Риддер қаласындағы жылу электр орталығында жарылыс болды
Оқиға салдарынан 6 адам жарақат алды
Фото: Cronos.Asia
Қазақстанның шығысында орналасқан Риддер қаласы облыстан шалғай аймаққа өзінің көркем табиғатымен емес, жылуы жоқ электр орталығымен (ЖЭС) танымал деп айтсақ болады. Өткен жылы тұтастай бір қала жылусыз қалып, “жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін шағын” қала тұрғындары қиындықпен өткерген еді. Көңілі күпті риддерліктерді жылу электр орталығы тағы бір шошытты.
21 желтоқсан күні таңғы сағат 4:39 шамасында ЖЭО аумағында жарылыс орын алды. Жарылыс жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақта болды. Апатқа себеп - шаң-ауа қоспасының тұтануы болып отыр. Оқиға салдарынан алты адам жарақат алған. Зардап шеккендерге бірден көмек көрсетілді. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, 2 адам тікұшақпен жедел Өскемен қаласындағы аурухана жеткізілді, қалғандары жергілікті ауруханаға орналастырылған.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев бірден оқиға орнына ұшып келіп, жағдайды бақылауға алды. Әкім жарылыс салдарын жою және тұрғындарға жылу жеткізуде кедергілер болдырмау мақсатында шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.
Қазіргі сәтте Риддер ЖЭО штаттық режимде жұмысын жалғастырып отыр, қала тұрғындарының үйлеріндегі температура қалыпты деңгейде сақталуда. Сонымен қатар, «Шығыс жылу» АҚ мамандары жылу жүйесін тексеру және реттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жарылыс кезінде ешқандай өрт тіркелмегенімен, орын алған оқиға қауіпсіздік шараларының жеткіліксіздігін көрсетті.
Мамандар бұл оқиғаның себептерін анықтау мақсатында тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, болашақта осындай жағдайлардың алдын алу үшін өндірістік қауіпсіздік стандарттарын қайта қарау қажеттілігі туындап отыр. Энергетика саласындағы нысандардың техникалық жағдайы мен қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша кешенді жұмыс жүргізу жоспарлануда.
Риддер ЖЭО-дағы бұл жарылыс энергетика саласындағы қауіпсіздік шараларының жеткіліксіздігін және жүйелі мәселелерді айқын көрсетті. Оқиғаның зардаптарын жою және болашақта мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу үшін шұғыл шаралар қажет. Қаланың тұрғындарына жағдай тұрақты екендігі туралы ақпарат беріліп, жылу жеткізу үздіксіз жалғасуда. Жарылыстың нақты себептері мен келтірілген залалдар туралы толық ақпарат тергеу аяқталғаннан кейін беріледі.
****
В городе Риддер на теплоэлектростанции произошел взрыв, в результате которого пострадали шесть человек
Риддер, расположенный на востоке Казахстана, известен не только своей живописной природой, но и проблемами с теплоэлектростанцией (ТЭЦ). В прошлом году весь город оказался без отопления, и жители с трудом пережили суровую зиму. Однако новая трагедия вновь потрясла риддерцев.
21 декабря около 4:39 утра на территории ТЭЦ произошел взрыв. Инцидент случился в зоне проведения плановых ремонтных работ. Причиной стала вспышка пылевоздушной смеси. Шесть человек получили ранения. Пострадавшим незамедлительно оказали медицинскую помощь. Двое из них были срочно доставлены вертолетом в больницу города Усть-Каменогорск, остальные помещены в местную больницу.
Аким Восточно-Казахстанской области Ермек Кошербаев прибыл на место происшествия и взял ситуацию под личный контроль. Он поручил принять срочные меры по устранению последствий взрыва и обеспечить бесперебойную подачу тепла жителям города.
На данный момент Риддерская ТЭЦ работает в штатном режиме, температура в домах жителей поддерживается на нормальном уровне. Специалисты АО “Восток Тепло” проводят проверки и регулировку системы отопления. Несмотря на то, что возгораний после взрыва не произошло, инцидент выявил недостатки в соблюдении мер безопасности.
Проводится расследование причин происшествия. Также рассматривается необходимость пересмотра стандартов промышленной безопасности, чтобы предотвратить подобные случаи в будущем. Планируется усиление технического контроля и безопасности объектов энергетической отрасли.
Взрыв на Риддерской ТЭЦ наглядно показал существующие системные проблемы в сфере энергетики и недостаток мер безопасности. Для устранения последствий и предотвращения подобных инцидентов в будущем требуются срочные действия. Жителям города предоставляется информация о стабильной ситуации, и подача тепла продолжается без перебоев. Полные данные о причинах взрыва и нанесенном ущербе будут озвучены по завершении расследования.
Мақалаларды оқыңыз:
Крупный пожар в Риддере ликвидирован
Свыше 172 млн тенге похищено при реализации трех проектов в Риддере и Аягозе
Новогодние сюрпризы: Метель обрушилась на Риддер
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.
Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!