Қазақстандық мектептерде медиация қызметтері пайда болады
Осы қызметтердің жұмысына бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету үшін Ы.Алтынсарин атындағы КЕАҚ әзірлеген әдістемелік ұсынымдар бекітілді.
фото: пресс-служба
ҚР Оқу-ағарту министрлігі қауіпсіз және қолдаушы білім беру ортасын құруға бағытталған "100 медиативті мектеп" жобасын іске қосуда. Бастама шеңберінде еліміздің барлық мектептерінде қақтығыстарды тиімді шешуге және оқушылар, педагогтер мен ата-аналар үшін жағымсыз салдардың алдын алуға ықпал ететін мектеп медиациясы қызметтері жұмыс атқара бастайды.
Осы қызметтердің жұмысына бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету үшін Ы.Алтынсарин атындағы КЕАҚ әзірлеген әдістемелік ұсынымдар бекітілді. Олар мектептегі медиация қызметтерін құру және олардың табысты жұмыс істеуі үшін қажетті теориялық және практикалық материалдарды қамтиды. Бұл ұсынымдар білім беру ұйымдарында медиативтік практикаларды енгізу үшін негіз болады.
"Негізгі мақсат - қиын өмірлік жағдайларда қолдау көрсету, балаларды дамыту және әлеуметтендіру үшін қолайлы және қауіпсіз орта құру. Бұдан бөлек, мұнда отбасылық-құқықтық дауларды шешуге жәрдем көрсетіледі. Мектеп қызметтері қақтығыстарды реттеудің маңызды құралы болып табылады, ал медиативтік практикаларды пайдалану даулы жағдайлардың санын қысқартуға және оқу орындарындағы психологиялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.
Медиация қызметіне жоғары сынып оқушылары, педагогтер, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер, ата-аналар, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың, қамқоршылық кеңестердің және аға ұрпақтың өкілдері кіреді.
******************************************************
Службы медиации откроют в школах Казахстана
Министерство просвещения запускает проект "100 медиативных школ", направленный на создание безопасной и поддерживающей образовательной среды. В рамках инициативы во всех школах страны начнут функционировать службы школьной медиации, которые будут способствовать эффективному разрешению конфликтов и предотвращению негативных последствий для школьников, педагогов и родителей.
Для обеспечения единого подхода к работе таких служб утверждены методические рекомендации, разработанные НАО им.Ы.Алтынсарина. Они включают теоретические и практические материалы, необходимые для создания и успешного функционирования служб школьной медиации. Эти рекомендации станут основой для внедрения медиативных практик в организациях образования.
"Основная цель — создание благоприятного, гуманного и безопасного пространства для развития и социализации детей, включая поддержку в трудных жизненных ситуациях. Кроме того, в службах будут оказывать содействие в разрешении семейно-правовых споров. Школьные службы примирения являются важным инструментом для урегулирования конфликтов, а использование медиативных практик позволит сократить количество спорных ситуаций и улучшить психологический климат в учебных заведениях", — отметила председатель Комитета по охране прав детей Министерства просвещения РК Насымжан Оспанова.
Состав служб медиации включать старшеклассников, педагогов, педагогов-психологов, социальных педагогов, родителей, а также представителей неправительственных организаций, попечительских советов и старшего поколения.
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.
Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!