Алматыда жаңа тазалау жүйесі: аула сыпырушылардың жалақысы 350 мың теңгеге дейін өседі
Алматыда жаңа тазалау жүйесі: тәулік бойы жұмыс, қосымша техника, 3175 қызметкер және жалақының 350 мың теңгеге өсуі.

Фото: предоставлено пресс-службой акимата г.Алматы
Алматыда қаланы санитарлық тазалаудың жаңа жүйесі енгізілуде. Енді әр ауданға бір мердігер бекітіледі. Ол көшелердің, тротуарлардың, арықтардың, аялдамалардың және жасыл аймақтардың тазалығына толық жауап береді. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Коммуналдық қызметкерлер саны екі есеге артып, 3175 адамға жетті. Жалақы 170 мың теңгеден 350 мың теңгеге дейін көтерілді. Тәулік бойы үш ауысымдық жұмыс кестесі енгізілді, 300-ден астам жаңа техника алынып жатыр.
"Бұрын бір көшеде бірнеше компания қатар жұмыс істеп, түсініспеушілік туындайтын. Енді "қасбеттен қасбетке дейін" қағидатының енгізілуі тәртіп пен үйлесімділікті жоғарылатады", – деді Алмасхан Сматлаев.
Тексерістердің нәтижесі бойынша әкімдік тек қажетті ресурстары бар бес мердігермен ғана жұмысын жалғастырады. Қалғандары ауыстырылады. Мұндай тәсіл қаланың санитарлық жағдайын едәуір жақсартып, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
__________________________________________

В Алматы внедряется новая система санитарной очистки города. Теперь за каждый район будет отвечать один подрядчик, полностью отвечающий за чистоту улиц, тротуаров, арыков, остановок и зелёных зон. Об этом сообщил заместитель акима Алматы Алмасхан Сматлаев на брифинге в Региональной службе коммуникаций.
Численность работников коммунальных служб увеличена вдвое — до 3175 человек, зарплата повышена с 170 до 350 тыс. тенге. Введен круглосуточный трехсменный график, закупается более 300 единиц новой техники.
"Раньше на одной улице могли работать сразу несколько компаний, из-за чего возникала путаница. Новый принцип "от фасада до фасада" позволит обеспечить порядок и координацию на высоком уровне", — отметил Алмасхан Сматлаев.
По итогам проверок акимат оставит сотрудничество только с пятью подрядчиками, обладающими необходимыми ресурсами. Остальные будут заменены. Такой подход позволит добиться заметного улучшения санитарного состояния города и повысить комфорт для жителей.
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.
Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!