Биліктің бұл әрекетін Азамат Батырбаевқа көрсетілген қысым деп білемін – Бауыржан Азанов

Күдікті Азамат Батырбаевпен билік өкілдерінің жолығудағы мақсаты қандай?

Биліктің бұл әрекетін Азамат Батырбаевқа көрсетілген қысым деп білемін – Бауыржан Азанов

Елбасының ескерткішін құлатуға тікелей қатысы бар деген күдікпен қамауға алынған Талдықорған қаласының тұрғыны Азамат Батырбаев соққыға жығылып, ауыр халде ауруханаға түскен еді. 5 қаңтар күні Қазақстан парламенті мәжілісінің бір топ депутаты күдіктімен тілдесіп қайтқан. Азаматтың қорғаушысы Бауыржан Азановтың айтуы бойынша, депутаттар бұл іс-әрекетімен адвокаттың да, күдіктінің де құқықтарын аяқасты етіп отыр.

Бүгін, Азамат Батырбаевтың ісіне қатысты онлайн түрде пресс-конференция өтіп, күдіктінің қорғаушысы сөз сөйледі.

«Биліктің бұл әрекетін Азамат Батырбаевқа көрсетілген қысым деп білемін. ҚР қылмыстық кодексіне сәйкес, оны тек жақын туыстары мен қорғаушысы ғана көре алады. Мен оның заңды қорғаушысы ретінде, кіруге рұқсатты сағаттап жүріп әрең аламын, ал оған түк қатысы жоқ мәжіліс депутаттарын оп-оңай кіргізе салады. Бұдан бөлек, естуім бойынша, тағы бір журналисті кіргізген. Бұны қалай түсінуге болады?! Ешбір заңда мұндайға рұқсат жоқ. Қамаудағы күдіктіге тікелей қатысы жоқ адамдар кіргізілмейді. Қалай сонда, өзгелер кіріп-шығып жүре береді, ал мен қорғаушысы ретінде кіре алмаймын?! Тіпті, жұбайы мен жақын туыстары жүзін көре алмай отыр. Тек қарындасы ғана кіруге рұқсат алған» - деп мәлімдеді Бауыржан Азанов.

Конференция барысында, күдіктінің жары Бақыт Батырбаева да тікелей эфирге шықты.

«5 қаңтар мәжіліс депутаттарымен кездескен болатынбыз. Олар бізге көмек береміз деді. Алайда, олардан ешқандай көмек көрмедік. Жолдасыма ауруханада жатқан жерінен «сен кінәлісің» деп қысым көрсетіп, «мойында, осылай айт» деп мәжбүрлеуде. Маған кіруге рұқсат бермеді. Бірақ түсініксіз өзге адамдарды кіргізіп жатыр. Негізі қазіргі жағдайы нашар, сондай сәтте келіп, қысым көрсетуге болмайды. Адвокаттан рұқсат алмай кіруге хақылары жоқ». Осылайша, 5 баланың анасы халыққа мұңын айтып, күйеуіне араша сұрады.


Кез келген материалды қолдану үшін cronos.asia сайтына гиперсілтеме жасаңыз.

Central Asia Cronos Telegram-каналына жазылып, өзекті ақпаратты бірінші болып біліңіз!




Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.

Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!


Мы в Телеграм

Свежие новости