Ұлттық тасымалдаушы "Нұрлы жол" вокзалында жайлылығы жоғары аймағын ашты

Жаңа лаундж-аймақ жолаушыларға пойызды күту уақытын барынша ыңғайлы өткізуге жағдай жасайды.

Ұлттық тасымалдаушы "Нұрлы жол" вокзалында жайлылығы жоғары аймағын ашты

пресс-служба

Ұлттық тасымалдаушы "Нұрлы жол" теміржол вокзалында жолаушыларға арналған жаңа жайлылық аймағын ашты. Бұл жоба "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның филиалы – "Магистральдық желі дирекциясы" және "Нұрлы жол" вокзалының қолдауымен жүзеге асырылды.

Жаңа лаундж-аймақ жолаушыларға пойызды күту уақытын барынша ыңғайлы өткізуге жағдай жасайды. Мұнда қонақтар тынығып, сапар алдында қажетті қызметтерді қолайлы түрде пайдалана алады. Аймаққа кіру құны 2500 теңге, ал болу уақыты шектеусіз.

Аймақтың сыйымдылығы бір уақытта 20-25 адамды құрайды. Қонақтар үшін тегін шай, кофе, тіскебасар, гаджеттерді қуаттауға арналған пауэрбанктер, жоғары жылдамдықты Wi-Fi және шағын кітапхана қарастырылған. Сондай-ақ, жолаушылардың ыңғайы үшін жеке әжетхана бөлмесе қолжетімді.

Лаундж-аймақта пойыздардың келу және жөнелтілу уақытын бақылауға арналған арнайы табло орнатылған, бұл жолаушыларға өз сапар уақытын қадағалауға мүмкіндік береді.

Отбасылар үшін арнайы балалар ойын алаңы қарастырылған, онда кішкентайлар уақыттарын көңілді әрі пайдалы өткізе алады. Сонымен қатар, аймаққа кіру құнына багажды сақтау қызметі де қосылған.

Айта кетейік, "Нұрлы жол" вокзалы күн сайын шамамен 7 мың жолаушыға қызмет көрсетеді. Жаңа лаундж-аймақ барлық жолаушылар санатына қолайлы жағдай жасап, пойыз күту уақытын барынша жайлы әрі жағымды етуге арналған.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға жайлылық аймағының барлық мүмкіндіктерін пайдалану үшін вокзалға алдын ала келуге кеңес береді.

***********************************************************************

Нацперевозчик открывает зону повышенной комфортности на вокзале "Нұрлы жол"

В рамках инициативы по развитию хабовых интермодальных перевозок Нацперевозчик открывает новую зону повышенной комфортности на железнодорожном вокзале "Нұрлы жол". Проект был реализован совместно при поддержке филиала АО "НК "КТЖ" – "Дирекция магистральной сети" и вокзала "Нұрлы жол".

Теперь пассажиры могут наслаждаться комфортной обстановкой и пользоваться всеми удобствами, ожидая свой поезд. Время пребывания в лаундж-зоне не ограничено, а стоимость входа составляет 2500 тенге.

Лаундж-зона рассчитана на комфортное размещение 20-25 человек одновременно. Гостям предоставляются бесплатный чай, кофе и снеки, пауэрбанки для зарядки мобильных устройств, высокоскоростной Wi-Fi, а также библиотека с книгами для чтения. В зоне комфорта предусмотрена отдельная уборная, что добавляет дополнительное удобство для пассажиров.

В лаундж-зоне также установлено табло с расписанием поездов, чтобы пассажиры могли следить за временем отправления своего поезда.

Для семей с детьми создана игровая зона, где малыши могут весело и с пользой провести время. Кроме того, в стоимость посещения включено использование багажного отделения.

Отметим, что ежедневно вокзал "Нұрлы жол" посещают порядка 7 тысяч человек и новая лаундж-зона призвана сделать ожидание поездов более комфортным и приятным для всех категорий пассажиров.

Пассажирам рекомендуется приезжать на вокзал заранее, чтобы воспользоваться всеми преимуществами новой зоны комфорта и насладиться отдыхом перед поездкой.




Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.

Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!


Мы в Телеграм

Свежие новости