"Таза Қазақстан" акциясы аясында Абай облысының қалалары мен аудандарында ауқымды тазалау жұмыстары жүргізілді
Масштабная уборка в рамках акции "Таза Қазақстан" прошла в городах и районах области Абай.
Мемлекет басшысының бастамасымен "Таза Қазақстан" акциясы аясында облыстың барлық аудандарында көшелерді тазалау, қоқыс шығару, су айдындарының жағалауларын тазарту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, акцияға қатысушылар ескерткіштерді, гүлзарларды және басқа да орындарды абаттандырды. Облыс аумағында 10-ға жуық түрлі акция өтті. Ауқымды жобаның мақсаты – халықтың экологиялық мәдениетінің деңгейін арттыру, қоғамдық орындарды, көшелер мен су айдындарын жиналған қоқыстардан тазарту.
Мысалы, Бородулиха ауданында акцияға қатысушылар сенбілік барысында жүзден астам қап қоқыс жинады. Тазалауға қарапайым азаматтар ғана емес, аудандық мәслихат депутаттары, ведомстволардың қызметкерлері мен «Жасыл Ел» экологиялық жасағының жауынгерлері де қатысты.
Мақаншы ауданында Алакөл көлінің жағалауын тазалауға 100-ден астам адам шықты. Сонымен қатар, акция аясында ауданда ҚТҚ полигондарына қоқыс шығарылды. Семейде «Гүлдер өмір үшін» акциясы өтіп, қатысушылар көшеттер мен гүлдер отырғызды.
Аягөз ауданында «Битан тау» аллеясы тазаланды, оған 40-қа жуық жас атсалысты. Олар тазалықты сақтауға және абаттандыруға өз үлестерін қосты. Осындай жұмыстарды Бесқарағай ауданының тұрғындары да ұйымдастырды. Мұнда көшелер тазаланып, қоқыстан тазартылып, ағаштар әктелді. Акцияға депутаттар, ауыл тұрғындары, спортшылар қатысты.
Курчатов қаласында тұрғындар Ертіс жағалауын жиналған қоқыстардан тазартты. Акцияға 50-ден астам еріктілер қатысты. Акция қорытындысы бойынша ҚТҚ полигонына шығарылған 25 қап қоқыс жинауға мүмкіндік туды.
Сонымен қатар, Бесқарағай ауданында «Таза көше» акциясы ұйымдастырылды. Науқан аясында көшелерді қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді. Оған 100-ге жуық адам атсалысты.
Жалпы, Абай облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында жұмыс істеген уақытта оған 83 590 адам белсенділік танытқан. Акцияны 3 519 ұйым мен мекеме қолдап, 2 007 бірлік түрлі техника тартылды. 68 451 аула тазаланды, ҚТҚ полигондарына 41 703 тонна қоқыс шығарылды. Аймақ көлемінде 239 саябақ пен сквер жиналды, 227 ескерткіштің аумағы тазартылды және абаттандырылды, 603 шаршы метр төсеніш жөнделді.
Акция барысында өңірде 135 540 ағаш, 8 622 бұта отырғызылды. 991 әлеуметтік және 2 203 өнеркәсіптік нысан тазалаумен қамтылды. Сондай–ақ, акция аясында жасанды арықтар мен субұрқақтарды қоса алғанда, 731 су айдыны тазартылды.
**************************
В рамках акции «Таза Қазақстан», инициированной Главой государства, во всех районах области прошла уборка, очистка улиц, вывоз мусора, очистка берегов водоемов. Также участники акции облагородили памятники, скверы и прочие места общего пользования. Проведено порядка 10 различных акций на территории всей области. Цель масштабного проекта – повышение уровня экологической культуры населения, очистка мест общего пользования, улиц и водоемов от скопившегося мусора.
К примеру, в Бородулихинском районе участники акции собрали больше сотни мешков с мусором в ходе субботника. В уборке принимали участие не только простые граждане, но и депутаты районного маслихата, сотрудники ведомств и бойцы экологического отряда «Жасыл Ел».
В районе Мақаншы больше 100 человек вышли на уборку побережья озера Алаколь. Кроме того, в рамках акции в районе провели вывоз мусора на полигоны ТБО. В Семее проведена акция "Гүлдерөмір үшін", во время которой её участники высадили саженцы и цветы.
В Аягозском районе прошла уборка аллеи «Битан тау», в которой приняли участие порядка 40 молодых людей, которые внесли свой посильный вклад в сохранение чистоты и благоустройство.
Аналогичные работы провели и жители Бескарагайского района – здесь были убраны и очищены от мусора улицы, побелены деревья. В массовой акции приняли участие депутаты, жители села, спортсмены.
В городе Курчатов жители очистили побережье Иртыша от скопившегося там мусора. В акции принимали участие более 50 волонтеров. По итогам акции удалось собрать 25 мусорных мешков, которые вывезли на полигон ТБО.
Кроме того, в Бескарагайском районе проведена акция «Таза көше», в рамках которой прошла уборка и очистка улиц от мусора. В ней приняли участие порядка 100 человек.
В целом в области Абай, за время работы в рамках акции «Таза Қазақстан» в ней приняли участие 83 590 человек. Акцию поддержали 3 512 организаций и учреждений, привлечено 2 007 единиц различной техники. Очищен 65 171 двор, на полигоны ТБО вывезено 41 703 тонны мусора. По региону убрано 239 парков и скверов, очищена и облагорожена территория у 224 памятников, отремонтировано 603 квадратных метра брусчатки.
За все время акции в регионе посажено 135 540 деревьев, 8 622 кустарника. Уборкой охвачен 991 социальный объект и 2 203 промышленных объекта. Охвачено также 731 водоема, включая искусственные – арыки и фонтаны.
Мақалаларды оқыңыз:
"Таза Қазақстан" акциясы туралы барлық мақалалар
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.
Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!