Отандық тауарды сауда сөресіне шығару: сауда министрлігі қандай құзыретке ие?
2 сауда желісінің өкілі сауда сөрелеріне өнімдерін қою үшін қойылатын талаптар мен ережелерді түсіндірді.
фото: gov.kz
Сауда комитетінде отандық тауар өндірушілердің сауда сөрелеріне шығу мүмкіндігі онлайн режимде өткен жиында түсіндірілді. Онлайн жиын ҚР СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жаутікбаевтың төрағалығымен өтті.
Онлайн басқосуға еліміздегі 100-ден астам тауар өндіруші, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері мен Сауда желілері Одағы, "Magnum Cash&Carry", "Small&Skif" сияқты 50-ден астам ірі сауда желісінің өкілдері қатысты. 2 сауда желісінің өкілі сауда сөрелеріне өнімдерін қою үшін қойылатын талаптар мен ережелерді түсіндірді.
Отандық өнім өндірушілерді қолдау: сауда желілері не дейді?
Сауда желілері одағы төрағасының орынбасары Ерлан Жайлаубайдың дерегінше, елдегі бөлшек саудадағы сауда желілерінің үлесі 30% құрайды. Алматы, Шымкент, Астана сияқты мегополистерде бұл көрсеткіш 50-60 пайызға дейін жетеді. Еліміздің өңірлерінде бөлшек сауданың басым үлесі дәстүрлі сауда мен жәрмеңкелерге тиесілі. Өңірлердегі сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменттер жүргізген мониторинг нәтижесіне сай сауда желілеріндегі отандық өнімнің үлесі 50 пайыздан асады.
"Біздің сауда желісі отандық өнімді қолдайды. Қазіргі таңда біздің желілердегі өнімнің 85%-ы Қазақстанда жасалған. Өзімізде ассортиментке жауапты бөлім бар. Тауардың ассортиментіне қарап, квота бөлеміз", - деді "Magnum Cash&Carry" желісінің өкілі Евгений Жильников.
"Бізде сауда сөрелеріне кіруге ешқандай кедергі жоқ. Отандық тауарөндірушілерге айрықша талаптар қоймаймыз. Заң аясында сертификаттау, қаптамаға қатысты талаптар ғана бар. Қазір фермерлік тауарларға арналған сөрелеріміз бар. Жалпы тауар өндіруші, жеткізуші және біздің арамызда келісім-шарт жасасу орта есеппен 2 аптаға созылады", - деді "Small Skif" сауда желісінің өкілі Святослав Латинин.
Сауда желілері өкілдерінің сөзін ҚР Сауда желілері Одағы төрағасының орынбасары Ерлан Жайлаубай түйіндеді. "Made in KZ" тауарларын сауда желілері белсенді қолдайды. Осы бағыттағы жұмысты Сауда комитетімен бірлесе атқарамыз", - деді ол.
Кәсіпкерлер қандай қиындыққа кезігеді?
Алайда жиынға қатысқан отандық тауар өндірушілер сауда желілерімен келісім-шарт жасасуда қиындыққа тап болатынын айтты.
"Біз Шымкентте трикотаж өнім шығарамыз. Біздің өнімдеріміз "Small" сауда желісінде бар. Алайда "Magnum" сауда желісімен 2021 жылдан бері келісім-шарт жасай алмай келеміз. Түрлі сылтау айтып, келісім-шарт жасасудан негізсіз бас тартады», - деді кәсіпкер Нұртас Жаллаладдин.
Сауда министрлігі қандай шара қолданады?
Отандық өнім өндірушілердің талап-тілегін тыңдағы ҚР СИМ Сауда комитеті төраға орынбасары Ернұр Бөкенбайұлы Сауда заңнамасын бұзған, отандық өнім өндірушілерге басымдық бергісі келмейтін сауда желілеріне әкімшілік шара қолданатынын жеткізді.
"Естеріңізге салайын, Сауда және интеграция министрлігінде отандық тауар өндірушілермен келісім-шарт жасаудан негізсіз бас тартқан сауда субъектілерін жауапкершілікке тарту құзыреті бар. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 201 бабы бойынша әкімшілік жаза қолданамыз", - деді ол.
Мысал: заңнаманы бұзғандарға қандай жаза қолданылды?
Мұндай кейстің Сауда комитетінің тәжірибесінде бар екенін айта кеткен жөн. Сауда комитетінің Маңғыстаудағы департаменті кәсіпкердің отандық өнімін сауда сөресіне қоюдан негізсіз бас тартқан сауда желісін сот арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартып, айыппұл салған болатын.
Жиын қорытындысы бойынша Астана, Алматы, Шымкент және облыстардың кәсіпкерлік басқармасына өңірлік сауда департаменттерімен бірлесіп, жергілікті отандық өнім өндірушілер мен сауда желілерінің қатысуымен Қазақстанның бөлшек сауда желілеріне отандық тауар өндірушілердің өнімдерін ілгерілету бойынша өңірлік кеңестерді ұйымдастыру, сауда желілеріне отандық өнім өндірушілердің сауда алаңдарына қолжетімділігін реттейтін заңнаманы сақтау мониторингін жүргізу тапсырылды.
*********************************************************************
Как попасть на торговые полки отечественным товарам?
В Комитете торговли разъяснили возможность выхода отечественных производителей на торговые полки в ходе онлайн-совещания. Онлайн-встречу провел заместитель председателя Комитета торговли МТИ РК Ернур Жаутикбаев.
В совещании приняли участие более 100 отечественных производителей, представители местных исполнительных органов и более 50 крупных торговых сетей, таких как "Magnum Cash&Carry", "Small&Skif", региональные торговые сети и представители ОЮЛ "Союз торговых сетей". Представители двух торговых сетей разъяснили, какие условия и требования действуют для размещения товаров на полках.
Поддержка отечественного производства: что говорят торговые сети?
По данным заместителя председателя Союза торговых сетей Ерлана Жайлаубай, доля торговых сетей в розничной торговле страны составляет 30%. В Алматы, Шымкенте и Астане этот показатель достигает 50-60%. В регионах страны основную долю в розничной торговле занимают традиционная торговля и ярмарки. По результатам мониторинга, проведенного региональными департаментами торговли и защиты прав потребителей, представленность местных товаров в торговых сетях составляет более 50%
"Наша торговая сеть поддерживает отечественные товары. В настоящее время 85% товаров в наших сетях произведены в Казахстане. У нас есть отдел, который отвечает за ассортимент. Мы распределяем квоты, исходя из ассортимента товаров", — сообщил представитель сети "Magnum Cash&Carry" Евгений Жильников.
"У нас нет препятствий для размещения товаров на полках. Мы не ставим особых требований для отечественных производителей. Единственные требования — это сертификация и упаковка. У нас есть полки для фермерских товаров. В целом, процесс заключения договора между производителем, поставщиком и нами занимает в среднем 2 недели», — отметил представитель сети "Small&Skif" Святослав Латинин.
Заместитель председателя Союза торговых сетей Ерлан Жайлаубай отметил: "Мы активно поддерживаем казахстанские товары и работаем над этим вместе с Комитетом торговли и максимально поддерживаем Made in KZ".
Трудности, с которыми сталкиваются отечественные производители
Тем не менее, в ходе встречи представители отечественных производителей выразили обеспокоенность по поводу трудностей, которые они сталкиваются при заключении договоров с крупными торговыми сетями. Например, предприниматель Нұртаc Жалладдин рассказал: "Мы производим трикотажные изделия в Шымкенте. Наши товары есть в сети "Small", но с "Magnum" мы не можем заключить договор с 2021 года. Они необоснованно отказываются, придумывая различные отговорки".
Меры со стороны Минторговли
Выслушав требования отечественных производителей, заместитель председателя Комитета торговли МТИ РК Ернур Бөкенбайұлы сообщил, что торговые сети, нарушающие законодательство и не предоставляющие приоритет отечественным производителям, будут подвергаться административным мерам.
"Напоминаю, что Министерство торговли и интеграции в случае нарушения закона имеет компетенцию привлекать к ответственности торговые субъекты, которые необоснованно отказываются от заключения договоров с отечественными производителями. Мы применим административные меры в соответствии с частью 201 Кодекса об административных правонарушениях РК", — отметил он.
Предыдущие примеры: ответственность за нарушение законодательства
Следует отметить, что такие случаи уже имели место в практике Комитета торговли. Департамент Комитета в Мангистауской области привлек торговую сеть, которая безосновательно отказалась разместить товар предпринимателя на полке, к административной ответственности через суд и наложил штраф.
Дальнейшие шаги: организация региональных совещаний и мониторинг соблюдения законодательства
По итогам совещания было поручено управлениям предпринимательства городов Астана, Алматы, Шымкент и областей совместно с территориальными департаментами торговли и защиты прав потребителей организовать региональные совещания для продвижения продукции отечественных производителей в розничных торговых сетях Казахстана, а также проводить мониторинг соблюдения законодательства, регулирующего доступ отечественных производителей к торговым площадям.
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.
Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!