Қазақстан мен Франция Іле-Балқаш бассейнін зерттейді

Сондай-ақ жерасты суларын зерттеу, мониторингі, барлау және игеру бағытында да ынтымақтастық жолға қойылады.

Қазақстан мен Франция Іле-Балқаш бассейнін зерттейді

фото: пресс-служба

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогемен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық бағыттарын талқылады.

Атап айтқанда, министрлік Францияның даму агенттігімен (AFD) және Францияның геологиялық және тау-кен зерттеулер бюросымен (BRGM) ынтымақтастық туралы меморандумға және үшжақты келісімге қол қоюға дайындалып жатыр. Ведомство аталған ұйымдармен бірлесіп Іле-Балқаш бассейніне кешенді зерттеу жүргізеді.

Сондай-ақ жерасты суларын зерттеу, мониторингі, барлау және игеру бағытында да ынтымақтастық жолға қойылады.

Бұдан бөлек, Су ресурстары және ирригация министрлігі Халықаралық су бюросымен (OiEau) ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастыруда.

Сильван Гиоге өз кезегінде француз компаниялары Қазақстанда су шаруашылығы құрылыстарын салу және реконструкциялау бойынша жобаларға қатысуға ниетті екендерін айтты. Сондай-ақ, су шығынын анықтайтын және суды басқаруды оңтайландыратын компаниялар да серіктестік орнатуға қызығушылық танытуда.

"Меморандум мен келісімге қол қою біздің ынтымақтастығымыз үшін маңызды қадам болмақ. Біз француз әріптестерімізбен ұзақ мерзімді және нәтижелі жұмыс істеуге ниеттіміз", - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

***************************************************************************

Казахстан и Франция совместно исследуют Иле-Балхашский бассейн

Министр водных ресурсов и ирригации Нуржан Нуржигитов встретился с Чрезвычайным и Полномочным Послом Франции в Казахстане Сильваном Гиоге, с которым обсудил различные направления двустороннего сотрудничества.

В частности, министерство готовится подписать меморандум и трехстороннее соглашение о сотрудничестве с Французским агентством развития (AFD) и Бюро геологических и горных исследований Франции (BRGM).

Совместно с этими организациями будет проведено комплексное исследование Иле-Балхашского бассейна. Также будет налажено сотрудничество в вопросе изучения, мониторинга, разведки и забора подземных вод.

Кроме того, Министерство водных ресурсов и ирригации прорабатывает варианты сотрудничества с Международным бюро по воде (OiEau).

Сильван Гиоге, в свою очередь, сообщил, что французские компании хотят участвовать в проектах по строительству и реконструкции водохозяйственных сооружений в Казахстане. Также интерес проявляют компании, занимающиеся обнаружением утечек и оптимизацией управления водными ресурсами.

"Подписание меморандума и соглашения станет важным шагом для нашего сотрудничества. Мы нацелены на долгосрочную и плодотворную работу с нашими французскими коллегами", – отметил министр водных ресурсов и ирригации Нуржан Нуржигитов.




Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.

Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!


Мы в Телеграм

Свежие новости