"Бауырына салу" фильмі "Оскарға" ұсынылды

Егер фильм номинант ретінде ұсынылса, режиссер шақырту алады.

"Бауырына салу" фильмі "Оскарға" ұсынылды

фото: gov.kz

Режиссер Асхат Кучинчирековтың "Бауырына салу" фильмі Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген.

Фильм жақында "Тұлпар" ұлттық сыйлығын иеленді және Оскар комитетіне "International Feature Film" номинациясы бойынша Қазақстаннан ұсынылып отыр.

Америка академиясының дауыс беруі үш кезеңде өтеді. 9-13 желтоқсан аралығында академиктер шортлист жасақтайды, ол 17 желтоқсанда жарияланады. Дауыс беру 2025 жылдың 8-12 қаңтары аралығында өтеді. Оның қорытындысы бойынша 17 қаңтарда барлық санаттағы номинанттар белгілі болады. Үшінші, соңғы кезең 11-18 ақпан аралығында өтеді.

Жеңімпаздардың есімі 2025 жылдың 2 наурызында Лос-Анджелесте конверттерді ашу салтанатында жарияланады. Егер фильм номинант ретінде ұсынылса, режиссер шақырту алады. "International Feature Film" санатындағы мүсіншеде мемлекет пее фильмнің атауы және режиссердің есімі көрсетіледі.

*******************************************************

Фильм "Бауырына салу" выдвинут на "Оскар"

"Бауырына салу" утвержден для выдвижения на премию "Оскар". Фильм режиссера Асхата Кучинчирекова создан при поддержке Министерства культуры и информации, а также Центра поддержки национального кино.

Он получил высшую награду национальной премии "Тулпар» по итогам голосования членов Альянса и был рекомендован Оскаровскому комитету представлять Казахстан в номинации "International Feature Film".

Голосование Американской академии пройдет в три этапа. С 9 по 13 декабря академики выберут шортлист, который будет обнародован 17 декабря. Голосование по шортлисту состоится с 8 по 12 января 2025 года.

По его итогам 17 января станут известны номинанты во всех категориях. Третий, финальный этап, пройдет с 11 по 18 февраля.

Имена победителей будут объявлены на торжественной церемонии раскрытия конвертов 2 марта 2025 года в Лос-Анджелесе. Если фильм будет номинирован, режиссер получит приглашение на церемонию.

На статуэтке в категории "International Feature Film" будет указана страна, название фильма и имя режиссера.


Материалы по теме:

Впервые фильм из Казахстана примет участие в кинофестивале ужасов в США

Кинопоиск перевел на казахский язык новый фильм Гая Ричи

В казахстанский кинопрокат вышел фильм "Майор Гром: Игра"




Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.

Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!


Мы в Телеграм

Свежие новости