REDMI сериясының тарихындағы жаһандық жеткізу көлемі 500 миллион құрылғыдан асты. Мұндай жетістіктің негізінде брендтің екі негізгі қағидаға деген адалдығы жатыр: озық технологияларды қолжетімді ету және құрылғылардың сапасына қойылған жоғары талап.
2026 жылы смартфон индустриясы қос қысымға тап болды: құрылғылар қымбаттап, ал пайдаланушылар телефондарын бұрынғыдан сирек ауыстыра бастады. Осыған байланысты смартфонның тұтынушы үшін құндылығы туралы түсінік те өзгеріп келеді.
Смартфон неге қымбаттап жатыр?
Бағаның өсуіне әсер етіп отырған негізгі факторлардың бірі – құрамдас бөлшектердің, әсіресе жедел жад пен ішкі жадтың (Bill of Materials, BOM) қымбаттауы. TrendForce дерегіне сәйкес, 2026 жылдың бірінші тоқсанында DRAM-ның келісімшарттық бағасы 93-98%-ға өскен. Бұған жасанды интеллект инфрақұрылымының қарқынды дамуы және деректер орталықтарының жаңғыруы себеп болды. Counterpoint Research бағалауынша, мобильді DRAM бағасы 50%-дан астам, ал флеш-жадтың (NAND Flash) құны 90%-дан астам өскен.
Бұл жағдай орта сегменттегі Android-смартфондардың өзіндік құнына тікелей әсер етіп, өндірушілерді құрылғы бағасы мен тұтынушы алатын нақты құндылық арасында оңтайлы тепе-теңдік іздеуге мәжбүрлейді.
Қазақстандықтардың смартфон пайдалану әдеті қалай өзгеріп жатыр?
Бағаның өсуі және смартфондардың жыл сайын түбегейлі жаңармауы құрылғыны ауыстыру кезеңінің жаһандық деңгейде төрт жылға жуықтауына әсер етті. Тұтынушылар енді аздаған өзгерістер үшін артық ақша төлегісі келмейді. Олар үшін сенімділік, аккумулятордың ұзақ жұмыс істеуі және құрылғының беріктігі маңызды.
Digital Business зерттеуі Қазақстандағы үрдістің де осы бағытта өзгеріп жатқанын көрсетеді:
- Бағаның өсуі: 2025 жылы Қазақстанда телефон жабдықтарының бағасы 14,6% өскен.
- Пайдалану мерзімі: қазақстандықтардың шамамен 50%-ы бір смартфонды 3 жылдан астам уақыт пайдаланады. Оның ішінде 33%-ы телефонды 3-4 жыл, ал 13,2%-ы 5 жыл немесе одан да ұзақ қолданады. Құрылғысын бір жылдан аз уақыт пайдаланатындар үлесі – 21,3%.
- Алдағы жоспар: сауалнамаға қатысқандардың 44,7%-ы қазіргі смартфонын істен шыққанға дейін пайдалануды жоспарлайды. Тағы 35,8%-ы жақын арада телефон ауыстыруды ойламайды.
Смартфонды ауыстыруға не себеп?
Аккумулятор мәселесі – 32,2%. Құрылғының қуаты бұрынғыдай ұзаққа жетпейді. Айта кетейік, сауалнамаға қатысқандардың 85,2%-ы смартфонын күніне 1–2 рет қуаттайды.
Физикалық зақым – 21,5%. Экранның сынуы немесе құлағаннан кейін құрылғының зақымдануы. Сонымен қатар респонденттердің 80%-дан астамы смартфон таңдағанда оның су мен соққыдан қорғалуын маңызды фактор ретінде атаған.
Жад көлемінің жеткіліксіздігі және жүйедегі ақаулар – 14,6%.
Бағдарламалық қолдаудың тоқтауы. Телефонның өзі жұмыс істеп тұрғанымен, оған арналған қосымшалар енді жаңартылмайды.
REDMI-дің жауабы: сенімділіктің жаңа деңгейі
Xiaomi үшін құрылғы жасаудағы негізгі бағдар – техникалық сипаттамалар емес, пайдаланушылардың нақты қажеттілігі. REDMI Note сериясының эволюциясы қолжетімді смартфоннан ұзақ қызмет етуге арналған құрылғыға дейінгі жолды көрсетеді. Әр буын қысқа мерзімді трендтерге емес, пайдаланушылардың нақты сұранысына жауап ретінде дамып отырды.
Алғашқы Redmi Note серияның негізгі тұжырымдамасын қалыптастырды. Үлкен экран мен баға мен мүмкіндіктердің тиімді арақатынасы сол кездегі нарық стандарттарынан жоғары көрсеткіш ұсынды. Redmi Note 3 моделінде аккумулятордың ұзақ жұмыс істеуіне және премиум материалдарға деген сұраныс ескеріліп, металл корпус пен сыйымдылығы жоғары аккумулятор қолданылды.
Redmi Note 7 сериясы беріктік пен құлаудан қорғануға басымдық берді. Бренд осы сегментте алғаш рет кепілдік мерзімін ұзартты. Redmi Note 13 сериясына қарай пайдаланушылардың талабы одан әрі өсті. Нәтижесінде орта баға сегментіне флагмандық деңгейдегі IP68 стандарты бойынша су мен шаңнан қорғаныс енгізілді.
Он екі буын бойы тұтынушының нақты қажеттілігіне икемделу REDMI Note сериясының әлемдегі ең танымал смартфон желілерінің біріне айналуына ықпал етті.
"REDMI-де жасайтын әрбір дүниеміз екі негізгі қағидаға сүйенеді: озық өнімдерді қолжетімді ету және әр құрылғының жоғары сапасын қамтамасыз ету. Смартфондар қымбаттап жатқандықтан, олардың қызмет ету мерзіміне қойылатын талаптың да артуы заңды. REDMI Note 17 сериясымен біз бұл тәсілді "REDMI титанының сапасы" және Built for Years ("Жылдар бойы қызмет етуге арналған") тұжырымдамалары арқылы жаңа деңгейге көтеріп отырмыз. Біздің мақсатымыз – уақыт сынынан өтетін құрылғылар жасау. Сонымен қатар бұл буында алғаш рет Pro Max моделі ұсынылады. Ол дизайн, сапа және пайдаланушы тәжірибесі тұрғысынан барынша жоғары мүмкіндіктерді ұсынады"
REDMI Note 17 сериясы: Built for Years
Смартфондар қымбаттап, пайдаланушылар құрылғыларын сирек ауыстырып жатқан жағдайда, ұзақ қызмет ету мерзімі таңдаудың негізгі критерийіне айналып келеді. Built for Years тұжырымдамасы – REDMI-дің құрылғыларды барынша берік, қуаты ұзақ жететін және өнімділігі тұрақты болатындай етіп жасауға бағытталған ұзақмерзімді тәсілі. REDMI Note 17 сериясында бұл ұстаным аккумулятордың сенімділігіне, қауіпсіздік жаңартуларына және құрылғының жылдар бойы бірқалыпты жұмыс істеуіне қатысты алты жылдық міндеттемелер арқылы жүзеге асады.
Бұл тәсіл Digital Business жүргізген тұтынушылардың мінез-құлқына қатысты зерттеуде анықталған ұзақ уақыт пайдалануға қажетті негізгі талаптармен тікелей үндеседі. REDMI Note 17 сериясы осы талаптардың әрқайсысына жауап береді.
- Аккумулятордың ұзақ жұмыс істеуі. REDMI Note 17 сериясында Xiaomi тарихындағы сыйымдылығы ең жоғары кремний-көміртекті аккумулятор қолданылған Бұл технология аккумулятордың дәстүрлі шектеулерін еңсеруге мүмкіндік береді. Шешім ұзақ автономды жұмыс уақытын, жылдам қуаттауды, қауіпсіздікті, сондай-ақ жоғары температураға, құлауға және қысымға төзімділікті қатар қамтамасыз етеді Аккумулятор 1600 қуаттау цикліне есептелген және осыдан кейін де бастапқы сыйымдылығының 80%-дан астамын сақтайды. Бұл құрылғыны қарқынды пайдаланған жағдайда алты жылға дейін тұрақты жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Көрсеткіш нарықтағы 800 қуаттау цикліне тең стандартты деңгейден екі есе жоғары және аккумулятор сыйымдылығының төмендеу мәселесін азайтуға бағытталған.
- Максималды қорғаныс. Смартфон күнделікті өмірдегі түрлі жағдайларға – жаңбырға, қоғамдық көліктегі қарбаласқа және кездейсоқ құлауға төтеп беруге бейімделіп жасалған Құрылғы асфальт немесе плитка сияқты қатты жабындарға 3 метрге дейінгі биіктіктен құлаған кезде төзімді болатындай сынақтан өткен Ылғалдан қорғау жүйесі арнайы әзірленген 17 тығыздағыш элемент пен герметикалығын тексеруге арналған 10 сынақты қамтиды. Бұл құрылғыны жоғары температурадан, төгілген сусыннан, нөсер жаңбырдан, су ағынынан және толықтай суға батудан қорғауға мүмкіндік береді.
- Бағдарламалық қолдау және сервис. Жүйенің тұрақты жаңартылып отыруы және бағдарламалық жасақтаманы алты жыл бойы жаңа құрылғы деңгейінде жұмыс істеуін қамтамасыз ету смартфонның ескіруіне жол бермей, қосымшаларға қолдау көрсетудің тоқтау қаупін азайтады. Алты жылдан кейін де интерфейстің жылдам әрі бірқалыпты жұмыс істеуі арнайы бағдарламалық ескіру сынағы арқылы расталған. Бұл сынақта құрылғының жұмыс өнімділігі оның жаңа кездегі көрсеткіштерімен салыстырылады. Бұған қоса, брендтің кепілдік және сервистік қолдауы құрылғыны ұзақ уақыт пайдалануға қосымша сенімділік береді.
Орта баға сегментінде ұзақ қызмет ету смартфонның басты құндылығына айналып келеді. TÜV SÜD институтының кешенді сертификаттауынан өткен REDMI Note 17 сериясы соққыға төзімді корпус, аккумулятордың ұзақ қызмет ету мерзімі және бағдарламалық жасақтаманы ұзақ уақыт қолдау мүмкіндігін біріктіреді. Осылайша смартфон жиі ауыстырылатын гаджеттен бірнеше жыл бойы пайдалануға болатын сенімді құрылғыға айналады.
REDMI Note 17 сериясының Қазақстандағы ресми сатылымы осы айда басталады деп күтілуде.
*************************
* Деректер Xiaomi компаниясының ішкі ақпаратына негізделген.
* Built for Years тұжырымдамасы аясындағы алты жылдық міндеттемелер аккумулятордың ұзақ қызмет етуіне, қауіпсіздік жаңартуларына және құрылғының бірқалыпты жұмысын сақтауға қатысты. Нақты талаптар мен мерзімдер өнім моделіне және нарыққа қарай өзгеруі мүмкін. Белгілі бір нарықтағы нақты ақпаратты Xiaomi компаниясының ресми өнім таныстырылымдарынан қараңыз.
* Бағалар мен өнімнің қолжетімділігі нарыққа және сату арнасына қарай өзгеруі мүмкін. Данные основаны на внутренней информации Xiaomi.
