Инвесторлар тізілімі және прокурорлық бақылау – кәсіпкерлік кодекске енген өзгерістер

Бұл нарық қатысушылары үшін қазақстандық инвестициялық қызметтің ашық әрі қолжетімді көрінісін жасауға мүмкіндік береді.

Инвесторлар тізілімі және прокурорлық бақылау – кәсіпкерлік кодекске енген өзгерістер

фото: atameken.kz

Елімізде Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаның басқаруымен инвесторлардың электрондық тізілімін құру жоспарлануда. Іске асырылып жатқан жобалар мен олардың кезеңдері туралы толық ақпараты бар орталықтандырылған деректер базасы заң деңгейінде реттеледі. Айта кетейік, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдар өз жүйелерін біріктіруге және деректерді тізілімге енгізуге міндетті болады.

"Атамекен" ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау департаменті сарапшыларының айтуынша, бұл нарық қатысушылары үшін қазақстандық инвестициялық қызметтің ашық әрі қолжетімді көрінісін жасауға мүмкіндік береді.

Аталмыш бастама 30 желтоқсанда Кәсіпкерлік кодекске және басқа да заңнамалық актілерге өзгерістер енгізетін заңға қол қою аясында жүзеге асырылады. Президенттің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты жолдауында көтерілген бастамалардың жалғасы болып табылатын  құжат бизнес пен инвесторлар үшін жағдайды жақсартуға бағытталған.

Сонымен қатар, бизнесті қорғаудың жаңа шаралары енгізілуде. Енді жекеменшік бизнес пен инвесторлардың қызметін шектейтін шараларды қолданар алдында прокурормен келісу қажет. Бұл компанияның немесе оның объектілерінің жұмысын тоқтата тұруға, лицензиядан бас тартуға, оны айыруға немесе жоюға, мемлекеттік келісімшарттарды біржақты бұзуға қатысты болады.

Бұдан өзге, Азаматтық іс жүргізу кодексіне (8-баптың 7-бөлігі) толықтыру енгізілді. Ол бойынша мемлекеттік органдарды тізілімнен инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қозғайтын талаптармен сотқа жүгінер алдында прокурордың келісімін алуға міндеттейді. Осылайша, бизнестің қызметіне әсер етуі мүмкін кез-келген шаралар қосымша тексеруден өтіп, кәсіпкерлікті қорғау мен тұрақтылық қамтамасыз етіледі.

"2025 жылғы 11 қаңтардан бастап күшіне енген түзетулер – кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау жолындағы тағы бір маңызды қадам болып отыр. Жаңа ереже инвесторлар мен кәсіпкерлердің сенімін арттыруға, сондай-ақ елдегі экономикалық ортаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған", - деп атап өтті ҰКП сарапшылары.

**********************************************************************

В Казахстане хотят создать электронный реестр инвесторов

Централизованная база данных с полной информацией о реализуемых проектах и их стадиях будет регулироваться на уровне закона. К слову, госорганы и квазигосударственные организации будут обязаны интегрировать свои системы и вносить данные в реестр. По словам экспертов Департамента правовой защиты предпринимателей НПП РК "Атамекен", это позволит создать прозрачную и доступную для участников рынка картину казахстанской инвестиционной деятельности.

Инициатива будет осуществлена в рамках подписания 30 декабря закона, вносящий изменений в Предпринимательский кодекс и другие законодательные акты. Этот документ, который представляет собой продолжение инициатив, изложенных в Послании Президента "Экономический курс Справедливого Казахстана" от 1 сентября 2023 года, направлен на улучшение условий для бизнеса и инвесторов.

Кроме того, вводятся новые меры защиты бизнеса. Теперь перед применением мер, ограничивающих деятельность частного бизнеса и инвесторов необходимо согласование с прокурором. Это касается приостановки работы компании или её объектов, отказа в лицензии, её лишения или аннулирования, одностороннего расторжения государственных контрактов.

Также внесено дополнение в Гражданский процессуальный кодекс (ч. 7, ст. 8) которая обязывает госорганы получать согласование прокурора перед обращением в суд с исками, затрагивающими права и интересы инвесторов из реестра. Таким образом, любые меры, которые могут повлиять на деятельность бизнеса, будут проходить дополнительную проверку, что обеспечит большую защиту и стабильность для предпринимателей.

"Поправки, вступившие в действие с 11 января 2025 года – еще один шаг на пути к созданию справедливых и прозрачных условий для предпринимательства в Казахстане. Нововведения направлены на повышение доверия инвесторов и предпринимателей, а также на обеспечение стабильности экономической среды в стране", - отмечают эксперты НПП.




Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.

Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!


Мы в Телеграм

Свежие новости