Бейбiт атом және жастар үшін мүмкіндіктер

Іс-шараның қорытындасы бойынша жиынға қатысушылар бейбіт атом Қазақстанның дамуында маңызды рөл атқарады және елдің энергетикалық қауіпсіздігі

Бейбiт атом және жастар үшін мүмкіндіктер

фото: freepik.com

Астанада 24 қыркүйек атом энергетикасы саласындағы жетекші сарапшылар, жас ғалымдар мен белсенді жастар бейбіт атомды тиімді қолдану және атом энергетикасын дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған жиынға қатысты. "Қазақстандық атом электрстанциялары" ЖШС ұйымдастырған пікірталасы ядролық технология саласындағы соңғы жетістіктер мен Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту перспективалары туралы екіжақты білім алмасу алаңына айналды.

Келелі кеңеске қатысушылар өзекті мәселелерді, соның ішінде елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі атом энергетикасының рөлін, сондай-ақ атом өнеркәсібін дамытудың экономикалық және әлеуметтік аспектілерін, атом энергетикасындағы заманауи технологиялар мен қауіпсіздік стандарттарын талқылады.

Сарапшылар қуат көзіне деген сұраныстың күн санап артып бара жатқанын тілге тиек етіп, аталған қажеттіліктерді қанағаттандыруға қабілетті ең тұрақты және экологиялық таза бірден-бір  энергия көзі атом энергетикасы екенін баса айтты.

Бейбiт атом және жастар үшін мүмкіндіктер

"Ұлттық ядролық орталық" РМК Астана филиалының директоры Майра Мұқышеваның айтуынша, әлемнің дамыған озық елдері атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануды жеделдетуде. Ал, Ұлттық ядролық орталық болса (ҰЯО) негізгі құзыреттерінің бірі атом энергетикасының қауіпсіздігіне қатысты тың зерттеулер жасау.

ҰЯО ғалымдары жүргізген зерттеулер нәтижелері ядролық технологиялардың ірі өндірушілерінде үлкен сұранысқа ие. Мысалы, CORMIT жобасы аясында алынған ғылыми деректер Жапониядағы жұмыс істеп тұрған атом электр станцияларында белсенді аймақтың арнайы балқыту тұзақтарын салу кезінде сәтті іске асты.

Айта кетсек, Ядролық орталық   IV буын реакторларының қауіпсіздігі саласында – жақын болашақта атом энергетикасының негізіне айналатын сұйық металмен салқындатылған жылдам нейтрондардағы реакторлардың үлкен көлемін анықтауда ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр.

Кездесу барысында жас ғалымдар ядролық физика саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен таныстырып, Қазақстандағы атом энергетикасын дамытуға бағытталған өз идеяларымен және тың жобаларымен бөлісті.

"Қазіргі таңда Ядролық физика институтында білікті және тәжірибелі мамандары инженерлік-техникалық персоналды иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеуді ұйымдастыру әдістеріне, атом энергиясын пайдалану саласындағы қолданыстағы нормалар мен қағидаларға сәйкес иондаушы сәулелену көздерімен қауіпсіз жұмыс істеу қағидаларына және радиациялық жағдайдағы жұмыстарды бақылауға оқытатын Радиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығы жұмыс істейді. Сонымен қатар 2016 жылы ҚР Үкіметі бастамасымен АҚШ Энергетика министрлігінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілігінің қолдауымен Ядролық физика институтының базасында Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығы ашылған. Бұл орталық АЭХА (МАГАТЭ) ядролық физикалық қауіпсіздік саласындағы оқыту және қызметке жәрдемдесу орталықтарының халықаралық желісіне кіреді», –деп атап өтті Дмитрий Шлимас PhD докторы, Ядролық физика институтының аға ғылыми қызметкері.

Мысалы, Ядролық физика институтының Астана филиалында ядролық жол мембраналарын өндіру үшін бастапқы материал ретінде пайдаланылатын сәулелендірілген полимерлі пленка өндірісі жолға қойылды, олар жоғары технологиялық өнімдерді өндіруге негіз болып табылады.

Олар көпфункционалды, тіпті медицина және нанотехнология саласында да жиі сұранысқа ие. Институт сонымен қатар радиофармацевтикалық препараттардың бірнеше түрін шығарып, республикалық емдеу мекемелеріне жеткізеді.

Аталған іс-шарада жастарды толғандырған негізгі сұрақтың бірі: Атом электр станцияларын салу және пайдалану үшін еліміздегі мамандардың тәжірибесі жеткілікті ме? Кадрларды оқыту қалай жүзеге асады?

"Бірден айта кетейін, Қазақстанның бұл салада өте үлкен ғылыми және кадрлық әлеуеті бар: Ұлттық ядролық орталық және кәсіби ортада көпке жақсы таныс Ядролық физика институты табысты жұмыс істейді, оның айналасында ғылыми зертханалар мен зерттеу орталықтары шоғырланған. Атом саласы үшін мамандарды төрт жетекші қазақстандық жоғары оқу орны дайындайды. Сонымен қатар, 2010 жылдан бастап "Болашақ" бағдарламасы аясында "Атом өнеркәсібі", "Атом ядросы мен бөлшектерінің физикасы", "Техникалық физика" (Атом электр станциялары мен қондырғылары), "Ядролық инженерия" мамандықтары бойынша мамандар даярланды",– деп жастардың сұрағына "Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС жетекші инженері Асуан Сиябеков жауап берді.

Сондай-ақ жастарды қауіпсіздік мәселелері, ядролық қалдықтарды және қолданылатын реакторлық технологиялар сынды сауалдар қызықтырды.

Іс-шараның қорытындасы бойынша жиынға қатысушылар бейбіт атом Қазақстанның дамуында маңызды рөл атқарады және елдің энергетикалық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін орасан зор әлеуетке ие деген пайымға келді.


Материалы по теме:

Почему Асет Наурызбаев вдруг поменял свое мнение о строительстве АЭС

Страсти по АЭС: кто запугивает Казахстан?

АЭС в Казахстане: сторонники и противники

Строительство АЭС в Узбекистане: подписан документ о начале работ




Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.

Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!


Мы в Телеграм

Свежие новости