Xiaomi жаңа камералар жүйесі, инновациялық технологиялар және флагмандық дизайны бар Xiaomi 15T Cериясын ұсынады

Xiaomi 15T және 15T Pro сериясы: Leica камералары, HyperOS 3, қуатты дисплей, желісіз байланыс және премиум дизайн Қазақстанда.

Xiaomi 15T

Фото: Xiaomi 15T // Ботагоз Жасалиева

Xiaomi өзінің жаңа флагмандық желісі — Xiaomi 15T және Xiaomi 15T Pro кіретін Xiaomi 15T Cериясын ұсынды. Флагмандық фотосурет пен заманауи трендсеттерге арнап жасалған озық технологиялардан бастап озық мобильді технологияларға дейін, тамаша түсірілім сапасы мен талғамға сай дизайнға дейінгі өзгерістер Xiaomi T Cериясының батыл эволюциясын көрсетті.

Жаңа деңгейдегі суреттерге арналған керемет оптика

Мінсіз сурет сапасы үшін жасалған Xiaomi 15T Cериясы Leica-мен бірге әзірленген озық үш камерамен жабдықталған: Xiaomi 15T-те негізгі, аса кең бұрышты және телефото камерасы, сондай-ақ Xiaomi 15T Pro-да Leica 5х негізгі, аса кең бұрышты және кәсіби телефото камерасы. Камералар жүйесінің екеуі де әртүрлі жағдайларда керемет нәтиже көрсетеді. Әртүрлі композиция үшін Xiaomi 15T Pro және Xiaomi 15T бірнеше фокустық қашықтықты таңдау мүмкіндігін ұсынады. Xiaomi 15T Pro 15-тен 230 мм-ге дейінгі диапазонды қамтиды, ал Xiaomi 15T 15-тен 92 мм-ге дейінгі диапазонмен қоса, үш негізгі камерамен кең панорамаларды да, ұсақ бөлшектерді де жоғары дәлдікпен түсіреді.

50 Мп ажыратымдылығы бар Xiaomi 15T Серия негізгі камерасыƒ/1.7 және PRO моделінде ƒ/1.62 диафрагмасымен фотосуреттегі әр бөлшекті анық түсіретінLeica Summilux оптика объективімен жабдықталған. Онымен қоса, камеражарығы нашар жерлерде деқанық түстерді жоғары контрастпен жеткізуге мүмкіндік береді. 13,5 EV динамика диапазоны бар жоғары технологиялы Light Fusion 900 кескін датчигінің арқасында Xiaomi 15T Pro-да мүмкіндіктер кеңейтілді. Ол түстердің дұрыс әрі анық жеткізуін айтарлықтай жақсартты.

Xiaomi T Сериясында алғаш рет Leica 5х кәсіби телефото камерасы ұсынылды: Xiaomi 15T Pro 5 есе оптика зумын, 10 есе оптика деңгейіндегі зумды және 20 есе Ultra Zoomның көмегімен енді кең пейзаждардан бастап егжей-тегжейлі кадрларға дейін түсіруге болады. Смартфонның екі үлгісі де селфи мен бейне қоңырауларға арналған 32 мегапиксельді фронтальды камерамен жабдықталған.

Камералардың жетілдірілген аппараттық жасақтамасымен қатар серияда Xiaomi AISP 2.0 — мобильді фотосуретке арналған жаңа буын есептеу платформасы жұмыс істейді. PortraitLM 2.0 және ColorLM 2.0 сияқты технологиялардың арқасында Xiaomi AISP 2.0 динамикалық диапазонды және түс дәлдігін арттыру арқылы суреттерді жақсартады. Нәтижесінде екі үлгідегі фотосуреттер өте табиғи болып көрінеді және, қосымша өңдеуді қажет етпейді.

Бұл технология әсіресе алдыңғы буынның портрет мүмкіндіктерін дамытатын және Wide және Bubbles сияқты фон жарықтандыруына жаңа боке әсерлерін қосатын, сонымен қатар пайдаланушыларға диафрагма әсері мен фокус қашықтығын жеке реттеуге мүмкіндік беретін Master Portrait режимінде пайдалы. Тосын сәттерді түсіру үшін Leica көшедегі фотосурет режимі қарастырылыған, ол камераға бұғаттау экранынана жылдам қол жеткізуге мүмкіндік береді. Пайдаланушыларға 28 мм, 35 мм, 50 мм және 75 мм фокус қашықтықтары қолжетімді, ал Xiaomi 15T Pro үлгісіне ірі пландағы түсірілімге арналған 135 мм қосылды.

Ал бейне түсірілімге келетін болсақ, Xiaomi 15T Сериясы контент жасаушылар үшін кәсіби деңгейдегі мүмкіндіктерді ұсынады. Екі үлгідеде HDR10+ көмегімен 4K 30к/с-та барлық фокус қашықтығында жазуды қолдап, пайдаланатын объективке тәуелсіз бірдей жарықпен контрасттықамтамасыз етеді. Xiaomi 15T Pro негізгі камерасында 4K 120 к/с қолдауды ұсына отырып, әдеттегі шектен шығады, бұл кадрларды дәл бақылаумен кинематография бейне жазбалар түсіруге болады. Өңдеу барысында , LUT қолдану мүмкіндігі бар 4K 60к/с 10-10-bit Log жазбасы қарастырылған.

Фотосуреттен бастап бейнеге дейін ұсынатын Xiaomi 15T Сериясының камералар жүйесі пайдаланушылар үшін таптырмас шешім. Оны басқару оңай әрітосын сәттерден бастап жоспарланған түсірілімдерге дейін нәтижесі таңғаларлық.

Жаңа операциялық жүйемен қосылу мүмкіндіктері

Түсірілім мүмкіндіктерінен басқа, Xiaomi 15T Сериясы пайдаланушылардың әртүрлі жағдайда қалай байланыста болатынын қайта қарастыра отырып, ұялы байланыс саласында бір қадам алға жылжуда. Бұл инновацияның негізі Xiaomi 15T Сериясындағы Xiaomi Offline Communication функциясының әлемдік премьерасы болып табылатын озық технологиялар жиынтығы — Xiaomi Astral Communication болып табылады. Ол Xiaomi 15T Pro үшін 1,9 км-ге дейін және Xiaomi 15T үшін 1,3 км-ге дейінгі қашықтықта тіпті желісіз немесе Wi-Fi-сыз тікелей дауыс арқылы байланысуға мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндік джунгли, шөл немесе шалғайдағы туристік маршруттар сияқты ашық кеңістіктерде өте қолайлы, біз үйреніп қалған желілер қолжетімді емес жерлерде қосымша сенімділік береді. Әртүрлі жағдайларда тұрақты және адаптивті қосылу мақсатында Xiaomi Astral Communication-ге GPS, Wi-Fi, Bluetooth және ұялы желілерді пайдаланатын Xiaomi Surge T1S Tuner модулі кіреді. Ол байланыс сапасын жақсарту үшін өнімділігі жоғары антеннамен және сигналды барынша көтеру үшін AI Smart Antenna Switching қосылу функциясымен жабдықталған Super Antenna Array жүйесімен бірге жұмыс істейді. Осының арқасында пайдаланушылар ағынды, навигациянемесе мобильді ойындар кезінде де сенімді және тұрақты қосылымға сенімді бола алады.

Байланыс технологиясынан басқа, Xiaomi 15T Сериясында ең жаңа бағдарламажасақтамасы — Xiaomi HyperOS болмақ. Алғаш рет Xiaomi 15T Сериясында жаһандық деңгейде енгізілген бұл жүйе жақсартылған көп міндеттілігінің, қолданбаларды жылдам жүктеп алудың және жаңартылған интерфейс элементтерінің арқасында пайдаланушы тәжірибесінің жаңа деңгейін көрсетеді. Бұдан басқа жүйе деңгейінде орнатылған Xiaomi HyperAI ақылды және кеңейтілген құрылғыаралық бірігу мүмкіндіктері өнімділікті арттырады, бұл пайдаланушыларға контентпен оңай бөлісуге және оны құрылғылар арасында синхрондауға мүмкіндік береді.

Үлкен, жарық және бұрынғыдан да тартымды дисплей

Қуатты жабдықтар мен қосылу мүмкіндіктеріне қосымша Xiaomi 15T Сериясы Xiaomi смартфондарының ішіндегі ең үлкен дисплейге ие болды — 6,83 дюймдік диагоналі бар жарық және анық экран. Ол контент, оқу және ойын-сауықты жаңа деңгейге көтеру үшін жасалған. Кеңістік өте жарық болса да, 3200 нитке дейінгі жарықтың ең жоғары деңгейінің арқасында экрандағы бейнелер енді анық әрі сапалы көрінеді. 1.5К ажыратымдылығы фотосуреттерді, видеолардыжәне графиканы егжей-тегжейлі бөлшекке дейін жандандыра отырып, әр көріністі ерекше қанықтықпен және түстерді дәл жеткізеді.

Xiaomi 15T Pro LIPO технологиясының көмегімен жүзеге асырған барлық төрт жағынан қалыңдығы небәрі 1,5 мм болатын өте тар жақтаулардың арқасында визуалды қабылдауды келесі деңгейге көтереді. Алдыңғы буынға қарағанда жақтаулар 27%-ға жіңішке, сонымен қатар, құрылғының өлшемін ұлғайтпай, үлкен дисплей сезімін тудырады. Бұдан басқа Xiaomi 15T Pro дисплейі 144 Гц дейін өтетегіс жаңарту жиілігін қолдап, барынша тегіс айналдыру мен жылдам, жауап беретін интерфейс жұмысын қамтамасыз етеді. Ыңғайлы және ұзақ пайдалану үшін смартфон толық жарықты DC Dimming жүйесімен және көзге қамқор болатын озық технологиялармен жабдықталған.

Өз кезегінде, Xiaomi 15T әр түртуге лезде жауап беретін 120 Гц дейінгі жаңару жиілігін қолдайды. Көздің қосымша қамқорлығы үшін дисплей жиілігі 3840 Гц PWM dimming-пенжабдықталған, бұл экранның жыпылықтауын азайтады және түнде кітап оқығанда немесе қараңғыда ұзақ уақыт пайдалануға ыңғайлы етеді.

Төзімділікпен біріктірілген қуат

Қуатты дисплей смартфон жабдығының күшті болуын талап етеді, сондай-ақ Xiaomi 15T Сериясы заманауи пайдаланушылардың қажеттіліктеріне жауап беретін тиімді салқындатумен бірге жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді. Xiaomi 15T және Xiaomi 15T Pro смартфондарының екеуі де сыйымдылығы 5500 мА•сағ аккумулятормен жабдықталған, бұл жұқа корпуста ұзақ жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Xiaomi 15T Pro әртүрлі қуаттауды қолдайды: 90 Вт сымды HyperCharge және 50 Вт сымсыз HyperCharge, ал Xiaomi 15T 67 Вт HyperCharge ұсынады, бұл зарядты ұзақ күтпей жылдам толтыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге аккумулятор ұзақ қызмет етуге жасалған — ол 1600 зарядтау циклынан кейін де 80%-ға дейін сыйымдылықты сақтайды. Аккумулятор толығымен таусылғанда, смартфон зарядтау құрылғысына қосылғаннан кейін төрт секундтан аз уақыт ішінде қосылады.

Xiaomi 15T Pro 3 нм техүдеріс бойынша жасалған MediaTek Dimensity 9400 + чипсетінде жұмыс істейді, ал Xiaomi 15T MediaTek Dimensity 8400-Ultra процессорымен жабдықталған. Екі чипсет те алдыңғы буынмен салыстырғанда CPU және GPU өнімділігін арттырып, бұл әртүрлі жағдайларда жұмыс істеуге кепілдік береді.

Жоғары өнімділікпен қатар, ұзақ уақыт пайдалану кезінде де жайлылықты қамтамасыз ететін тиімді салқындату жүйесі маңызды рөл атқарады. Xiaomi 15T Сериясында осы мәселені Xiaomi 3D IceLoop жүйесі шешеді. Ішкі құрамдас бөліктерден құрылғының беткі қабатына жылуды баяу шығаратын дәстүрлі пассивті салқындату жүйелерінен айырмашылығы, Xiaomi 3D IceLoop бу мен сұйықтықты тиімді бөледі және процессор үшін арнайы жасалған 3D шығыңқысымен жабдықталған. Бұл шешім жылуды негізгі көздерден, оның ішінде SoC-тан бағыттауға және оны смартфонның беткі қабатына біркелкі таратуға мүмкіндік береді. Осының арқасында пайдаланушылар ресурстарды қажет ететін тапсырмалар кезінде де тұрақты жоғары өнімділікке ие болады және ыңғайлы пайдаланады.

Флагмандық дизайн және сенімділік

Бұл озық өнімділіктің барлығы Xiaomi-дің әсем, жоғары сапалы дизайнға, сенімділікке және ыңғайлы пайдалануға деген ұмтылысын көрсетеді. Тұтас шыны талшықтан жасалған аккумулятордың артқы панелі мен қақпағы тұтас корпусты құрайды, ал жалпақ жақтау заманауи дизайн принциптеріне сәйкес келеді. Оңай дөңгелектенген жиектер құрылғыға нәзік көрініс беріп, қолда ұстауға ыңғайлы етеді.

Xiaomi 15T Сериясы тек премиум сыртқы түрі мен пайдалану кезінде алатын сезіммен ғана емес, сонымен қатар қосымша тыныштық сыйлайтын жоғары сенімділікпен де ерекшеленеді. Бұл Corning® Gorilla® Glass 7i әйнегімен қорғалған дисплейден басталады, ол алдыңғы буынмен салыстырғанда сызаттарға төзімділігі екі есе және стиль мен беріктікті біріктіретін берік шыны талшықты артқы панельмен толықтырылған. Екі модель де жақсартылған қорғанысқа ие болды, және қазір IP68 су мен шаңға төзімділік стандартына сәйкес 3 метр тереңдікке дейін тұщы суға батыруға шыдайды.

Xiaomi 15T Pro моделінің айрықша ерекшелігі 6М13 берік алюминий қорытпасынан жасалған корпус болып табылады, ол құлаған кезде жоғары қорғаныс береді.Қолжетімді түс нұсқаларына қара, сұр және сәнді Мокко алтын кіреді. Сонымен қатар Xiaomi 15T қара және сұр, сондай-ақ өз стилін, ұстамдылықтыбағалайтын адамдар үшін жасалған Қызғылт алтын түстерінде болады.

Бағасы және қолжетімділігі

Xiaomi 15T және Xiaomi 15T Pro Қазақстанда ендіқолжетімді. Верификацияға байланысты мәселелердің алдын алу үшін құрылғыларды рұқсат етілген дүкендерден сатып алған дұрыс. Мысалы, mi.com сайтындағы Xiaomi смартфондары, kaspi.kz платформасындағы Xiaomi Official Store дүкенінде, Xiaomi Authorized Store және Xiaomi Store Aport Mall East фирмалық дүкенінде және ресми серіктестерде қолжетімді.

Xiaomi 15T Pro

Үш түсте қолжетімді: Қара, Сұр және Мокко алтын.

  • 12+512 — 389.990 теңге
  • 12+1024 — 429.990 теңге

Xiaomi 15T

Xiaomi 15T үш түс нұсқасында қолжетімді: Қара, Сұр және Қызғылт алтын.

  • 12+256 — 249.990 теңге
  • 12+512 — 289.990 теңге

Нақты бағасыаймаққа байланысты өзгеше болуы мүмкін.

Верификация

Xiaomi компаниясы 2025 жылдың 24 наурызында күшіне енген ұялы байланыстың абонент құрылғыларын тіркеу ережелеріндегі өзгерістерді еске салады. Соған сәйкес ел аумағына "кіретін" барлық смартфондар верификация өтуі қажет. Верификация нәтижелері бойынша мобильді құрылғылар "ақ" (шектеусіз тіркелген сәтті верификацияланғанқұрылғылар), "сұр" (иелері 30 күн ішінде оларды әкелудің заңдылығын растауы керек уақытша рұқсат етілген құрылғылар) немесе "қара" (заңсыз әкелінген, жалған немесе ұрланған құрылғылар) тізімдерге кіреді.




Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.

Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!


Мы в Telegram

Свежие новости