Азамат Есқараев: Қазақ тілі заң шығаруға "икемсіз" деген түсініктен арылу керек

Сондықтан, іс жүзінде, Комиссия мақұлдағаннан кейін де, заңгерлер мен филологтар арасында бір терминді әртүрлі етіп аудару төңірегінде пікірталастар жиі туындайды.

Азамат Есқараев: Қазақ тілі заң шығаруға "икемсіз" деген түсініктен арылу керек

2024 жылдың 27 мамырында ҚР Әділет министрі А.Н. Есқараев ҚР Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссиясының отырысында "Мемлекеттік тілде заң әзірлеу мәселесі туралы" тақырыбы бойынша баяндама жасады.

Әділет министрі өз баяндамасында норма шығару қызметінде қазақ тілін одан әрі дамыту мақсатында нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орыс тіліне аударуды қамтамасыз ете отырып, оларды қазақ тілінде әзірлеу міндетін кезең-кезеңімен заңнамалық бекіту мүмкіндігін пысықтау міндеті көзделгенін атап өтті.

Сонымен қатар министр тіл мәселесіне байланысты екі бағытқа тоқталып өтті. Бірінші бағыт – терминология мәселесін шешу. Заңнамалық актілердің мәтініне қойылатын талаптардың бірі – бұл терминдердің бірізділігі. Республикалық терминологиялық комиссия бекіткен терминдер ұсынымдық сипатқа ие.

Сондықтан, іс жүзінде, Комиссия мақұлдағаннан кейін де, заңгерлер мен филологтар арасында бір терминді әртүрлі етіп аудару төңірегінде пікірталастар жиі туындайды. Сондықтан да қазақша терминологиялық сөздіктерге ресми мәртебе беру және оларды нормашығару процесінде қолданудың міндеттілігін енгізу қажеттігіне тоқталды.

Ал екінші бағыт – тиісті ұйымдастырушылық шараларды қабылдау. Бүгінгі таңда заң жобаларын мемлекеттік тілде әзірлеу бойынша мамандардан заңгерлерден және ғалымдардан құралған пул тізімі қалыптастырылғаны және болашақта сол мамандарды заң жобаларын әзірлеу процесіне тарту қажеттігін айтты.

Сөз соңында Әділет министрі қазақ тілінде заң жазуға, нормативтік құжаттарды түзеуге «икемсіз» деген түсініктен арылып, мемлекеттік тілдің мол мүмкіндігін кеңінен пайдалану қажеттігін айтты. Алдағы уақытта бірлесіп атқарар жұмыстарда айқын нәтижелерге қол жеткізетініне сенімін білдірді.


Мақалаларды оқыңыз:

Алматы облысында "Таза Қазақстан" акциясы өз жалғасын табуда

Шымкентте бір топ адам заңсыз майнингпен айналысқан

Қазақстан мен Қытай өзара сауданы кеңейту бойынша ауқымды жобаны жүзеге асыруда




Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.

Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!


Мы в Телеграм

Свежие новости