Топ-5 Қазақстанның туристik қалалары

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстандағы орналастыру орындарының қызметін пайдаланған туристер саны 3,4 млнға жетті.

Топ-5 Қазақстанның туристik қалалары

фото: Cronos.Asia

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстандағы орналастыру орындарының қызметін пайдаланған туристер саны 3,4 млнға жетті. Назарларыңызға ең көп туристерді қабылдаған еліміздің топ-5 қаласын ұсынамыз.

5-орын: Алматы облысы

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматы облысына 215 826 саяхатшы келген. Бұл аймақ табиғи көрікті жерлерімен, оның ішінде Шарын шатқалы, Қапшағай су қоймасы және ән салатын құмы бар "Алтынемел" мемлекеттік ұлттық паркімен танымал. Сондай-ақ Алматы облысы экотуризм әуесқойлары үшін де үздік бағыт саналады.

4-орын: Ақмола облысы

Бурабай курорттық аймағы орналасқан Ақмола облысына биылғы жарты жылда 227 935 турист табан тіреген. Бұл бағыт туристерге көркем көлдерімен, биік тауларымен және қалың орманымен танымал. Бурабай – таза ауасы мен таңғажайып табиғи пейзажымен белсенді демалыс және сауықтыру үшін де таптырмас орын.

3-орын: Шымкент

Қонақжайлылығымен танымал Шымкент қаласы туристер саны бойынша әрдайым алдыңғы орындарда тұрады. 2024 жылдың қаңтар-маусым аралығында қалаға 252 919 адам келген. Шымкент шаһары саяхатшылардың демалысы үшін түрлі мүмкіндіктер ұсынады. Киелі және тарихи орындардан бөлек, емдеу-сауықтыру кешендері, сондай-ақ қалада үнемі өткізілетін мәдени және спорттық іс-шаралар туристердің назарынан тыс қалмайды.

2-орын: Астана

Астана қаласын еліміздің тек әкімшілік орталығы ғана емес, сонымен қатар елдің туристік орталығы деп те атауға болады. Елорда 2024 жылдың алғашқы алты айында 677 218 туристі қабылдаған. Еліміздің бас шаһары өзінің заманауи сәулет нысандарымен, мәдени іс-шараларымен және қарқынды дамуымен туристердің назарын аударып келеді.

1-орын: Алматы

Тау-шаңғы курорттары, таңғажайып табиғаты, жұмсақ климаты және қонақжайлылығы сияқты бірнеше артықшылыққа ие Алматы қаласы Қазақстанның ең танымал туристік бағыты саналады. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында оңтүстік астанаға 1 070 358 турист келді.

**********************************

Tоп-5 туристских городов Казахстана

В первом полугодии 2024 года общее количество туристов, воспользовавшихся услугами объектов размещения в Казахстане, составило 3,4 млн человек. Представляем вашему вниманию топ-5:

5 место: Алматинская область

В первом полугодии 2024 года Алматинскую область посетили 215 826 человек. Этот регион известен своими природными достопримечательностями, среди которых Чарынский каньон, Капшагайское водохранилище и национальный парк Алтын-Эмель, знаменитый поющим барханом. Алматинская область является идеальным направлением для любителей экотуризма.

4 место: Акмолинская область

Акмолинская область, включающая в себя курортную зону Бурабай, привлекла 227 935 туристов. Это направление пользуется популярностью благодаря живописным озерам, горам и густым лесам. Бурабай является излюбленным местом как для активного отдыха, так и для оздоровления, благодаря своему чистому воздуху и потрясающим природным пейзажам.

3 место: Шымкент

Шымкент, город, славящийся своим гостеприимством, занял одно из ведущих мест по числу туристов. В период с января по июнь город посетили 252 919 человек. Шымкент предлагает разнообразные возможности для отдыха: от посещения сакральных и исторических мест до оздоровительных программ в санаториях, а также культурных и спортивных мероприятий, которые регулярно проходят в городе.

2 место: Астана

Астана, являясь не только административным, но и туристическим центром страны, приняла 677 218 туристов в первые шесть месяцев 2024 года. Столица продолжает привлекать внимание туристов своими современными архитектурными объектами, культурными мероприятиями и динамичным развитием.

1 место: Алматы

Алматы, обладающий такими преимуществами, как горнолыжные курорты, удивительная природа, мягкий климат и теплое гостеприимство, по праву считается самым популярным туристическим направлением Казахстана. В первом полугодии 2024 года город посетили 1 070 358 человек.


Мақалаларды оқыңыз:

Республикалық "Таза энергетика" сурет байқауы басталды

Қазақстан құрамасы Грецияда өтетін FIRST Global робототехникадан олимпиадада ел намысын қорғайды

Қазақстанда жыл сайын жаңа жабдықты отырып 30 мың онкологиялық операция жасалады




Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.

Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!


Мы в Телеграм

Свежие новости