Алматыда Польшаның Ұлттық Тәуелсіздік күніне арналған концерт өтті
2025 жылдың 2 қарашасында Алматыдағы Жамбыл мемлекеттік филармониясында Польша Республикасының саяси мерекесі – Польшаның Ұлттық Тәуелсіздік күніне арналған ерекше концерт өтті.

Польша Республикасы Бас консулдығының Вице-консулы Павел Неджведзки мырза сөз сөйледі. Польша Бас консулының орынбасары өз сөзінде:
"Тәуелсіздігі үшін көп жылдық күрестен кейін, Речь Посполитаны үшінші рет бөлінгеннен бері 123 жыл өткен соң, Польша Тәуелсіздік күнін тойлап келеді, бұл бүкіл поляк халқы үшін ерекше сәт! Бұл күн қуаныш пен мақтанышты біріктіреді, сондай-ақ біздің Отанымыз Еуропа картасында қайтадан өз орнын алған үшін туралы терең ойландырады. Бұл күн поляк халқының ғасырлар бойы ұлтымызды қалыптастырған бостандыққа, абырой мен тәуелсіздікке деген шексіз аңсарын білдіреді", — деді Павел Неджведзки.
Содан кейін ол поляк жанының сұлулығы мен мәнін — ғашықтыққа, азап пен үмітке толы ұлы Фредерик Шопеннің музыкасын суреттеді.
"Шопен өзінің ұлы шығармаларын Польшаның езгіге ұшырап, үш рет бөлшектеніп, бытыраңқы болған кезде шығарды. Шопен шығармалары тек музыкалық кемеңгерліктің ғана емес, сонымен бірге езгіге қарсы тұрудың, өз болмысымыз бен азаттығымыз үшін күрестің символына айналды. Оның музыкасындағы әрбір нота сол бір қиын-қыстау кезеңдерді, азаттықтың бір күні келетініне деген мызғымас сенімін еске түсіреді.
Бүгін мен сізді үлкен қуанышпен Шопен музыкасының интерпретациясы тереңдік пен эмоцияға толы маэстро Марек Брачидің қолына тапсырамын. Оның ойнауы шебер техника ғана емес, сонымен бірге шынайы музыкалық поэзия – Шопен рухы қайта жанданатын оқиға. Оның интерпретациялары бізге қол жетпес және баға жетпес нәрсені сезінуге мүмкіндік береді — сағыныш, ауырсыну және жеңіс. Бұл музыка Шопен шығармаларының толық эмоционалдық және рухани күшін аша отырып, жанның тереңіне әсер етеді", — деді өз сөзінің соңында Павел Неджведзки.
Алматылық көрермендер Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Өкілдігінің Саяси ынтымақтастық басқармасының басшысы А.Аренованың, Германия Федеративтік Республикасының Бас консулы М.Кислер мырзаның, Польша Бас консулдығы қызметкерлерінің және поляк диаспорасының қатысуымен жас маэстроны жылы қарсы алып, мерекелік концерт тамашалады.
Концерт соңында әртіске Польша Республикасының Бас консулдығы атынан Польшаның Бас консулының жұбайы Эва Шевчык ханым гүл шоқтарын табыс етті.
Польша халқын Ұлттық Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Бұл мереке ата-бабаларымыздың ерлігі мен ұлттық қадір-қасиетіне тағзым болсын!
Поляк халқына бейбітшілік, гүлдену және салауатты өмір тілейміз!
Алматыдағы музыкалық кештің кейіпкері туралы
Марек Брача — поляк пианисі, виртуоз, камералық музыкант, солист, халықаралық фортепиано байқауларының лауреаты, педагог, Фредерик Шопен атындағы Варшава музыка университетінің профессоры.
Өнер иесі дәріс-концерттердің авторы ретінде де танымал. Оның дәрістері фортепианолық шығармалардың тарихына, олардың шығу және орындалу ерекшеліктеріне арналған. Соңғы жылдары Марек Брача поляк романтизмінің 200 жылдығына арналған, фортепианолық баллада жанры негізінде құрылған "Балладалар мен романстар" атты концерттік бағдарламасын ұсынды.
Марек Брача сондай-ақ поляк-еврей текті көрнекті композиторларға арналған "Еврей мазуркалары" циклін шебер орындайды. Оның шығармашылық жобаларының бірі – ұлы норвег пиано композиторының қайтыс болғанына 150 жыл толуына арналған "Шопен—Телефсен" жобасы ерекше орын алады.
Өнерпаз музыкалық және мәдени іс-шаралардың тұрақты медиа-комментаторы болып табылады. Ол жиі теле- және радио жүргізуші ретінде көрініп, музыкалық журналистиканың жарқын өкілі әрі поляк музыкасы мен мәдениетінің халықаралық деңгейдегі насихатшысы ретінде танылған.
Шопен атындағы халықаралық пианистер байқауы барысында Марек Брача Польша радиосы мен теледидарының TVP Kultura, Polskie Radio Program II, және Polskie Radio Chopin арналарының жүргізушісі ретінде қызмет атқарды.
Марек Брача Варшава геттосының музыкасын насихаттауға белсенді үлес қосып келеді. Ол сонымен қатар Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі музыканттар мен музыкалық өмірге арналған, соғысқа дейінгі Варшаваның әртүрлі орындарында және Польша аумағында өткізілетін WarszeMuzik камералық музыка фестивалінің тең құрылтайшысы әрі кураторы болып табылады. Аталған фестивальдің нәтижесінде М. Вайнбергтің шығармаларынан тұратын екі музыкалық альбом жарық көрді.
Музыкант Польшада және шетелде — Жапония мен Қытай елдерінде — шеберлік сабақтарын тұрақты түрде өткізіп тұрады.
Марек Брача — өзі түлеп ұшқан университеттің профессоры. Ол Лондондағы Корольдік музыка колледжінің магистрі (Кевин Кеннер сыныбы), ал аспирантураны Ванесса Латарш пен Джеффри Говье сыныптарында тәмамдаған. Марек Брача Еуропа, Америка және Азия елдерінің қазіргі заманғы және тарихи аспаптарында фортепианолық репертуарды орындап келеді.
Марек Брачаның орындауындағы фортепиано концертін ұйымдастыруға және өткізуге атсалысқаны үшін Польша Республикасының Бас консулдығына шынайы алғыс білдіреміз.
Ақпаратты А.Аренова дайындады.
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.
Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!



