521,8 млрд теңге – Қазақстандағы Яндекс Такси серіктестерінің 2025 жылдың 10 айында тапқан табысы

Яндекс Такси серіктестері 2025 жылдың 10 айында 521,8 млрд теңге табыс тапты, бұл 2024 жылмен салыстырғанда айтарлықтай жоғары.

Яндекс Такси серіктестері табысы Қазақстан 2025

Фото: Яндекс Такси

2025 жылдың 10 айында Қазақстандағы Яндекс Go-мен серіктестікте жұмыс істейтін жүргізушілер мен таксопарктердің жалпы табысы 521,8 млрд теңгені құрады. Бұл шамамен 1 млрд АҚШ долларына тең.

Сондай-ақ аталған көрсеткіш 2024 жылдың балама кезеңімен салыстырғанда 71,8 млрд теңгеге артық – өткен жылы ол 450 млрд теңгеге тең болған еді. Ал Яндекс Go серіктестерінің 2024 жылды толық алған кездегі табысы 555 млрд теңге болды.

Бұл цифрлар Go (Такси) сервисі аясында ("Қалааралық" бағытты қоса алғанда) есептелген табысты көрсетеді. Оған жүргізушілер мен таксопарктерге орындалған сапарлар үшін берілген төлемдер кіреді.

Сондай-ақ 2025 жылы жүргізушілердің бір сағатта табатын орташа табысы 2024 жылға қатысты алғанда 8,6%-ға, ал 2023 жылмен салыстырғанда 15%-ға артқан. Ал жүргізушілердің орташа рейтингі 4.9-ға тең.

Осыған дейін Yandex Qazaqstan платформалық жұмыспен қамту жобасының аясында 108 мың жүргізуші мен курьер жеке кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы хабарлаған болатын. Жекелей алғанда, компанияның бұл серіктестері үшін бюджетке 8,3 млрд теңге көлемінде қаражат салық және әлеуметтік алымдар ретінде төленді.

Платформалық жұмыспен қамту жобасы салық органдарының, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің және Яндекс Go интернет-платформасының қатысуымен жүзеге асырылуда.




Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.

Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!


Мы в Telegram

Central Asia HR 2025 — международная кейс-конференция в Алматы