«Жас құтқарушылар» сыныптары Қазақстанның өңірлерінде ашылуда
Қазақстан мектептерінде «Жас құтқарушылар» сыныптары ашылып, оқушылар қауіпсіздік дағдыларын меңгеруде.

Фото: gov.kz
Қазақстанның түрлі өңірлерінде "Жас құтқарушылар" сыныптары ашылып жатыр. Бұл бастама мектеп оқушыларының қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға және азаматтық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған.
Жетісу облысының Сарқан қаласындағы №1 мектеп-гимназияда кадет бағыты бойынша жұмыс істейтін алтыншы "Жас құтқарушылар" сыныбы ашылды. Бұл — жасөспірімдер арасында жеке және қоғамдық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі.
Сыныптың ашылу рәсімінде кадет қозғалысының маңыздылығы атап өтіліп, оның құтқарушы мамандығына деген құрметті арттыруға, көмек көрсету мен жауапкершілік сезімін дамытуға ықпал ететіні айтылды.
Бағдарлама мазмұнына азаматтық қорғаныс негіздері, өрт қауіпсіздігі, суда және мұз үстінде өзін ұстау ережелері, алғашқы медициналық көмек көрсету, жергілікті жерде бағдарлау, байланыс құралдарымен жұмыс істеу және психологиялық тұрақтылықты дамыту сабақтары кіреді. Оқыту төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен педагогтардың қатысуымен өтеді.
Осындай "Жас құтқарушылар" сыныптары Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданына қарасты Сайхин және Хан Орда ауылдарында да ашылды. Оқу барысында жас құтқарушылар өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және басқа да төтенше жағдайларда әрекет ету тәсілдерін үйренуде.
Бағдарлама түлектері алдағы уақытта 112 қызметі мен төтенше жағдайлар саласында кәсіби қызметін жалғастырып, қоғам игілігіне үлес қосады деп күтілуде.
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.
Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!