Yandex Qazaqstan және Archcode Almaty ұжымдары Яндекс Карты сервисінде бірегей аялдамалар туралы жобаны іске қосты
Yandex Qazaqstan және Archcode Almaty ұжымдары "Оң жаққа қараңыз" мәдени жобасын іске қосты.
Yandex Qazaqstan және Archcode Almaty ұжымдары "Оң жаққа қараңыз" мәдени жобасын іске қосты. Archcode Almaty сарапшылары Алматының 20 ерекше қоғамдық көлік аялдамасын іріктеп алды. Ал Yandex Qazaqstan оларды Яндекс Карты қолданбасында топтамаға жинап, бірнеше аялдаманың үш өлшемді моделін жасады. Бұдан бөлек Яндекс Музыка сервисінде қазақстандық музыкант M’Dee оқитын аудиогид пайда болды.
Қаладағы жобаның әр аялдамасының жанында қысқаша тарихи анықтамасы және сайтқа апаратын куар-коды бар стела қойылды. "Оң жаққа қараңыз" жобасының сайты қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді. Онда бірегей аялдамалардың үш өлшемді модельдерін түрлі қырынан қарап, оларды жасағанда қандай архитектуралық техникалар және көркем бейнелер қолданылғанын оқуға болады. Мысалы, "Казмеханобр" аялдамасында неліктен бұрғылау мұнарасы бар екенін, "Тауыс" аялдамасынан бояуды кім қырып кетіргісі келгенін және "Жолшы" аялдамасында қандай драмалық сюжет бейнеленгенін біле аласыз.
Жобаның сайтынан Карты сервисіндегі қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі топтамасына өтіп, барлық бірегей аялдамалар туралы толығырақ оқуға болады. Олардың көбі ерекше пішінді және мүсіндермен, мозаикамен, барельефтермен, ағаш ендірмелермен әшекейленген. Мысалы, ыдыс сынықтарынан жасалған мозаика өрнекті "Дәріхана" аялдамасы пірәндіктен жасалған үйге ұқсайды. Динамикалық қиғаш бағанды "Рейз" аялдамасының айбынды пішіні ғарыш кемесінің бейнесін меңзейді.
Сонымен қатар Яндекс Музыкада "Оң жаққа қараңыз" аудиогидін тыңдауға болады. Оны танымал қазақстандық музыкант M’Dee дыбыстады. Әртіс топтамадағы бірегей аялдамалар қалай пайда болғанын, оларды салу кезінде қандай түпнұсқа тәсілдер қолданылғанын айтып береді. Сондай-ақ сүйікті қаласымен байланысты өз естеліктері мен сезімін бөліседі.
Заманауи технологиялар, соның ішінде цифрландыру негізіндегі "Оң жаққа қараңыз" сияқты жобалар нысандардың келбетін сақтап, әлемдік диджитал мұрағаттың бір бөлігіне айналдыруға мүмкіндік бере отырып, тарихи архитектура үшін үлкен маңызға ие болады, — деп Archcode Almaty жобасының креативтік продюсері және бірлесіп негізін қалаушысы Анель Молдахметова атап өтті.
Яндекс Карты қолданбасын Google Play Market немесе App Store дүкенінен жүктеп алуға болады.
Yandex Qazaqstan — машиналық оқыту және нейрожелілер негізінде өнімдер мен сервистер жасайтын технологиялық компания. Яндекс Қазақстан пайдаланушылардың өмірін жақсартуға және цифрлық ортаны дамытуға бағытталған инновациялық технологияларды әзірлеумен және ендірумен айналысады. Елде компанияның 10-нан астам сервисі, соның ішінде іздеу порталы, таксиге, жеткізуге және тамаққа онлайн тапсырыс беру, бұлт сервистері және геосервистер, ойын-сауық сервистері, сондай-ақ білім беру жобалары жұмыс істейді.
Яндекс Карты — жаяу немесе көлікпен, мысалы, автомобильмен немесе автобуспен жетуге болатын маршруттар құруға көмектесетін навигациялық қолданба. Сонымен қатар ол арқылы қажетті орындарды тауып, басқа да күнделікті жұмыстарды орындауға болады. Бүгінде Қазақстанда Яндекс Карты сервисін ай сайын 3,5 миллионнан астам адам пайдаланады. Яндекс Карты қолданбасын да Яндекстің басқа сервистері сияқты қазақ тілінде пайдалануға болады: Поиск, Такси, Еда, Доставка.
Мақалаларды оқыңыз:
Yandex Qazaqstan и Archode Almaty запустили в Яндекс Картах проект об уникальных остановках
Яндекс Казахстан обновил навигацию для пешеходов и велосипедистов в Картах
Яндекс Карты покажут жителям Атырау, где едут автобусы
Яндекс Карты Атырау тұрғындарына автобустардың қай жерде жүріп бара жатқанын көрсетеді
Yandex Qazaqstan запустил сервис Яндекс 360
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.
Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!