Жұмысшы мамандықтары үшін ипотека: бағдарламаға кім кіреді?
Бағдарлама аясында биыл жалпы сомасы 72 млрд теңгені құрайтын 2 440-қа жуық несие беру жоспарлануда.
фото: atameken.kz
"Отбасы Банктің" ипотекалық бағдарламаларына қатысуға құқығы бар жұмысшы мамандықтарының тізімдері ЭҚНК (Экономикалық қызметтің негізгі классификаторлары) бойынша арнайы тізіммен анықталады.
Бұл туралы Тахмина Нагуманованың төрағалығымен өткен ҰКП Өңдеу өнеркәсібі Комитетінің отырысында банк өкілдері мәлімдеді. Сондай-ақ, 2025 жылға арналған 32 іс-шараны қамтитын жұмыс жоспары қабылданды, Cronos.Asia хабарлайды.
"Отбасы Банкі" АҚ Орталық филиалының басқарушы директоры Жанар Ізімбетованың айтуынша, өңдеу өнеркәсібінің нақты тізімі арнайы жұмыс тобымен дайындалуда. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы да өз тарапынан бұл тізімге ұсыныстар енгізетін болады.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың наурыз айында бірегей "Наурыз жұмыскер" ипотекалық бағдарламасы басталады. Бағдарлама жарияланған жұмысшы мамандықтар жылы аясында өңдеуші сала қызметкерлері үшін бірегей шарттармен іске қосылып отыр.
Комитет мүшелері атап өткендей, жұмысшыларды баспанамен қамтамасыз ету бойынша алғашқы қадамдар жасалды. Бағдарлама аясында биыл жалпы сомасы 72 млрд теңгені құрайтын 2 440-қа жуық несие беру жоспарлануда.
Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті директорының орынбасары Ақзира Қасымова Жұмысшы мамандықтары жылына орай ведомствоның жоспарлары туралы айтты.
"Біздің толық ауқымды кәсіптік бағдар беру жұмысының Тұжырымдамасы жаңа кәсіптер мен құзыреттер Атласын, мектептердегі кәсіптік бағдар институтының рөлін күшейтуді қамтиды", - деді спикер.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы да жұмысшы мамандықтарды насихаттау бойынша белсенді жұмысты бастап кетті. 70 Үкіметтік шараның 33-не ҰКП қатысады. Жоспарланған жаңа шаралардың қатарында: халықаралық дуальды оқыту орталықтарын құру, кәсіпорындар үшін тәлімгерлерді даярлау, сондай-ақ, бизнес пен оқу орындары арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған білім беру бастамалары бар.
Сонымен қатар, жұмысшыларды қысқа мерзімді оқытуұйымдастырылады. Бұл еңбек нарығындағы мамандар тапшылығын тез арада толтыруға мүмкіндік береді. 2025 жылы республика бойынша жұмыс істейтін оқу орталықтары арқылы 12 мыңға жуық адам оқудан өтеді деп күтілуде. Бүгінде ҰКП тізілімінде 604 орталық бар, оның 240-тан астамы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда.
***********************************************
Ипотека для рабочих профессий: кто попадет в программу?
Списки рабочих профессий, имеющих право на участие в ипотечных программах Отбасы банка, определит специальный перечень по ОКЭД (Основные классификаторы экономической деятельности). Об этом сообщили представители банка на заседании Комитета обрабатывающей промышленности НПП под председательством Тахмины Нагумановой.
Там же был принят План работы на 2025 год с запланированными 32 мероприятиями, сообщает Cronos.Asia со ссылкой на Атамекен.
По словам управляющего директора Центрального филиала АО "Отбасы банк" Жанар Изимбетовой, точный перечень профессий, а также конкретные отрасли, к примеру, в обрабатывающей промышленности, готовится специальной рабочей группой. Национальная палата предпринимателей со своей стороны также внесет предложения к данному списку.
Напомним, в марте этого года стартует уникальная ипотечная программа "Наурыз жұмыскер". Программу запускают в рамках объявленного Года рабочих профессий по уникальным для трудящихся в производственной сфере условиям. Как отмечают члены Комитета, первичные шаги по обеспечению рабочих жильем сделаны и, хотелось бы чтобы это переросло во что-то масштабное. В рамках программы в этом году планируется выдать около 2440 займов на общую сумму 72 млрд тенге.
Заместитель директора департамента технического и профессионального образования Министерства просвещения Акзира Касымова рассказала о планах ведомства навстречу Года рабочих профессий.
"В нашу Концепцию полномасштабной профориентационной работы войдет Атлас новых профессий и компетенций, усиление роли института профориентатора в школах. Особо хочу отметить создание тысячи профильных классов в государственных школах и организацию проекта "День дублера", - отметила спикер.
Активную работу над популяризацией рабочих профессий начала и Национальная палата предпринимателей. Из 70 мероприятий Правительства НПП задействована в 33-ех. Из новых мер запланированы: создание международных центров дуального обучения, подготовка наставников для предприятий, а также образовательные инициативы для укрепления связей между бизнесом и учебными заведениями.
Кроме того, будет организовано краткосрочное обучение для рабочих кадров,что даст возможность оперативно восполнить дефицит специалистов на рынке труда. Ожидается, что в 2025 году обучение пройдут около 12 тыс. человек через учебные центры, работающие по всей стране. На сегодня в реестре НПП 604 центра, из которых более 240 – при действующих предприятиях.
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.
Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!