Маңғыстау "Таза Қазақстан" акциясына белсенді қатысуын жалғастыруда

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында облыс тұрғындары туған жерді абаттандыруға тұрақты түрде белсене атсалысуда.

Маңғыстау "Таза Қазақстан" акциясына белсенді қатысуын жалғастыруда

Бүгін Маңғыстау облысының түкпір-түкпірінде тұрғындар кезекті сенбілікке шықты. Экологиялық шараға жүздеген қатысушылар, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, қоғамдық ұйымдар, еріктілер, студенттер, белсенділер және мүдделі азаматтар қатысты.

Басты мақсат – экологиялық мәселелерге назар аударып, қоршаған ортаға қамқорлық көрсету. Акция Мұнайлы ауданынына қарасты "Ыбықты Сай" шатқалы, "Өмір глампинг" демалыс аймағының маңы, Кіші Оймаша көлінің маңы, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының айналасы және Баянды, Басқұдық ауылындағы Союз полигонының аумағында өткізілді.

Акцияға Мұнайлы ауданынан 18 мекеме белсене атсалысты. 400-ден астам адам мен 18 арнайы техника жұмылдырылған акция нәтижесінде 36 тонна қоқыс шығарылды.

Осылайша, "Ыбықты Сай" шатқалынан 8 тонна, Баянды ауылынан 3 тонна, "Союз" полигонынан 16 тонна, теңіз жағалауынан 1 тонна, "Кіші Оймаша" көлінен 8 тонна қоқыс шығарылды.

"Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясының маңыздылығын Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында атап өтті. Ел Президенті қоршаған ортаның жай-күйі ортақ жауапкершілік екеніне ерекше назар аударды. Бұл акция 5 жерде бір уақытта өткізіліп, алдағы уақытта да жалғасын табатын болады", – деді облыстық жастар көшбасшысы Фазылбек Абылай.

Айта өтейік, "Таза Қазақстан" республикалық акциясына мемлекеттік органдар мен жеке ұйымдар, шаруа қожалықтары, жастар, еріктілер және үкіметтік емес ұйымдар, мәслихат депутаттары, пәтер иелерінің коорпоративі, мүлік иелерінің бірлестігі өкілдері қатысты. "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясы аясында барлығы 30 мыңнан астам адам қатысып, 49 қоғамдық бақ пен саябақ абаттандырылды, 1190 тонна қоқыс шығарылып, 9,5 мыңнан астам ағаштар мен бұталар отырғызылды.

*************************************

Мангистау активно продолжает участвовать в акции "Таза Қазақстан"

В рамках инициированной Главой государства республиканской акции "Таза Қазақстан" жители региона на постоянной основе принимают активное участие по благоустройству родного края. Сегодня на очередные субботники вышли жители во всех уголках Мангистауской области. Экологические мероприятия собрали сотни участников, среди которых представители местных властей, общественных организаций, волонтеры, студенты, активисты и просто неравнодушные граждане.

Главная цель - привлечь внимание к вопросам экологии и необходимости бережного отношения к окружающей среде.

В Мунайлинском районе акция проводилась на 5 территориях района: ущелье "Ыбықты сай", территория вокруг зоны отдыха "Өмір глэмпинг", окрестности озера "Малая Оймаша", территория вокруг полигона твердых бытовых отходов в селе Баянды и территория полигона "Союз" в селе Баскудык.

В данной акции активно участвовали 18 учреждений района. В результате акции, в которой было задействовано более 400 человек и 18 единиц спецтехники, вывезено 36 тонн мусора. Так, из урочища "Ыбыкты сай", было вывезено 8 тонн мусора, вблизи ТБО села Баянды – 3 тонны, с полигона "Союз" – 16 тонн, с берега моря – 1 тонна, вблизи озера "Малая Оймаша" – 8 тонн.

"Значимость проведения общенациональной кампании "Таза Қазақстан" Глава государства подчеркнул в ходе выступления на ежегодной сессии Ассамблеи народа Казахстана. Президент страны обратил особое внимание на то, что состояние окружающей среды - это общая ответственность. Данная акция проводилась одновременно в 5 местах и будет продолжена в будущем", – подчеркнул лидер молодежи области Фазылбек Абылай.

Следует отметить, в республиканской акции "Таза Қазақстан" на текущий период были задействованы государственные учреждения и частные организации, крестьянские хозяйства, молодежь, волонтерские и неправительственные организации, депутаты маслихатов, представители КСК, ОСИ. Всего приняло участие более 30 тыс. человек, благоустроено 49 скверов, парков, вывезено 1 190 тонн мусора, посажено более 9,5 тыс. деревьев и кустарников.


Мақалаларды оқыңыз:

Таза Қазақстан" акциясы туралы барлық мақалалар




Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.

Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!


Мы в Телеграм

Свежие новости