Қазақстандағы балалардың 80%-дан астамы көкөністерді аз жейді: жағдайды қалай өзгертуге болады

Оқушылардың 20%-ы артық салмақтан зардап шегеді: бала көкөністерді жақсы көру үшін не істеу керек. Более 80% детей в Казахстане едят мало овощей: как изменить ситуацию.

Қазақстандағы балалардың 80%-дан астамы көкөністерді аз жейді: жағдайды қалай өзгертуге болады

Фотограф: Alex Green/pexels.com

Талғамға талас бар: демалыс басталысымен Алматы мектептерінде дұрыс тамақтануға арналған "Көкөніс айы" әлеуметтік жобасы аяқталды. Барлық оқу құралдары мен материалдарды Bonduelle Kazakhstan компаниясы тегін ұсынды.

ДДҰ мәліметтері бойынша әлемде 1990-2022 жылдар аралығында ересектер арасындағы семіздік деңгейі екі еседен астам артады. 1980 жылдан бастап 70-тен астам елде семіздіктің таралуы екі есе өсті, әсіресе өсу қарқыны балалар арасында біршама жылдам болды. Қазақстанда балалардың 84%-ы фаст-фуд жейді, ал кәмелетке толмағандардың 20%-ы артық салмақтан зардап шегеді. Болашақта дұрыс тамақтанбау әртүрлі ауруларға әкеледі және 5-6 жаста артық салмағы бар әрбір екінші бала болашақта семіз ересек адамға айналады, дейді диетологтар

Диетологтар балалардың тамақтануына әсер ететін 5 жағымсыз факторды атайды:

  • Антибиотиктерді қолданатын өнеркәсіптік мал шаруашылығы
  • Экологияның нашарлауы – ауа, су сапасы
  • Ультра-өңделген тағамдар (құрғақ таңғы астар, кептірілген нандар, батончиктер, тәттілер)
  •  Тұз бен қантты көп тұтыну
  • Тәтті газдалған сусындар

Балаларға дұрыс тамақтану әдеттерін үйрету және көкөністердің пайдасы туралы айту үшін Алматы мектептерінде "Көкөніс айы" бағдарламасы өтті. Өткен жылы оған 300-ге жуық бала қатысса, биыл Алматының қазақ және орыс тілдерінде оқытатын үш мектебінен 800-ден астам бала қатысты.

Жобаның негізгі тұжырымдамасы екі маңызды факторға негізделген:

  1. Физиологиялық айырмашылықтар – балаларда ересектерге қарағанда дәм рецепторлары әлдеқайда көп, яғни олар дәмдерді ересектерге қарағанда жақсы әрі анық сезінеді және ажыратады (ғылыми экспериментпен дәлелденген);
  2. Психологиялық ерекшеліктер – балаларға белгілі бір жаңа көкөністі жей бастау үшін онымен шамамен 10-15 танысу қажет.

Бір ай ішінде балалар дұрыс тамақтануға арналған интерактивті сабақтарға екі рет қатысты, ал сабақтар арасында 2 апта бойы жоба үшін арнайы жасалған жұмыс тәптерінде жұмыс істеді. Балалар үйде ата-аналарымен бірге тамақ дайындауды үйренді, көкөністер мен олардың пайдалы қасиеттерін, сондай-ақ өз талғамдарын зерттеді.

"Біздің міндетіміз - адамдарды олардың әл-ауқаты мен ғаламшарымыздың саулығы үшін өсімдік негізіндегі рационды кеңейтуге шабыттандыру. Сондықтан біз көп күш-жігерімізді дұрыс теңдестірілген тамақтану мәдениетін құруға бағыттаймыз және балаларға ерекше назар аударамыз, өйткені тамақтану әдеттері ерте жаста қалыптасады. Мен бұл жобаны өте жақсы көремін және ана ретінде балаларға дұрыс тамақтану мен көкөністерге деген сүйіспеншілікті ояту қаншалықты қиын екенін білемін. Біздің жоба мен сияқты аналарға өте күрделі, бірақ болашақ ұрпақтың денсаулығы үшін маңызды мәселеде көмектесетіні өте керемет", - Ирина Барболина, Bonduelle EurAsia Markets маркетингтік коммуникацияларының жетекшісі.

"Көкөніс айы" басталғанға дейін және оның соңында жобаға қатысатын ата-аналар мен балалардың сауалнамасы жүргізілді, оның нәтижелері бойынша жоба өткізілгеннен кейін балаларды көкөністермен тамақтандыру оңай болатын ата-аналардың саны 14%-ға өскені анықталды.

Ата-аналар балалардың көкөністерге деген көзқарасының айтарлықтай оң өзгерісін байқады: көкөністерді ұнатпайтын балалардың саны бірнеше есе азайды және керісінше, "көкөністерді өте жақсы көретін" балалардың саны үш еседен астам өсті.

Балалардың 86%-ы қазір көкөністер туралы көбірек білгісі келетінін, балалардың 69%-ы ата-аналарынан көкөністерді жиі дайындауды сұрай бастағанын, ал балалардың 73%-ы күн сайын көкөністерді жей бастағанын атап өтті.


20% школьников страдают от лишнего веса: как ребенку полюбить овощи

О вкусах спорят: с началом каникул в школах Алматы завершился социальный проект «Овощной месяц», посвященный здоровому питанию. Все обучающие пособия и материалы предоставила бесплатно компания Bonduelle Kazakhstan.

По данным ВОЗ, в мире за период 1990-2022 годы уровень ожирения среди взрослых увеличится более чем вдвое. С 1980 года распространенность ожирения удвоилась более чем в 70-ти странах, причем темпы роста были более быстрыми среди детей. В Казахстане 84% детей употребляют фаст-фуд и почти 20% несовершеннолетних страдают от лишнего веса.

В дальнейшем неправильное питание ведет к различным заболеваниям и каждый второй ребенок с лишним весом в 5-6 лет в будущем станет тучным взрослым, говорят диетологи.
Диетологи называют 5 негативных факторов, которые влияют на питание детей:

  • Промышленное животноводство с использованием антибиотиков
  • Ухудшение экологии – качества воздуха, воды
  • Ультра-обработанные продукты (сухие завтраки, хлебцы, батончики, сладости)
  • Большое употребление соли и сахара
  • Сладкие газированные напитки

Чтобы привить детям правильные пищевые привычки и рассказать о пользе овощей, в школах Алматы прошла программа «Овощной месяц». В прошлом году в ней приняли участие около 300 детей, в этом - уже свыше 800 детей из трех школ Алматы с казахским и русским языками обучения.

Основная концепция проекта основывается на двух важных факторах:

  1. Физиологических отличиях - у детей гораздо больше вкусовых рецепторов, чем у взрослых, а это значит, что они чувствуют и различают вкусы более качественно и детально, чем взрослые (доказано научным экспериментом);
  2. Психологических особенностях - детям нужно около 10-15 знакомств с новым овощем, чтобы начать употреблять его в пищу.

В течение месяца дети дважды посещали интерактивные уроки, посвященные правильному питанию, а между уроками 2 недели работали в специально созданной для проекта рабочей тетради. Дети учились готовить дома вместе с родителями, изучали овощи и их полезные свойства, а также свои собственные вкусы.

"Наша задача вдохновлять людей на расширение рациона растительным питанием для их благополучия и здоровья планеты. Поэтому, мы направляем много наших усилий на построение культуры правильного сбалансированного питания и уделяем особое внимание детям, потому что пищевые привычки формируются именно в раннем возрасте. Я очень люблю этот проект и, как мама, знаю не понаслышке насколько сложно привить детям любовь к правильному питанию и овощам. Очень здорово, что наш проект помогает таким же мамам как я, в этом нелегком, но очень важном для здоровья будущих поколений деле," - Ирина Барболина, руководитель маркетинговых коммуникаций Bonduelle EurAsia Markets.

Перед стартом "Овощного месяца" и по его окончании был проведен опрос родителей и детей, участвующих в проекте, по результатам которого выяснилось, что после проведения на 14% выросло количество родителей, которым легко накормить детей овощами.

Родители заметили существенное позитивное изменение в отношении детей к овощам: в разы сократилось количество детей, которые не любят овощи и, наоборот, более чем в три раза увеличилось количество детей, которые "очень любят овощи".

86% детей отметили, что теперь хотят узнать об овощах больше, 69% детей стали просить родителей готовить овощи чаще, а 73% детей отметили, что стали есть овощи каждый день.


Мақалаларды оқыңыз

Потребительская уверенность в Центральной Азии показывает разнонаправленную динамику

Қызылорда облысына ерте пісетін көкөністер жеткізіле бастады




Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.

Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!


Мы в Телеграм

Свежие новости