Бозымбаев өңірлер мен қызметтердің 2025 ж қысқы кезеңге дайындығын тексерді

Вице-премьер тапсырмасы бойынша өңірлердің 2025 жылғы су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындығына тексеру жүргізілді.

Бозымбаев өңірлер мен қызметтердің 2025 ж қысқы кезеңге дайындығын тексерді

фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді. Оған министрлік өкілдері, облыс және қала әкімдері қатысты.

Күн тәртібінде үш мәселе: келесі жылғы су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындық, жеке сектордағы жылу беру маусымы, коммуналдық және жол қызметтерінің қысқы кезеңге дайындығы қаралды.

Вице-премьер Қанат Бозымбаевтың тапсырмасы бойынша өңірлердің 2025 жылғы су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындығына тексеру жүргізілді.

Бүгінгі таңда өңірлерде 122,6 шақырым дренаж жүйесі салынып, жөнделді, 1545 су өткізу құрылысы орнатылып, ауыстырылды, 1270 шақырым канал мен 21 069 шақырым арық тазартылды, 101 гидротехникалық құрылысқа ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Сонымен қатар тексеру нәтижелері бірқатар облыста өзен арнасы жағалауын нығайту және түбін тереңдету бойынша жұмыстар әлі аяқталмағанын көрсетті. Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының 84 елді мекенінде күрделі құрылыс, қорғаныс бөгеттерін қалпына келтіру және нығайту жұмыстары жүргізілуде.

"Өңір әкімді күздің соңына дейін елді мекендердің айналасына топырақ үю, су бұру арналарын тазарту және өзендерді қалыпқа келтіру жұмыстарын аяқтау керек. Су ресурстары және ирригация министрлігі гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялау және жаңғырту жұмыстарын жеделдетуі қажет", — деп тапсырды премьер-министрдің орынбасары.

Тұрғын үй секторында жылу беру маусымын өткізуге дайындық барысы туралы есептер тыңдалды.

Тұрғын үйлер мен өзге де нысандардың ішінде орнатылған автономды жылыту жүйелері үлкен алаңдаушылық тудырып отыр. Осылайша, еліміз бойынша ереже бұзып, автономды жылытқышты 641 ғимарат әлі де пайдалануда.

"Төтенше жағдайлар министрлігіне мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығын өткізуді тапсырамын. Газ инспекциясын іске қосыңыздар. Пеш жағатын үйлерді, бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтарын есепке алу қажет. Ондай үйлердің барлығында иісті анықтайтын газ датчиктері орнатылуы тиіс", — деді Қанат Бозымбаев.

Қыс мезгілінде жолдардағы қызмет көрсету сапасы туралы Көлік министрлігі есеп берді.

Отырыста Ақтөбе облысындағы "Самара-Шымкент" тасжолы учаскесіне және Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жолдарға ерекше назар аударылды.

Ішкі істер министрлігіне боран кезінде тиісті қызметтердің хабарламаларын елемейтін жүргізушілерге жауапкершілікті күшейту мәселесін пысықтау тапсырылды.

"Алдағы "Қыс-2024" оқу-жаттығуы шеңберінде жолдарда мұз қатып, көліктердің қозғалуына қиындық туындаған жағдайда уәкілетті органдардың іс-қимыл алгоритмін пысықтау керек. Төтенше жағдайлар министрлігіне оқу-жаттығуға тиісті дайындық жұмыстарын қамтамасыз етуді, мәселелерді шешу бойынша қабылданып жатқан шараларды тексеруді тапсырамын. Біз қыс мезгілінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуіміз қажет", — деп атап өтті вице-премьер.

************************************************************************

Готовность к зимнему периоду проверил Канат Бозумбаев

Заместитель премьер-министра Канат Бозумбаев провел заседание Межведомственной государственной комиссии по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций. В нем приняли участие руководители ведомств, акимы областей и городов.

Рассмотрены три вопроса: готовность к паводкам в следующем году, отопительный сезон в частном секторе и подготовка служб к чрезвычайным ситуациям зимнего периода.

По поручению вице-премьера Каната Бозумбаева проведена проверка регионов на готовность к паводкоопасному периоду 2025 года.

На сегодняшний день в регионах было построено и отремонтировано 122,6 км дренажных систем, установлены и заменены 1545 водопропускных сооружений, очищено 1270 км каналов и 21 069 км арыков, проведен текущий ремонт 101 гидротехнического сооружения.

Между тем, результаты проверок показали, что в ряде областей еще не завершены работы по берегоукреплению и дноуглублению русел рек. В 84 населенных пунктах Акмолинской, Актюбинской, Западно-Казахстанской, Павлодарской, Северо-Казахстанской и Костанайской областей ведутся работы по капитальному строительству, восстановлению и укреплению защитных дамб.

"Акиматам регионов до конца осени надо завершить работу по обвалованию населенных пунктов, очистке водоотводных каналов и санации рек. Министерству водных ресурсов необходимо ускорить работу по реконструкции и модернизации гидротехнических сооружений", – поручил заместитель премьер-министра.

Были заслушаны отчеты о прохождении отопительного сезона в частном секторе.

Наибольшую обеспокоенность вызывают системы автономного отопления, установленные внутри жилых домов и на других объектах. Так, по стране все еще эксплуатируются 641 здание с нарушениями размещения автономного отопления.

"Поручаю Министерству по ЧС совместно с государственными органами и акиматами провести месячник пожарной безопасности в жилом секторе. Задействуйте газотехническую инспекцию. Нужно взять на учет дома с печным отоплением, в первую очередь социально-уязвимых слоев населения. Во всех таких домах должны быть установлены датчики угарного газа", – отметил Канат Бозумбаев.

По функционированию дорог в зимнее время отчиталось Министерство транспорта.

Особо отмечены участок трассы «Самара-Шымкент» в Актюбинской области» и дороги в Кордайском районе Жамбылской области.

Министерству внутренних дел поручено проработать вопрос повышения ответственности водителей, игнорирующих сообщения соответствующих служб во время буранов.

 "В рамках предстоящего учения «Қыс-2024" необходимо отработать алгоритм действий уполномоченных органов в случае возникновения снежных заносов на дорогах. МЧС обеспечить должную подготовку к учению, проверить принимаемые меры по решению проблем. Нам необходимо обеспечить безопасное прохождение зимнего периода", – подчеркнул вице-премьер.




Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.

Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!


Мы в Телеграм

Свежие новости