Қазақстанда IT-мамандарға арналған Digital Nomad Visa іске қосылды
Digital Nomad Visa бағдарламасы қазірдің өзінде қолжетімді және Қазақстанда жұмыс істеуге және өмір сүруге бірегей мүмкіндіктер береді.
Цифрлық даму министрлігі халықаралық мамандарды тарту және Қазақстанның цифрлық экономикасын дамытуға бағытталған Digital Nomad Visa (DNV) бағдарламасының іске қосылғаны туралы жариялайды.
Бұл виза әлемнің түкпір-түкпіріндегі мамандарға Қазақстанда заманауи цифрлық қызметтер мен жоғары деңгейлі жайлылықты пайдалана отырып, өмір сүру және жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Digital Nomad Visa IT-мамандарға арналған, Қазақстанды қашықтан жұмыс істеуге ыңғайлы хаб ретінде ұсынады. Бағдарлама жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділік, озық цифрлық қызметтер және бизнесті жүргізудің жеңілдігі маңызды кәсіби мамандарды тартуға бағытталған.
Digital Nomad Visa артықшылықтары:
- икемді визалық режим: Визаны беру және ұзарту рәсімдерінің жеңілдетілуі.
- 5G және спутниктік байланысқа қолжетімділік: Ел аумағында тұрақты байланыс қамтамасыз етілген.
- жергілікті мәдениетпен интеграция: Бейімделуге, тұрғын үй іздеуге және кәсіби байланыстар орнатуға көмек көрсету.
- мемлекеттік қолдау: Бизнесті жеңілдету және инновациялық жобаларға қатысу мүмкіндігі.
"Digital Nomad Visa – Қазақстанды цифрлық көшпенділер үшін халықаралық орталыққа айналдыруға бағытталған маңызды қадам. Бағдарлама жұмыс істеуге ыңғайлы жағдайлар мен жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз етеді, бұл инновациялық экожүйелерді дамытуға және әлемнің түкпір-түкпіріндегі мамандармен тәжірибе алмасуға ықпал етеді",- деп Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев атап өтті.
Digital Nomad Visa бағдарламасы қазірдің өзінде қолжетімді және Қазақстанда жұмыс істеуге және өмір сүруге бірегей мүмкіндіктер береді.
*********************************************************************************************
В Казахстане запущена Digital Nomad Visa для IT-специалистов
Министерство цифрового развития объявило о запуске программы Digital Nomad Visa (DNV), направленной на привлечение международных специалистов и развитие цифровой экономики Казахстана.
Эта виза дает профессионалам со всего мира возможность жить и работать в Казахстане, пользуясь современными цифровыми услугами и высоким уровнем комфорта.
Digital Nomad Visa нацелена на IT-специалистов, предлагая Казахстан в качестве удобного хаба для удаленной работы. Программа привлекает профессионалов, для которых важны доступ к высокоскоростному интернету, передовые цифровые сервисы и простота ведения бизнеса.
Преимущества Digital Nomad Visa:
• Гибкий визовый режим: Упрощенные процедуры подачи и продления визы.
• Доступ к 5G и спутниковой связи: Стабильное подключение по всей стране.
• Интеграция с местной культурой: Поддержка в адаптации, поиске жилья и профессиональных связей.
• Государственная поддержка: Упрощение ведения бизнеса и участие в инновационных проектах.
Министр цифрового развития Жаслан Мадиев отметил:
"Digital Nomad Visa — это важный шаг к превращению Казахстана в международный центр для цифровых кочевников. Программа обеспечивает комфортные условия для работы и высокий уровень жизни, что способствует развитию инновационных экосистем и обмену опытом с профессионалами со всего мира".
Программа Digital Nomad Visa уже доступна и предоставляет уникальные возможности для работы и жизни в Казахстане.
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.
Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!