Қазақстандықтардың жеке куәліктері Samsung Wallet-те қолжетімді болады
Samsung Wallet-тегі цифрлық жеке куәлік – бұл жеке деректерді сақтаудың ыңғайлы және қауіпсіз әдісі.
фото: gov.kz
Қазақстандықтарда eGov Mobile-дан жеке куәліктің цифрлық нұсқасын Samsung Wallet электрондық әмиянына орналастыру мүмкіндігі пайда болды. Жобаны Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ және Samsung Electronics Central Eurasia компаниясымен бірлесіп пилоттық режимде іске қосты.
Samsung Wallet-тегі цифрлық жеке куәлік – бұл жеке деректерді сақтаудың ыңғайлы және қауіпсіз әдісі. Азаматтар физикалық тасымалдаушыны жоғалтудан немесе ұрлатудан қорықпай, өз құжаттарын бірден цифрлық түрде ұсына алады. Барлық деректер жеке ақпаратты сенімді қорғауды қамтамасыз ететін көпдеңгейлі қауіпсіздік жүйесімен қорғалған.
Бұл функция Egov Mobile қолданбасы орнатылған Samsung смартфондарының пайдаланушылары үшін қолжетімді.
Құжаттарды қосу үшін пайдаланушыға:
- Egov Mobile қолданбасында авторизация жасап, "Цифрлық құжаттар" сервисіне өту керек,
- "Жеке куәлік" цифрлық құжатын ашу және "Samsung Wallet әмиянына қосу" батырмасын басу керек,
- дербес деректерді өңдеу туралы келісіммен танысу, оларды өңдеуге өз келісімін беру және оған ЭЦҚ арқылы "Қол қою" қажет.
Цифрлық куәліктің ақпараттар бөлімінде көрсетілген жарамдылық мерзімі азаматтың физикалық жеке куәлігінде көрсетілген мерзімге сәйкес келетін болады.
Егер уақыт өте келе куәліктегі ақпарат өзгерсе, онда пайдаланушы ағымдағы Цифрлық куәлікті өшіріп тастап, физикалық куәлікті қайта шығарған кезде оны жаңарту үшін қайта қоса алады.
**********************************************************
Удостоверения личности казахстанцев будут доступны в Samsung Wallet
У казахстанцев появилась возможность размещать цифровую версию удостоверения личности из Egov Mobile в электронный кошелек Samsung Wallet. Проект в пилотном режиме запущен Министерством цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности, АО "Национальные информационные технологии" совместно с компанией Samsung Electronics Central Eurasia.
Цифровое удостоверение личности в Samsung Wallet – это удобный и безопасный способ хранения личных данных. Граждане могут мгновенно предъявлять свои документы в цифровом формате, не опасаясь потери или кражи физических носителей. Все данные защищены многоуровневой системой безопасности, что обеспечивает надежную защиту личной информации.
Функция доступна для пользователей смартфонов Samsung, у которых установлено приложение Egov Mobile.
Для добавления документов пользователю необходимо:
- авторизоваться в приложение Egov Mobile, перейти в сервис "Цифровые документы",
- открыть цифровой документ "Удостоверение личности" и нажать на кнопку "Добавить в кошелек Samsung Wallet",
- ознакомиться с соглашением об обработке персональных данных, дать свое согласие на их обработку и "Подписать" его посредством ЭЦП.
Срок действия, отображаемый в разделе деталей Цифрового удостоверения, будет совпадать со сроком, указанным на физическом удостоверении гражданина. Если с течением времени информация в удостоверении изменится, то пользователь может удалить текущее Цифровое удостоверение и затем добавить его заново для обновления при перевыпуске физического удостоверения.
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.
Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!