүйесіндегі Нейро сервисі арқылы қандай тауарларды жиі іздейтінін анықтады. Өнімдер мен веб-сайттар туралы жасырын сұраулар ескерілді, оларға жауаптарда қызмет Қазақстандағы танымал сауда орталықтары мен онлайн дүкендерді атап өтті.
Зерттеу нәтижесіне сәйкес, қазақстандықтар электроника мен құрылыс және жөндеу тауарларына көбірек қызығушылық танытады. Бұл санаттардың әрқайсысына барлық сұраныстың шамамен 12 пайызы тиесілі. Екінші орында автомобиль және мотоцикл тауарлары тұр. Олардың үлесі – 10 пайыз.
Сондай-ақ пайдаланушылар денсаулыққа арналған тауарларды (8%), киім-кешек, аяқ киім мен аксессуарларды (7%) жиі іздейді. Азық-түлік өнімдеріне сұраныс 6,5 пайызды, косметикаға 6 пайызды құраған. Ал үйге арналған тауарлар мен кітаптардың әрқайсысына іздеу сұраныстарының 5 пайызы тиесілі.
Зерттеу қазақстандықтардың тауарларды қалай іздеп, таңдайтынын да көрсетті. Сұраныстардың басым бөлігі, яғни 85 пайызы нақты тауарды атауы немесе сипаттамасы бойынша іздеуге қатысты. Мысалы, пайдаланушылар "Таразда Samsung S24 256GB сатып алу", "Астанада Stanley кружкасын сатып алу".
Тағы 7 пайызы тауарды таңдау, салыстыру, сипаттамалары мен пайдалану ерекшеліктеріне қатысты сұрақтардан тұрады. Мәселен, пайдаланушылар Chery Tiggo 2 Pro көлігінің руль диаметрін, Стивен Кингтің "Жасыл миль" кітабы туралы пікірлерді немесе Anker Soundcore Liberty 4 NC құлаққабының қанша уақытта қуатталатынын іздеген. Ал сұраныстардың 6 пайызы дүкендер мен олардың тауарлар каталогын іздеуге бағытталған.
Бұдан бөлек, қазақстандықтар сыйлық таңдау идеяларын, белгілі бір брендтерді, дүкендер мен сервистердің жұмыс тәртібін және жеңілдіктер туралы ақпаратты іздейді. Мысалы, "Анама туған күніне не сыйлауға болады?", "Temu-дан тапсырысты қалай алуға болады?" және "Астанадағы киімге жеңілдіктер" деген сұраныстар кездескен.
Яндекс Iздеу жүйесіндегі Нейро сервисі қажетті тауарды табуға, әртүрлі модельдерді салыстыруға және тиімді ұсыныстарды анықтауға көмектеседі. Пайдаланушылар өз қажеттілігі мен бюджетіне сай өнімдерді іздеп, олардың бағасы мен техникалық сипаттамаларын салыстырып, артықшылықтары мен айырмашылықтары туралы ақпарат ала алады.
