Xiaomi Redmi Pad 2 Cериясын ұсынады: ойын-сауыққа толық ену — енді бұрынғыдан да жарқын
Xiaomi Redmi Pad 2 бастапқы деңгейдегі жаңа планшеттерді және оның 4G қолдайтын нұсқасын ұсынды.

Xiaomi Redmi Pad 2 бастапқы деңгейдегі жаңа планшеттерді және оның 4G қолдайтын нұсқасын ұсынды. HD дисплейінің, жоғары автономдылығының, өнімді аппараттық салындысының және Xiaomi HyperOS 2 жаңа операциялық жүйесінің арқасында Redmi Pad 2 Cериясы күнделікті цифрлық ойын-сауықта қызықты тәжірибе береді, сондай-ақ озық технологияны кең аудиторияға қолжетімді етеді.
Барынша мол түс пен дыбыс — күн сайын
Redmi Pad 2 Cериясы 2.5K ажыратымдылығы бар кең 11 дюймдік дисплеймен жабдықталған, ол анық сурет пен қанық түстерді береді. Стриминг, веб-сёрфинг және күрделікті гейминг үшін мінсіз. Пиксельдер тығыздығы 274 рpi, ал AdaptiveSync технологиясымен жаңару жиілігі 2 90 Гц тіпті динамикалық жағдайларда да бірқалыпты және сапалы суретке кепілдік береді. Дисплей DC dimming қолдайды, сонымен бірге Low Blue Light (Көк сәулелену деңгейін аппараттық төмендету), Flicker Free (жыпылықтамайтын экран) және Circadian Friendly (дененің биологиялық ритмдері үшін қауіпсіз экран) бойынша TÜV Rheinland сертификатына ие, бұл оны ұзақ уақыт қолданған кезде де көзге жайлылық сыйлайды. Dolby Atmos® және Hi-Res Audio қолдайтын төрт динамиктен тұратын акустикалық жүйе музыка тыңдағанда, фильм көргенде немесе ойын ойнағанда қанық және кең көлемді дыбыспен визуалды тәжірибеңізді одан әрі әсерлі етеді.
Xiaomi HyperOS 2-мен біркелкі өзара әрекеттесуі
Xiaomi HyperOS 2 негізінде жұмыс істей отырып, Readme Pad 2 Сериясы Xiaomi смартфондары мен планшеттері арасында үздіксіз интеграцияны қамтамасыз етеді. Қоңырауларды синхрондау, желіге бір түрту арқылы кіру және ортақ алмасу буфері сияқты Xiaomi Interconnectivity функцияларының арқасында құрылғылар арасындағы жұмыс түсініктіәрі жеңіл. Қоңырауларды синхрондау кіріс қоңырауларын тікелей планшетте қабылдауға мүмкіндік береді, енді құрылғылар арасында ауысудың қажеті жоқ. Егер жақын жерде Wi-Fi болмаса, Network sync функциясы телефонның кіру нүктесіне бір рет түрту арқылы жылдам қол жеткізуге болады. Ал Shared clipboard телефон мен планшет арасында мәтін мен суреттерді көшіруді және қоюды жеңілдетеді — бір экранда немесе бір жүйеде жұмыс істегендей боласыз. Бұл функциялар бірге күнделікті тапсырмаларды жеңілдетеді және кросс-девайстық жұмысын одан да ыңғайлы етеді.
Сенімді өнімділік пен тасымалдауға ыңғайлы жұқа корпус
MediaTek Helio G100-Ultra процессорымен жабдықталған Redmi Pad 2 Сериясы күнделікті ойын-сауықта жоғары өнімділік пен қызықты тәжірибемен қамтамасыз етеді. Сыйымдылығы 9000 мАсағ аккумулятор (типтік мәні) ұзақ қарау сессияларын және зарядтаудың ең аз үзілістерімен ұзақ пайдалануды қолдайды. Жолда байланыста болу маңызды болатын адамдарға Redmi Pad 2 4G екі SIM карта мен dual 4G қолдауымен толықтырылған сол мультимедиялық функционалды ұсынады. Жолда хикаяларды көру немесе ашық ауада музыка тыңдау секілді жағдайларда Redmi Pad 2 4G Wi-Fi қосылмай-ақ кез келген жерде контентке қолжеткізеді.Redmi Pad 2 төрт тұтас металл корпуста жасалған, сәнді әрі ұстауға жағымды.
Бұрынғыдан да көп жан-жақтылыққа арналған аксессуарлар
Redmi Pad 2 Сериясы планшеттің ойын-сауық пен шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейтетін негізгі аксессуарларды қолдайды. Redmi Smart Pen 60 Гц жаңарту жиілігімен миллисекунд деңгейінде ең аз кідіріспен жұмыс істейді⁸, жазу, cурет салу және жазбалар жасау кезінде дәл жауап беруді қамтамасыз етеді. Стилусты іске қосу үшін барлығы 10 грамм салмақпен басу қажет, бұл қағазға жазуға жақын табиғи сезімдерді қамтамасыз етеді. Redmi Pad 2 Cover қабы 360 градустық қорғанысты ұсынады, сондай-ақ смарт автобелсендіру және ұйқы функциясын қолдайды, ал реттелетін арнайы тұғыр контентті қолдың көмегінсіз жайлы көруге мүмкіндік береді.
Бағасы және қолжетімділігі
Redmi Pad 2 графит сұр, жалбызды жасыл және лаванда күлгін түстерінде қолжетімді және оның екі конфигурациясы ұсынылады: 4 Гб + 128 Гб және 8 Гб + 256 Гб.
Ұсынылатын бөлшек сауда бағасы:
Redmi Pad 2 — 4 Гб+128 Гб — 84 990 теңге
Redmi Pad 2 — 8 Гб+256 Гб — 99 990 теңге
Redme Pad 2 4G графит сұр, жалбыз жасыл түстерінде, сонымен бірге екі конфигурацияда ұсынылған: 4 Гб + 128 Гб және 8 Гб + 256 Гб.
Ұсынылатын бөлшек сауда бағасы:
Redmi Pad 2 4G — 4 Гб+128 Гб — 94 990 теңге
Redmi Pad 2 4G — 8 Гб+256 Гб — 109 990 теңге
5 маусым мен 5 шілде аралығында жаңа өнімдер арнайы бағамен қолжетімді болады:
Redmi Pad 2 — 4 Гб+128 Гб — 74 990 теңге (84 990 теңгенің орнына)
Redmi Pad 2 — 8 Гб+256 Гб — 89 990 теңге (99 990 теңгенің орнына)
Redmi Pad 2 4G — 4 Гб+128 Гб — 84 990 теңге (94 990 теңгенің орнына)
Redmi Pad 2 4G — 8 Гб+256 Гб — 99 990 теңге (109 990 теңгенің орнына)
Құрылғыларды Xiaomi Official Store және Kaspi қолданбасында Xiaomi Authorized Store Kazakhstan дүкендерінен сатып алуға болады.
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.
Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!