Азаматтық қоғам: ҮЕҰ арқылы әлеуметтік өзгерістерді басқару
Қазақстандағы азаматтық қоғам үкіметтік емес ұйымдардың қызметі арқылы әлеуметтік өзгерістерді басқарушы ретінде.

Коллаж: Cronos.Asia
Қазақстан азаматтық қоғамы институционалдық жетілу кезеңіне өтті, бірақ ресурстарды бөлу біркелкі емес. ҮЕҰ саны мен белсенділіктің өсуі сырттай серпінді көрінгенімен, ресурстарды бөлудегі теңсіздік пен қатысу мүмкіндіктеріндегі айырмашылық сектордың ұзақмерзімді тұрақтылығына қатысты маңызды сұрақтар туындатады.
Қазақстандағы азаматтық қоғам – үкіметтік емес ұйымдар арқылы нақты әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысатын құрылым. Қоғамның түрлі салаларында қол жеткізілген жобалардың арқасында мемлекетпен әріптестік қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік туды.
ҮЕҰ қызметі инклюзивтілік, экология, білім беру, әлеуметтік қолдау және волонтерлік сияқты салаларда нақты бастамаларды жүзеге асырумен сипатталады.
Азаматтық қоғам – азаматтардың әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге қатысуын қамтамасыз ететін демократиялық дамудың маңызды құрамдас бөлігі. Азаматтық қоғам тек қызмет көрсету құралы емес, ол қоғамдық бақылау мен жаңа нормаларды қалыптастырудың алаңы. Қазақстанда оның қалыптасуы өзін-өзі ұйымдастырудың алғашқы нысандарының: кәсіподақтардың, этномәдени бірлестіктердің, құқық қорғау бастамаларының пайда болуымен қатар жүрді. Уақыт өте келе үкіметтік емес ұйымдар азаматтық қоғам құрылымында ерекше рөл атқара бастады.
ҮЕҰ қызметі арқылы азаматтық қоғамның даму динамикасын қадағалап, оның мемлекетпен өзара әрекеттесу сипатын түсінуге және негізгі құрылымдық шектеулерді анықтауға болады. Сондықтан бұл мақала азаматтық сектордың жетілгендігі мен тұрақтылығының индикаторлары ретінде Қазақстандағы ҮЕҰ-ның қазіргі жағдайын – олардың қаржыландыру, бөлу және әлеуметтік жобаларға қатысуын талдауға бағытталған.
ҮЕҰ Қазақстандағы азаматтық қоғамның дамуының кілті ретінде
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2025 жылғы мәліметі бойынша, елімізде 23 мыңнан астам ҮЕҰ тіркелген, оның 18 мыңға жуығы белсенді болып саналады. Алайда тек 900-ге жуық ҮЕҰ жыл сайын мемлекеттік қаржыландыру алады, бұл нақты жұмыс істейтін ұйымдар санының 5%-ын ғана құрайды.
Салыстыру үшін, Азаматтық қоғам туралы қысқаша мәліметке сәйкес (АДБ, 2023), 2010 жылдардың тоғысында мемлекеттік бюджеттен қолдау көлемі орталық бюджеттен шамамен 13,5 млрд теңгені (≈$30 млн) және жергілікті бюджеттен 119 млрд теңгені (≈$264 млн) құрады. Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі 1,84 млрд теңге бөлді, жергілікті бюджеттен 22,1 млрд теңге трансферттер берілді. Осылайша, жалпы алғанда, жыл сайынғы қомақты инвестицияға қарамастан, мемлекеттік қаржыландыру сектордың оннан бір бөлігін қамтиды.
ҮЕҰ жобаларын жүзеге асырудың аймақтық құрылымы
2023–2024 жылдары ҮЕҰ қызметі Қазақстанның барлық аймақтарын қамтыды. Іске асырылған әлеуметтік жобалар саны бойынша Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ұлытау және Қостанай облыстарындағы ұйымдар көш бастап тұр. Бұл өңірлерде жыл сайын 25-тен 50-ге дейін жоба жүзеге асырылады, бұл өңірлік деңгейдегі өзекті мәселелерді шешуге жергілікті ҮЕҰ-ның қатысуының жоғары деңгейін көрсетеді.
Бұл бастамалардың басым бөлігі 700 мыңнан 3,7 млн теңгеге дейінгі қаржыландырумен төмен бюджеттік жобалар аясында жүзеге асырылуда. Нақты өзгеріс жергілікті деңгейде басталады, бірақ жүйелік кедергілер бұл бастамалардың масштабын арттыруына кедергілерді туындатуы ықтимал.
Қаржыландыру бойынша ең ірі жобалар тұрақты және тәжірибелі ҮЕҰ жұмыс істейтін Алматы мен Астанада шоғырланған. Білікті кадрлардың, жобалар сараптамасының және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасаудың белгіленген тетіктерінің арқасында бұл ұйымдар білім беру, денсаулық сақтау, инклюзия, экология және цифрландыруды қамтитын ауқымды бағдарламаларды жүзеге асыруда.
Ауылдық және жаңа ҮЕҰ-ның жобаны жүзеге асыруға қатысуы
2023–2024 жылдары мемлекеттік қаржыландыру жүйесіне құрылған және жаңадан құрылған үкіметтік емес ұйымдар қатысты. Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми талдауына сәйкес, жобалық іс-шараларға жаңа және ауылдық ҮЕҰ біртіндеп қосылуы байқалады.
Соңғы үш жылда тіркелген жаңа ұйымдардың кейбірі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы байқауларға сәтті қатысып, жастармен жұмыс, отбасын қолдау, мәдени бастамаларды, экологиялық ағарту бағытында алғашқы шағын жобаларын жүзеге асырды. Мұндай бастамалардың мысалдары Павлодар, Жетісу және Маңғыстау облыстарында тіркелген.
Баяндамалар сонымен қатар ауылдық ҮЕҰ-ның өңірлік платформалар арқылы өтінім берудегі белсенділігінің артқанын көрсетеді. Бұл ұйымдар 100 000-нан 1 млн теңгеге дейінгі сомаға аз бюджеттік жарыстарға қатыса бастады. Егер жаңа ұйымдарға институуионалдық сенім берілмесе, азаматтық сектор жаңармайды, ол тек қайталанатын құрылымдарға тәуелді болып қалады.
ҮЕҰ құрылымдары, мәселелерді шешуге қатысуы және институционалдық дамуы
Азаматтық қоғамды дамыту комитетінің мәліметі бойынша, 2023 жылға қарай Қазақстанда 23 335 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Оның 13127-сі қоғамдық бірлестіктер, 5308-і қорлар, 3873-і басқа да бірлестіктер нысандары, 3704-і діни бірлестіктер, 1053-і қайырымдылық ұйымдары. 2023 жылы сектор өткен жылмен салыстырғанда 8,6%-ға өсті, бұл сандық кеңеюдің тұрақты динамикасын растайды.
Жобаларды іске асыруға белсенді қатысу республикалық деңгейде де, өңірлік деңгейде де байқалады. Жыл сайын 2023–2024 жылдары жүзеге асырылатын бастамалар саны бойынша Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ұлытау және Қостанай облыстарының ҮЕҰ-дары ерекше көзге түседі. Мұнда жылына 25-тен 50-ге дейін жоба негізінен аз бюджеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылады.
Көптеген жобалардың көлемі 700 мыңнан 3,7 млн теңгеге дейін жетеді, сонымен қатар ең төменгі бюджеті 100 000 теңгені құрайтын бастамалар да бар.
Ресурстарды бөлудің қолданыстағы құрылымы мен ұйымдардың институционалдық жетілуінің әртүрлі деңгейлері аясында 2025 жылғы 14 шілдеде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесін, ҮЕҰ-ға гранттар мен марапаттарды реттейтін заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына консультативтік құжат ұсынылды. Құжаттың негізгі ұсынысы: үкіметтік емес ұйымдар үшін жетілу шкаласын енгізу.
Жобаға сәйкес саралау ұйымдық даму деңгейіне қарай жүргізіледі. Жетілген және тұрақты ҮЕҰ кеңейтілген қаржыландыру және іске асыру мерзімі ұзақ ірі жобаларға арналған конкурстарға қатысуға рұқсат етіледі. Жас, ауылдық және жақында тіркелген ҮЕҰ-ға талаптары, әдістемелік және әкімшілік қолдауы жеңілдетілген шағын жобалар бойынша конкурстарға қатысу мүмкіндігі беріледі.
Сараланған әдіс ресурстарға қолжетімділікті шектемей, ҮЕҰ қатысуын олардың ағымдағы мүмкіндіктеріне қарай құрылымдауға бағытталған. Жобада сондай-ақ бағдарлама әкімшілерінің жұмыс жүктемесіне байланысты операциялық тәуекелдер және тәжірибесі аз ұйымдарға институционалдық қолдау көрсету қажеттілігі көрсетілген.
Жетілу шкаласы механизмі жүйені институционалдық ретке келтіру әрекетін білдіреді және ҮЕҰ-ның бәсекелестік тәжірибеге қатысуының жинақталған тәжірибесін көрсетеді.
Қорытынды
Қазақстандағы азаматтық қоғам бүгінде үкіметтік емес ұйымдар мен ерікті бастамалардың жиынтығы ғана емес, сонымен бірге мемлекет пен қоғам диалог құрудың функционалдық әлеуметтік механизмі болып табылады. Оның рөлі жергілікті жобалар мен әлеуметтік әрекеттерден асып түседі, яғни бұл проблемаларды анықтауға, ресурстарды жұмылдыруға және шешім қабылдау процестеріне интеграциялауға қабілетті жүйе. ҮЕҰ қызметі арқылы нақты нәтижелерге, өзара іс-қимыл және сенім тәжірибесіне негізделген қатысудың жаңа тәжірибесі қалыптасады.
Халықаралық аренада азаматтық сектордың тиімділігі елдің имиджіне тікелей әсер етеді. ҮЕҰ-ның гуманитарлық, құқық қорғау, білім беру және экологиялық бастамалардағы белсенділігі Қазақстан қоғамының жетілгендігінің және оның өзін-өзі ұйымдастыру қабілетінің дәлелі. Азаматтық қоғам дамудың ішкі ресурсы ғана емес, сонымен қатар сыртқы серіктестер тарапынан сенім белгісіне айналуда.
Нағыз азаматтық қоғам бұл тек мемлекетпен емес, әділеттілікпен келісім жасайтын қоғам. Әділетті қоғам туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың идеясы да осы ұстаныммен үндеседі, онда азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктері тек болғанда ғана тұрақты даму болатындығы айтылған. "Әділетті Қазақстан" тұжырымдамасы – тек мемлекеттік реформалардың бағыты ғана емес, сонымен бірге азаматтық қоғамның жаңа сапалық деңгейге көтерілуінің алғышарты.
Автор: Айнұр Бақытжанова, әлеуметтанушы, сарапшы
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.
Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!