Алматыда қыстың алдында Баум тоғайы тазартылды
Алматылықтар үлгі көрсетіп, тұрғындарды тазалық сақтауға шақырды
Алматыда қыс қарсаңында қаланың аумақтары мен қоғамдық кеңістіктерінде ауқымды тазарту жұмыстары аяқталып келеді. 25-30 қараша аралығында "Таза Қазақстан" тұжырымдамасы мен "Алматы – біздің ортақ үйіміз" қалалық бастамасы аясында қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен көше-жол желісі, қоғамдық орындар, өзен арналары, қоқыс жәшіктері мен арық жүйесін тазарту жұмыстары жүргізілді.
Бүгінде белсенді алматылықтар мегаполистің көрнекті орындарының бірі – Баум тоғайында жиналды. Экологиялық акцияға 80-нен астам адам қатысты. Олар саябақ аймағын қоқыстан тазартып қана қоймай, қоршаған ортаға қамқорлық танытудың үлгісін көрсетті. Акция барысында 300 қап қоқыс жиналды.
"Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы табиғатқа тұтынушылық көзқарасқа қарсы азаматтарды біріктіреді. Бұл бастама қоршаған ортаны сақтау мәселесіне назар аударуға, туған жерге ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған», – деді "Медеу" табиғи паркі директорының міндетін атқарушы Ұзақ Жамбылұлы.
Бұл іс-шара экологиялық мәселелерді шешу үшін қоғамның біріге алатынын көрсетті. Акцияға қатысушылар арасында белгілі мәдениет қайраткерлері де болды. Олар қала тұрғындарын қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға және табиғатқа қамқорлық жасауға шақырды.
"Таза Қазақстан" тұжырымдамасы – еліміздің экологиялық мәдениетін қалыптастыру мен қауіпсіз болашағына жасалған маңызды қадам. Әр тұрғын бұл іске үлес қосуы керек. Бұл өзіміз, табиғатымыз және келешек ұрпақ үшін қажет. Біз өз үлгімізбен табиғатты сақтау мен тазалықты қорғау мәселесіне назар аудартқымыз келеді. Табиғатқа ұқыпты қараңыздар", – деді "Алатау" дәстүрлі өнер театрының актрисасы Алма Аманжолова.
Алматылықтар мен қала қонақтары қаланың көшелері мен саябақтарының айтарлықтай таза болғанын атап өтуде. Әрине, тазартуды қажет ететін жеке учаскелер бар, бірақ жалпы алғанда қалалық қызметтің жұмысы көрініп-ақ тұр.
"Мен осы маңда тұрамын, сүйікті орнымыздың әрдайым тазартылатынын көремін. Әр жастағы тұрғындардың бей-жай қарамай, пайдалы акцияларға қатысатыны қуантады. Қалаға қамқорлық жасалып жатыр, көшелер мен аулалар таза, жинақы болып қалған. Әрине, бәрі бірден мінсіз болмайды, өйткені бұл ірі қала. Өкінішке қарай, тұрғындардың өздері жиі қоқыс тастайды. Ең бастысы, қала әкімі Алматыны таза және жинақы ету мақсатын қойды, бұл істе бәріміздің қатысуымыз қажет", - деп жергілікті тұрғын Алмагүл ойын айтты.
Еске салайық, Тазалық апталығы аясында қаланың коммуналдық қызметі суық пен қар жаууына дайындықты аяқтады. Қысқы уақытта қалаға қызмет көрсету үшін 841 бірлік техника мен 1400 жұмысшы жұмылдырылды. "Алматы тазалық" МКК автопаркі жұмысты тиімді жүргізу үшін 32 заманауи машинамен толықты. Жалпы аумағы 25,1 млн шаршы метр, ұзындығы 2 777 км болатын 2 318 көше тазартылды. Көше-жол желісін жинауға 10 мердігер ұйым жауапты.
Арық желісінің ұзындығы 1 525 км болатын бөлігі тазартуға ерекше назар аударылды. Күніне шамамен 160 текше метр пластик пен жапырақтар сияқты қоқыс шығарылады.
ТОО "Eco Almaty" Алматы қаласы аумағында ұзындығы 19,2 км болатын су арналарының тазарту жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде, Үлкен Алматы өзенінің әл-Фараби даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейінгі бөлігі, Есентай өзенінің әл-Фараби даңғылынан Шевченко көшесіне дейінгі бөлігі және Д. Қонаев атындағы ҮАК арналары тазартылды.
Сонымен қатар, "Таза Қазақстан" тұжырымдамасы аясында жаңа ережелерге сәйкес 2 мыңға жуық кәсіпкер абаттандыру паспорттарына қол қойды. Бұл шаралар алматылықтар мен қала қонақтары үшін қолайлы, қауіпсіз және экологиялық таза орта құру стратегиясының бір бөлігі болып табылады.
**********************************************************
В Алматы в преддверии зимы привели в порядок рощу Баума
В Алматы в преддверии зимы завершается массовая уборка общегородских территорий и общественных пространств. В рамках общереспубликанской концепции "Таза Қазақстан" и городской кампании "Алматы – наш общий дом" по поручению акима города Ерболата Досаева с 25 по 30 ноября проведена масштабная уборка улично-дорожной сети, общедоступных мест, русел рек, уличных урн и арычной сети.
Сегодня активные жители Алматы собрались в одном из знаковых мест мегаполиса – роще Баума. В экологической акции приняли участие более 80 человек. Они не просто очистили парковую зону от мусора, но и показали пример всем горожанам о том, что нужно заботиться об окружающей среде. За время акции было собрано 300 мешков мусора.
"Экологическая акция "Таза Қазақстан", которая была инициирована Главой государства, призвана объединить всех, кто выступает против потребительского отношения к природе, обратить внимание на вопросы сохранности окружающей среды и привить культуру бережного отношения к месту, где живешь, убирать мусор за собой, тем самым повысив уровень экологической культуры и грамотности жителей и гостей мегаполиса", - отметил исполняющий обязанности директора природного парка "Медеу" Узак Жамбылулы.
Мероприятие стало примером того, как общественность может собраться вместе для решения актуальных экологических проблем. Среди участников были известные деятели культуры, призвавшие горожан следить за чистотой в общественных местах и заботиться о природе.
"Концепция "Таза Қазақстан" – это важный шаг к формированию экологической культуры и безопасного будущего нашей страны. Каждый житель должен внести в это свой вклад. Это необходимо для нас, для нашей природы, для будущих поколений. Мы своим примером намерены привлечь внимание к вопросам сохранения природы и чистоты и улучшить состояние окружающей среды. Относитесь бережно к природе", – сказала актриса театра традиционного искусства "Алатау" Алма Аманжолова.
Горожане и гости Алматы обращают внимание, что город стал заметно опрятнее. Есть отдельные участки, которые не сразу приводятся в порядок, но в целом усилия городских служб заметны.
"Я живу недалеко и вижу, что наше любимое место всегда убирают. Приятно, что жители разных возрастов не остаются равнодушными и принимают участие в полезных акциях. Видно, что городом занимаются, улицы и дворы стали опрятными и ухоженными. Не все, конечно, идеально, но это большой живой город, к сожалению, и сами жители часто сорят. Самое главное, что у акима города есть цель сделать Алматы ухоженным и чистым, в этом мы все должны участвовать", - поделилась наблюдениями местная жительница Алмагуль.
Напомним, в рамках Недели чистоты городские коммунальные службы завершили подготовку города к холоду и снегопадам. На зимний период для обслуживания города будет задействована 841 единица техники и 1 400 дорожных рабочих. Для эффективного проведения работ автопарк ГКП «Алматы тазалық» пополнился 32 современными машинами. Санитарная очистка охватывает 2 318 улиц общей площадью 25,1 млн кв. м протяженностью 2 777 км. Уборка улично-дорожной сети осуществляется силами 10 подрядных организаций.
Особое внимание уделено очистке арычной сети города протяженностью 1 525 км. Ежедневно до 80 единиц техники и 320 рабочих вывозят из арычной сети около 160 кубометров смета, ила и мусора. Выбросы состоят в основном из пластика и листьев.
ТОО "Eco Almaty" проведена очистка русел рек Большая Алматинка на участке от пр. аль-Фараби до ул. Сатпаева; Есентай на участке от пр. аль-Фараби до ул. Шевченко, а также БАК имени Д. Кунаева в черте города Алматы протяженностью 19,2 км.
Кроме того, в рамках разработанных в соответствии с концепцией "Таза Қазақстан" новых правил на сегодня порядка 2 тыс. предпринимателей подписали паспорта благоустройства. Данные меры являются частью стратегии по созданию комфортной, безопасной и экологичной среды для алматинцев и гостей города.
Все новости об акции "Таза Қазақстан"
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.
Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!