Алматыда Талдықорған қалсындағы зорлық-зомбылық бойынша баспасөз мәжілісі өтті

Қамаудағы азаматтардың жақын туыстары азаптау және жала жабу мәселелерін ортаға салды.

Алматыда Талдықорған қалсындағы зорлық-зомбылық бойынша баспасөз мәжілісі өтті

Алматыда адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан Халықаралық бюросында кезекті баспасөз мәжілісі болып өтті. Бұл мәжіліске Талдықорғандағы тәртіпсіздікке қатысы бар деген күдікпен қамауда отырған азаматтардың туыстары қатысып, мұң-зарын ортаға салды.

Соңғы айдағы ең өзекті мәселе - түрмеде болып жатқан азаптаулар. Әсіресе, Талдықорған қаласындағы азаптаулар жантүршігерлік. Қамауға алынған азаматтардың жақын туыстары азаптау және жала жабу мәселелерін ортаға салу мақсатында арнайы Алматыға келді. 10 ақпан күні өткен баспасөз мәжілісіне қамаудағы азаматтардың жақындары мен қатар, журналистер, саясаткерлер де қатысты. Бірі бауырына, бірі баласына, енді бірі інісіне араша сұрап келген жандар әділдікті талап етті.

«Біз осыдан екі күн бұрын Талдықорған қаласына барып, жәбір көрген азаматтардың туыстарымен кездестік. Қазақтың өрімдей жас балаларына өте ауыр баптарды іліп жатыр. Билік 20 мың террорист Алматы қаласына шабуылдады деп айтып қойғаннан кейін, енді сол санды толтыруға әрекет жасап отыр. Көшедегі жастарды апарып жауып, ұрып-соғып, көздерін көгертіп, арқаларын үтікпен басып, азаптаудың түрлі тәсілін ойлап табуда. Сондағы мақсаты – жасамаған қылмысты мойындату. Талдықорған, Шымкент, Тараз, Алматы қалалары бойынша қамауға алынған қаншама азаматты соққыға жыққан?! Бірақ соны істеген полиция қызметкерінің бірде-біреуі жауапқа тартылып, қамауға алынбады. Әділдік қайда?! Біз ашық түрде айтамыз, мына жазығы жоқ жастардың барлығына бостандық беру керек, мынау қудалауды тоқтату керек» - деп белгілі саясаткер Жанболат Мамай қамаудағы азаматтар бостандыққа шыққанша күресуге бел буды. Темір торға қамалып, жәбір көрген күдіктілердің жақындары халықаралық ұйымдардан да көмек сұрап, шағымдарын жеткізген.


Кез келген материалды қолдану үшін cronos.asia сайтына гиперсілтеме жасаңыз.

Central Asia Cronos Telegram-каналына жазылып, өзекті ақпаратты бірінші болып біліңіз!




Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.

Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!


Мы в Телеграм

Свежие новости