Туризм және спорт министрлігі спорт түрлерін іріктеу жүйесін өзгерту туралы заң жобасын әзірледі

Құжатта еліміздің спорт саласында жаңа іріктеу жүйесін енгізу қарастырылған.

Туризм және спорт министрлігі спорт түрлерін іріктеу жүйесін өзгерту туралы заң жобасын әзірледі

фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

ҚР Туризм және спорт министрлігі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын әзірледі.

Құжатта еліміздің спорт саласында жаңа іріктеу жүйесін енгізу қарастырылған. Заң жобасына сәйкес, басым спорт түрлері олардың әлемдік рейтингтері негізінде емес, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиа, Азия және Пара Азия ойындарында ұлттық құрама командаларының көрсеткен нәтижелері бойынша іріктелетін болады.

Бұл өзгеріс Қазақстанның спорттық құрамаларын дайындаудағы басымдықтарды нақтылайды және халықаралық деңгейдегі нәтижелерге негізделген жүйені қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осылайша, еліміздің спортшыларын халықаралық ареналарда бәсекеге қабілетті ету үшін нақты және нәтижеге бағытталған саясат жүзеге асырылмақ.

"Бұл заң жобасы спорт саласындағы жаңашылдықтарды енгізуді, тиімділікті арттыруды және Қазақстанның спорттық құрамасының халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетуін қамтамасыз етуге бағытталған. Біз Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиа, Азия және Пара Азия ойындарындағы нәтижелерді басты бағдар ретінде алып, еліміздің спорт саласын жаңа деңгейге көтеруді көздеп отырмыз", – деп атап өтті Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.

Заң жобасының қабылдануы спортты дамыту жүйесін жетілдіріп, Қазақстанның әлемдік спорт аренада озық жетістіктерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

***************************************************

Министерство туризма и спорта разработало законопроект о изменении системы отбора спортивных дисциплин⠀

Министерство туризма и спорта разработало законопроект "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам физической культуры и спорта, а также предотвращения избыточного законодательного регулирования".

Документ предусматривает введение новой системы отбора спортивных дисциплин в стране. Согласно законопроекту, приоритетные виды спорта будут отбираться не по мировым рейтингам, а на основе результатов выступлений национальных сборных команд на Олимпийских, Паралимпийских, Сурдлимпийских, Азиатских и Параазиатских играх.

Эти изменения направлены на уточнение приоритетов в подготовке спортивных сборных Казахстана и создание системы, основанной на результатах на международной арене. Таким образом, будет реализована конкретная и ориентированная на результат политика, которая позволит повысить конкурентоспособность казахстанских спортсменов на международных соревнованиях.

"Этот законопроект направлен на внедрение инноваций в спортивной сфере, повышение эффективности и обеспечение высоких результатов спортивных сборных Казахстана на международных турнирах. Мы рассматриваем результаты на Олимпийских, Паралимпийских, Сурдлимпийских, Азиатских и Параазиатскихиграх в качестве основного ориентира и стремимся вывести спортивную сферу нашей страны на новый уровень", – подчеркнул Ербол Мырзабосынов.

Принятие данного законопроекта позволит усовершенствовать систему развития спорта в стране и обеспечит достижение Казахстаном выдающихся результатов на мировой спортивной арене.


Риддер: шығыстың маржаны

Қазақстан Араб мемлекеттері лигасы саммитіне қатысты




Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.

Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!


Мы в Телеграм

Свежие новости