Save the Caspian Sea қозғалысы Blue Community жаһандық желісінің Орталық Азиядан шыққан алғашқы мүшесі болды

Бұл серіктестік Каспий теңізін сақтау жолындағы күрестің жаңа тарауын ашады

Save the Caspian Sea қозғалысы Blue Community жаһандық желісінің Орталық Азиядан шыққан алғашқы мүшесі болды

Фото: scientificrussia.ru

Save the Caspian Sea қозғалысы су ресурстарын қорғаумен және тұрақты басқарумен айналысатын Blue Community жаһандық желісіне қосылған Орталық Азияның алғашқы ұйымы болды.

Қазақстанда, Ресейде, Түрікменстанда, Иранда және Әзірбайжанда 270 миллионнан астам адам үшін өмірлік маңызы бар әлемдегі ең ірі тұйық су айдыны – Каспий теңізі бүгінде экологиялық апаттың алдында тұр. Көпжылдық өнеркәсіптік пайдалану, ластану және климаттың өзгеруі теңіздің тез таяздануына, түбінің көрінуіне, сондай-ақ бірегей экожүйенің жойылуына және жергілікті тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіруге алып келді.

Экологиялық және климаттық құқық бойынша заңгер Вадим Ни негізін қалаған Save the Caspian Sea қозғалысы осы мәселелердің шешімін табу үшін белсенді жұмыс жасауда. Нақтырақ айтқанда, 2024 жылдың желтоқсанында басталған бұл науқан Каспий теңізін, оның мекендеушілері мен жағалау халқын қорғау мақсатында және соған қатысты мәселелері туралы хабардарлықты арттыру, сондай-ақ, тұрақты саясат пен тәжірибелерді енгізу және биологиялық әртүрлілікті сақтау бағдарламаларын күшейту үшін коммерциялық емес ұйымдар, белсенділер мен бей-жай қарамайтын азаматтарды біріктіреді.

"Blue Community – бұл жаһандық ынтымақтастыққа ықпал ететін, су ресурстарына ұқыпты қарау қажеттілігі туралы хабардарлықты арттыратын және оларды жергілікті және халықаралық деңгейде жауапты басқаруды ынталандыратын экологиялық ұйымдар мен бастамалардың бірегей халықаралық консорциумы», – деп атап өтті Save the Caspian Sea негізін қалаушы Вадим Ни.

Blue Community бастамасының негізін қалаушы Мод Барлоу жаңа қатысушыны құттықтай отырып, "Біздің желімізде алғаш рет Азиялық қатысушы пайда болды. Бұл шабыттандырады, өйткені бірлескен күш-жігермен біз жағдайды өзгертіп, әлемді жақсарта аламыз. Қош келдіңіз, Save the Caspian Sea!" – деді.

Бұл серіктестік Каспий теңізін сақтау жолындағы күрестің жаңа тарауын ашады. Blue Community халықаралық желісінің қолдауымен Save the Caspian Sea қозғалысы аймақтағы экологиялық жағдайға назар аудару бастамаларын күшейтуді және осы бірегей су айдынын қорғау үшін қолдауды жұмылдыруды жоспарлап отыр.

Save the Caspian Sea #SaveTheCaspian хэштегін қолдана отырып, жаһандық ақпараттық науқан арқылы бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдарды тартуға тырысады. Қоғамдық қолдау арқылы қозғалыс Каспий теңізінің маңызды экожүйесін сақтау жолында нақты шаралар қабылдау үшін шешім қабылдайтын тұлғалардың назарын аударуға талпынады.

 




Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.

Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!


Мы в Телеграм

Свежие новости