"Таза Қазақстан": Ақтөбеде кайта өңделген тұрмыстық қалдықтардан бұйымдар жасалды
Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу - бұл жай ғана сән үрдісі емес, болашағымызбен тығыз байланысты саналы қажеттілік.

фото: gov.kz
Ақтөбе қаласының №56 жалпы білім беретін орта мектебінде қайта өңделген экологиялық таза материалдардан бұйымдар жасау бойынша шара өтті.
"Тұрмыстық қалдықтарға екінші өмір сыйла" шарасының негізгі мақсаты – оқушылар арасында тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеудің және қайта өңделген материалдардан экологиялық таза бұйымдар жасаудың маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру.
Сонымен қатар, байқау "Таза Қазақстан" жалпыұлттық бағдарламасында белгіленген әлеуметтік міндеттерді шешуге өскелең ұрпақты белсенді тартуға бағытталған.
Байқауға Ақтөбе қаласының 52 мектебінен 8-11 сынып оқушылары қатысты. 90 оқушы ұсынған 24 топтық және 28 жеке жұмыс ұсынылды. Оқушылардың жобаларына мұғалімдер, психологтар және экобелсенділерден құралған қазылар алқасы бағасын берді.
"Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу - бұл жай ғана сән үрдісі емес, болашағымызбен тығыз байланысты саналы қажеттілік. Экологиялық сананы қалыптастыру - бұл бір реттік акция емес, тұрақты жұмыс. Біздің педагог ретінде міндетіміз – балаларды экологиялық ойлауға шабыттандыру, олардың әр қадамы маңызды екенін көрсету. Тек бірлескен күш-жігермен ғана біз Отанымыз – Қазақстанды бағалайтын әрі қорғауға дайын ұрпақ тәрбиелей аламыз", - деп атап өтті №40 орта мектебі биология пәнінің мұғалімі Фарида Сүйін.
Сондай-ақ, байқауға қатысушылардың бірі №1 орта мектептің 8 "В" сынып оқушысы Кристина Созинова өз әсерлерімен бөлісті.
"Біздің команда тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу тақырыбын таңдады, өйткені бұл – табиғат үшін өте маңызды мәселе. Біз қоқыстың қоршаған ортаны қалай ластайтынын жиі көреміз және оны азайту үшін не істей алатынымыз туралы ойладық. Мен бұл байқауға қатысуға қатты қызығушылық таныттым, өйткені экологияға қамқорлық жасаудың қаншалықты маңызды екенін білдім. Менің ойымша, әрқайсысымыз кішкентай бір нәрседен бастасақ, табиғатқа көмектесе аламыз деп ойлаймын", - дейді ол.
Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы ең үздік және ең креативті жобаларды атап өтті. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.
Іс-шара соңында қатысушылар мен олардың мұғалімдері мұндай жобалар экологиялық жағдайды жақсартуға ғана емес, жауапкершілік пен ынтымақ сезімін нығайтуға ықпал ететінін алға тартты. Бүгінгі шара басқаларды экологиялық бастамаларға белсенді қатысуға шабыттандыратынына және мұндай іс-шаралар жақсы дәстүрге айналатынына сенім білдірді.
*******************************************
"Таза Қазақстан": в Актобе из переработанных бытовых отходов создают новые изделия
В общеобразовательной средней школе №56 города Актобе прошла выставка изделий из переработанных экологически чистых материалов. Мероприятие прошло под девизом "Дай вторую жизнь бытовым отходам" и было направлено на повышение осведомленности учащихся о важности переработки бытовых отходов и создания экологически чистых изделий из вторичных материалов.
Конкурс также направлен на активное вовлечение подрастающего поколения в решение социальных задач, обозначенных в общенациональной программе "Таза Қазақстан".
В конкурсе приняли участие учащиеся 8–11 классов из 52 школ города Актобе. Было представлено 24 групповых и 28 индивидуальных работ, созданных 90 школьниками. Свои проекты школьники представили на суд жюри, в состав которого вошли преподаватели, психологи и экоактивисты.
"Переработка бытовых отходов – это не просто модная тенденция, а осознанная необходимость, с которой связано наше будущее. Формирование экологического самосознания — это не разовая акция, а постоянная работа, которую необходимо проводить через примеры, проекты и личное участие. Наша задача как педагогов – вдохновлять детей на экологическое мышление, показывать, что каждый их шаг имеет значение. Только совместными усилиями мы сможем воспитать поколение, которое будет ценить, и оберегать нашу родину - Казахстан", - отметила преподаватель биологии средней школы №40 Фарида Суйин.
Также поделилась своими впечатлениями одна из активных участниц конкурса ученица 8 "В" класса средней школы №1 Кристина Созинова.
"Наша команда выбрала тему переработки бытовых отходов, потому что это очень важная проблема для природы. Мы часто видим, как мусор загрязняет окружающую среду, и задумались, что можем сделать, чтобы этого стало меньше. Мне было очень интересно участвовать в этом конкурсе, потому что я узнала, как важно заботиться об экологии. Я думаю, что каждый из нас может помочь природе, если начнет с чего-то маленького", - сказала она.
По итогам конкурса жюри отметило лучшие и наиболее креативные проекты. Победителям были вручены ценные призы.
В завершение мероприятия участники и их преподаватели отметили, что такие проекты не только способствуют улучшению экологической ситуации, но и укрепляют чувство ответственности и солидарности. Они выразили уверенность, что их пример вдохновит других на активное участие в экологических инициативах, а подобные мероприятия станут доброй традицией.
Мақалаларды оқыңыз:
"Таза Қазақстан" акциясы туралы барлық мақалалар
Бейбiт атом және жастар үшін мүмкіндіктер
Қазақстанда "Әншуақ – 2024" балалар әндерінің республикалық челленджі басталды
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.
Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!