Ақтөбе облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы жалғасуда

3 шілде күні Ақтөбе қаласында полиция департаменті «Экопатруль» профилактикалық іс-шарасын ұйымдастырды.

Taza kazahsttan Aktobe Cronos Asia

Фото: optimism.kz

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері абаттандыру ережесін бұзушыларға ескерту жасап, тәртіп пен тазалықты сақтауға шақырды. Сондай-ақ жауапкершілік пен әкімшілік жазалар туралы 200-ден астам парақша таратты.

"Экопатруль" іс-шарасы елімізде сәуір айында басталған «Таза Қазақстан" акциясына полицияның зор үлес қосып отырғандығын көрсетті. Өткен үш айдың ішінде көпшіліктің жұмыла жасаған жұмыстарының нәтижесінде айналамыз тазарып қалды. Әркім өзі жүрген жерді таза ұстап, қаланы жайлы әрі әдемі етуге тырысуда.

Бүгін Ақтөбе су қоймасының жағасында "Jasyl сгоѕѕ 2024" плоггинг-марафон өтті. Плоггинг— жүгіруді қоқыс жинаумен біріктіретін экологиялық қозғалыс. Бұл сөз екі ұғымнан тұрады: швед тілінен аударғанда "plocka upp» және «jogging".

Жастар ырғақты музыканың әсерімен су қоймасы жағалауындағы шашылған қоқысты тез жинап тастады. Жігіттер қоқыс салуға арналған қапшықтарын тезірек толтыруға тырысты, өйткені марафонда кім жылдам, көп көбірек жинайды, сол жеңіске жетеді деген ұғым бар.

Көптің жұмылып жұмыс істеуінің нәтижесінде 18 тонна қоқыс жиналды. Қағаздар, пластикалық, шыны бөтелкелер, пакеттер — қоқыстар жастар жинап алғанша желмен бірге ұшып, шашылып, жағалаудың сәнін кетіріп тұр еді. Әп-сәтте айнала жайнап шыға келді — жағалау тазарып, сәні кіріп қалды.

Бұл — "Таза Қазақстан" акциясының аясында ұйымдастырылған бірінші және соңғы іс-шара емес.
Ақтөбеліктер Мемлекет басшысының елімізде тазалық жұмыстарын — сенбілік өткізуге қатысты ұсынысын зор ықыласпен қабылдады.

Сандар мен деректер

6 сәуірден бастап облыс бойынша көгалдандыру, санитарлық тазалық және елді мекендерді абаттандыру бойынша екі айлық акция ұйымдастырылды.

"Таза Қазақстан" акциясына 213 954 тұрғын қатысып, 5 993 мекеме мен кәсіпорын жұмылдырылды. 18 982 аула тазартылды, оның 2 326-сы — көпқабатты үйдікі, 16 656-сы — жеке үйге тиесілі. Еріктілер еңбек ардагерлерінің, қарттардың үйлерінің аулаларын ретке келтірді.

276 саябақ пен гүлзардың қоқысы жиналды. Қала мен елді мекендерде 285 910 ағаш пен 6 350 көшет егілді. Көгалдандыруға, әсіресе, "Жасыл ел" еңбек жасағының жастары белсене араласты.

Үш ай ішінде барлығы 205 су айдынының жағалауы (өзендер, көлдер, бұлақтар) қоқыстан тазартылды. 41 жасанды су қоймасы мен субұрқақтардың айналасы, 84 526 метр арық тазартылды. Бұлақтардың айналасы тазартылып, қоршаулар мен орындықтар сырланып, ағаштар әктелді.

256 тарихи-мәдени ескерткіштің айналасы тазартылды.

Алаңдарды тазалауға 2866 бірлік техника жұмылдырылды. Қоқыс полигондарына 30 905 тонна қалдық шығарылды.

*******************************

Актюбинцы активно участвуют в благоустройстве родного края в рамках общенациональной акции «Таза Қазақстан», инициированной Главой государства.

3 июля департамент полиции организовал в Актобе профилактическое мероприятие "Экопатруль".
Сотрудники полиции предупреждали нарушителей правил благоустройства, призывали к соблюдению порядка и чистоты вокруг. Распространили более 200 памяток (флаеров) об ответственности и мерах административного взыскания.

"Экопатруль" показал, что полиция вносит значительный вклад в акцию "Таза Қазақстан", которая стартовала в стране в апреле. За эти три месяца в результате работы всего общества окрестности стали намного чище. Каждый на своем месте старается сделать город комфортнее и краше.

В этот же день на берегу Актюбинского водохранилища прошел плоггинг-марафон "Jasyl сгоѕѕ 2024". Плоггинг — это экологическое движение, при котором бег трусцой сочетается со сбором мусора. Слово состоит из двух понятий: шведского «plocka upp» и «jogging».
Весело, бегая по берегу водоема, под ритмичную музыку девушки и парни на скорость собирали разбросанный повсюду мусор. Ребята старались как можно быстрее наполнить свои мешки, ведь марафон подразумевал конкурс — кто быстрее, кто больше.

И вот общими усилиями собрано 18 тонн отходов. Бумаги, пластиковые и стеклянные бутылки, пакеты, — все это разносилось ветром, пока молодежь не взялась за дело. За считанные часы картина преобразилась: яркими красками заиграли растения, прибрежный песок.

Это далеко не первое и не последнее мероприятие по акции "Таза Қазақстан". Актюбинцы с воодушевлением восприняли призыв Президента страны, и засучив рукава наводят чистоту в общем доме.

Цифры и факты

С 6 апреля по области проведен двухмесячник по озеленению, санитарной очистке и благоустройству населенных пунктов. В акции "Таза Қазақстан" приняли участие 213 954 жителей, задействовано 5 993 учреждения и предприятия.

Очищено 18 982 двора, из них 2 326 многоквартирных жилых домов, 16 656 частных домов. Волонтеры навели порядок и во дворах ветеранов труда, пожилых людей, помогли им в благоустройстве.

Убран мусор в 276 парках и скверах. В городах и селах высажено 285 910 деревьев и 6 350 кустарников. Активное участие в озеленении принимает молодежь трудовых отрядов "Жасыл ел".

В целом, за три месяца очистили от мусора береговые линии 205 водоемов (рек, озер, родников). Прибрались вокруг 41 искусственного водоема, фонтана, прочистили 84 526 метров ливневок. Вокруг родников были перекрашены заборы, скамейки, побелены деревья.
Очищена территория вокруг 256 историко-культурных памятников.

Для уборки территорий привлечено 2 866 единиц техники. Вывезено на полигоны ТБО 30 905 тонн отходов.


Мақалаларды оқыңыз:

Таза Қазақстан" акциясы туралы барлық мақалалар




Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.

Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!


Мы в Телеграм

Свежие новости