Рүстем Құрманғожин кітабына пікір

Автор шығармада Қазақстанның сыртқы саясаттағы көпвекторлы бағыты туралы баяндайды.

Рүстем Құрманғожин кітабына пікір

Ғаламдық әдебиеттің бір бөлігін кітапханалар құрайды. Кітап оқу ол білім мен ғылымға ұмтылысты, дүниеге деген көзқарасты кеңейтуді, адамның өзі мен өзі өмір сүріп жатқан қоғамды тануға көмектеседі. Кітап – адамның жан дүниесінің рухани қазынасы, ал тарихи кітап ол автордың мемлекетке қалдырған өшпес мұрасы болып қалады.

Дәл осылай Рүстем Құрманғожиннің «Тәуелсіз Қазақстан тарихы: Сыртқы саясат» кітабы ол Қазақстанның сыртқы саясатын қалыптастыруға үлес қосқан адамдардың еңбектерінің, мемлекеттің сыртқы саясатын бекіту кезіндегі әрекеттері айтылады. Бұл айтылғандардың барлығы, осы іске қатысқан адамдардың және маңызды мемлекеттік оқиғалардың ел есінде, мемлекеттің тарихында қалатын болады.

Рүстем Құрманғожин кітабына пікір

Күнделікті өмірде кітап оқитын адам мен кітап оқымайтын адамдарды тез аңғаруға болады. Кітап оқитын адамдар сөйлеген сөзі мен жасаған әрекеттерінен-ақ өзінің білімін көрсетеді, ал кітап оқымаған адамдар мемлекеттің ішінде не болып жатқанын, оның қалай құрылып, қалай қадамын нық ұстап тұрғанында білмейді. Осылайша бұл кітаптың барлық адамдарға беретін ақпараты мен білімінің көп екендігін айта аламын. Автор Қазақстанның Тәуелсіздік алған жылдарға дейінгі, тәуелсіздік жылдарынан бастап қазақстандық сыртқы саясат бағыттары мен бағдарламаларын, мемлекеттік қызметкерлердің атқарған жұмыстарын хронологиялық жүйеде жазып кеткен. Кітапта бірнеше суреттер бар, олар да оқырманның, зерттеушінің назарын аударады.

Дегенімен, мен үшін бұл кітапта бірнеше тараулар мен бөлімдер өте қызық болды. Айта кететін болсам, олар Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің тарихы; Қазақстанның ұлттық мүдделері (Қазақстан аймағындағы ядролық қаруды жою; Қазақстанның халықаралық аренадағы шешуші әріптестермен конструктивті өзара әрекеттестігін қалыптастыру және қазақстандық дипломатияның көпвекторлығы екі бөлім қызық болды), келесі ол Қазақстанның сыртқы саяси бастамалар мен бітімгерлік операциялары (барлық бөлімдері өте қызық). Осы аталғандардан басқа, бұл кітапта Қазақстанның шекаралас мемлекеттермен, әлем алпауыттарымен орнатқан саяси достығы туралы айтылған.

Кітапта автор жүйелі түрде Қазақстанның 2019 жылға дейінгі Сыртқы саясаты туралы жазған, дегенімен менің ойымша айтылмай және жазылмай қалған ақпараттар көп сияқты. Мысалы ретінде, мен кітапта ядролық қарусыздандыруға қатысты толық ақпараттар алғым келеді, дегенімен автор ол туралы өте қысқа және сол жолда әрекеттер еткен басқа да маңызы бар тұлғалар туралы айтып кетпеген. Екінші ол бітімгершілік операциялары туралы, бұл бөлек тарау болғанымен автор бұл жерде де Қазақстанның бітімгершілік операцияларға қатысуын өте қысқа жазған. Кітапта тарихи деректер жүйелі түрде жазылған, дегенімен осы тарихи оқиғаларды суреттейтін, көрсететін сурет-деректердің болғаны өте жақсы болушы еді деген ұсыныстар айтар едім.

Қорытындылай келе, автор бұл кітапта Қазақ КСР СІХК-ның тарихынан бастап 2019 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер саясаты мен бағдары туралы айтып кеткен. Автор кітапта әртүрлі тарихи деректер мен Қазақстанның Сыртқы істер саясатының қалыптасуы мен дамуына ықпал еткен Н.Ә.Назарбаевтың әлемдік саясаткерлермен жиындардағы суреттерін де қосып, кітап тақырыбының өзектілігі мен мазмұнын терең ете түскен. Автордың баяндау мәнері ол тарихи деректерді жүйелі хронологиялық түрде жазған. Кітап бойынша оқырмандар көңілдеріне тоқуға болатын ақпараттар өте көп, дегенімен шын мәнісінде Қазақстан өзінің 32-ші Тәуелсіз мемлекет тарихына қадам басу кезінде сыртқы саясатқа қатысты көптеген қиындықтарға тап болғанын, өзінің тәуелсіздігін әлемнің алпауыттары мен көршілеріне көрсету мен мойындату кезінде кедергілерден сүрінбей, қадамын нық басып әрекет етіп, алға қарай дамып келе жатқандығын түсінуге болады.

Егемен елдің ішкі саясатын қалыптастыру мен елдегі бейбітшілікті сақтауда сыртқы саясаттың да маңызды екені анық, бұл тұжырымды қазіргі кезде көрші мемлекеттерде болып жатқан жағдайларға қарап-ақ түсінсек болады. Кітапты оқу арқылы қазақстандық дипломатияның халықаралық аренадағы барлық өткен жолдарын көре аламыз. Тағы бір маңызды мәселе ол, Қазақстан әрдайым бейбітшілікті сүйетін мемлекет. Соған қарай, мен Қазақстан Республикасының ұстанған сыртқы саясаты арқылы планетаның барлық халқы танитындығын, ал әлемдік саясаткерлердің құрметіне бөленген мемлекет екендігін айта аламын.

Тәуелсіздік жылынан бастап, қазіргі кезге дейін қазақстандық сыртқы саясаттағы көпвекторлық бағыт уақыт талаптары мен талай қиындықтарға төтеп бере алды. Дәл осы көпвекторлық бағыт Қазақстандағы 2022 жылдағы қаңтар оқиғалары кезінде қиындықтарға да көмек болды. Осыған қарап, біздің мемлекеттің тағдыры шекаралас мемлекеттер үшін ғана емес, сонымен қоса стратегиялық сипаттағы мүдделері де байланыстыратын басқа мемлекеттер үшін де маңызды екендігін көрсетеді.

Қорытынды ұсыныс ретінде, «Тәуелсіз Қазақстан тарихы: сыртқы саясат» кітабын мемлекеттің тарихына, саясатына, мемлекет ретінде қалыптасуы кезіндегі тарихи оқиғаларға қызығатындарға, ғалымдарға, халықаралық қатынастар, саясаттану, әлеуметтану, құқық саласында білім алатын студенттер мен мектеп оқушыларына да оқуға кеңес беретін едім.


Тақырып бойынша материалдар:

Особенности внутренней иерархии казахстанского парламента

История независимого Казахстана: правительство и исполнительная власть


Наши новости читайте на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!

Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.





Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.

Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!


Мы в Телеграм

Свежие новости