Жаңа музыканың жаңа дәстүрі: Beu Fest 2024 Алматыда қайтадан өтеді

Beu Fest – заманауи әуендер мен шығармашыл жастардың мерекесі.

muzyka kaz Cronos Asia

Айтулы фестиваль ару қала Алматыда биыл үшінші мәрте өткізілмек. Музыканттар мен өнер сүйер қауымның басын қосатын іс-шара 8-ші маусымға жоспарланып отыр.

Beu Fest аз ғана уақыт ішінде жергілікті тұрғындардың ғана емес, ел қонақтарының да назарын аудара алды. Бұл феcтиваль – Қазақстанның мәдени өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Музыканың түрлі жанырын ұсынып, қайталанбас қойылымдарды паш ететін бастама жас таланттарға да ерекше қолдау білдіреді.

Биылғы фестиваль Q-pop пен индиден хип-хопқа дейінгі жанрлардың кең ауқымын ұсынады. Оның басты ерекшелігі – Қазақстан эстрадасының Дос-Мұқасан, URKER және Ghetto Dogs сияқты аты аңызға айналған топтарының қатысуы. Сахна тарландары көрермендерге ностальгиялық тректерді орындап, жас орындаушылармен бірегей бірлескен қойылымдар ұсынатын болады.

Beu Fest 2024 қатысушылары арасында Dequine, Shiza, Amre, Qanay, Kazybek Kuraiysh, ARShAT, Tynda Music, il 'han Ihsan, kilemger, ALPHA, Мирас Жүгінісов, Dosekesh, Ұланғасыр Қами, T' OI, niyazkul және Айбек Серікханов сияқты орындаушылар бар.

Сонымен қатар, Beu Fest 2024 Duisenbi, Ellaya, JANEL және Aka1dar секілді қазақ эстарадасының жаңа жұлдыздарына тың платформа ұсынады. Бұл – жас өнерпаздарға қолдау мен оларды дамытуға деген ұмтылыстың көрінісі.

Beu Fest 2024 – ұзақ уақыт есте қалатын музыкалық мереке!

Өтетін күні: 8 маусым, 2024 жыл
Іс-шараның басталуы: 18:00.
Өтетін орны: "Сұңқар" халықаралық шаңғы трамплиндері кешені.

Билеттерді сатудан түскен қаржының бір бөлігі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде жұмсалады.

Билеттерді iticket.kz, zakazbiletov.kz, ticketon.kz секілді билет операторларының ресми сайттарынан сатып алуға болады. Афиша.

Beu Fest 2024 фестиваліне қосылып, бізбен бірге музыка фестивалінің ұмытылмас атмосферасына еніңіздер!


Мақалаларды оқыңыз

Новая Традиция Новой Музыки: Beu Fest 2024 возвращается в Алматы




Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.

Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!


Мы в Телеграм

Свежие новости