Алматы облысының тұрғыны бiр үйiр жылқы ұрлады деген күдiкке iлiндi
Күдікті ұрланған малдарды сатып үлгерген.
Жамбыл ауданының полицейлері Ақсеңгір ауылының тұрғынынан жайылымнан 14 бас жылқы ұрлады деген күдіктіні ұстады.
– Оқиға 7 қарашада 39 жастағы жергілікті тұрғын 14 бас жылқының жоғалып кеткенін мәлімдеген кезде белгілі болды. Келтірілген шығын 12 миллион теңгені құрады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел-іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды, – деп атап өтті Жамбыл аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Данияр.
Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері "ізін суытпай" күдіктінің жеке басын анықтды, ол жәбірленушінің ауылдасы болып шықты.
– Күдікті ұрланған малдарды сатып үлгерген. Қазіргі уақытта жәбірленушіге жылқылардың бір бөлігі қайтарылды, ал ұрланған малды сатып алушыға қатысты тексеру жүргізілуде, – деп толықтырды А.Данияр.
Күдіктіге қатысты сот "қамауда ұстау" шарасын белгіледі. Полиция ер адамның басқа осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Тергеу жалғасуда.
*****************************************************************
В краже косяка лошадей подозревается житель Алматинской области
Полицейские Жамбылского района задержали подозреваемого в краже 14-ти лошадей с пастбища у жителя с.Аксенгир.
– Инцидент произошел 7 ноября, когда 39-летний местный житель заявил о пропаже 14 голов лошадей. Причиненный ущерб составил 12 миллионов тенге. По данному факту возбудили уголовное дело и начали оперативно-розыскные мероприятия, – отметил начальник Жамбылской районной полиции Асхат Данияр.
По результатам проведенных мероприятий, по горячим следам стражи порядка установили личность подозреваемого, который оказался односельчанином потерпевшего.
– Подозреваемый успел продать краденых животных. В настоящее время пострадавшему вернули часть лошадей, а в отношении покупателя краденого также проводится проверка, – добавил А. Данияр.
В отношении подозреваемого судом определена мера пресечения "содержание под стражей". Проверяется причастность мужчины к другим аналогичным преступлениям. Расследование продолжается.
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.
Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!