Қазақстанда алғаш рет республикалық "Ұлттық кітап" байқауы өтеді

Айта кетсек, Қазақстанда Үкіметтің Қаулысымен 23 сәуір – "Ұлттық кітап күні" мерекесі бекітілді.

Қазақстанда алғаш рет республикалық "Ұлттық кітап" байқауы өтеді

фото: freepik.com

"Ұлттық кітап күні" мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі "Ұлттық кітап"  байқауын жариялайды.

Байқаудың негізгі мақсаты – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, үздік авторларды анықтап, қазақ әдебиетінің, руханиятының дамуына ықпал ету. Аудармашыларды, баспагерлер мен кітап дизайнерлерін қолдау және ынталандыру.

Байқауға жұмыстар 2025 жылғы 15 қаңтар – 1 сәуір аралығында қабылданады.
Конкурсқа кейінгі екі жылда жарық көрген туындылар қабылданады. Қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін түскен жұмыстар тіркелмейді.

Байқау келесі 10 номинация бойынша өтеді:

  • Балаларға арналған үздік кітап;
  • Үздік комикс;
  • Нон фикшн бағытындағы үздік кітап;
  • Детектив жанрындағы үздік кітап;
  • Сатира жанрындағы үздік кітап;
  • Үздік илюстрациялық кітап;
  • Үздік аударма кітабы;
  • Фантастика жанрындағы үздік кітап;
  • Үздік баспа;
  • "Жыл кітабы" Гран-при сыйлығы.

Байқауға қатысатын жұмыстардың көркемдік деңгейі, тіл тазалығы, сөздік қоры, өзіндік стильдің болуы, тақырып өзектілігі, мазмұн тереңдігі, тарихи әділдігі, өндірістік сапаның жоғары болуы, дизайнерлік жұмыстың жоғары болуы сияқты критерийлерге сәйкес келуі керек.

Айта кетсек, Қазақстанда Үкіметтің Қаулысымен 23 сәуір – "Ұлттық кітап күні" мерекесі бекітілді. Бұл мерекелік дата Мемлекет басшысының қоғамда жоғары кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық Құрылтайдың негізгі отырысында берген тапсырмасына байланысты пайда болды.

 

****************************************

Республиканский конкурс "Ұлттық кітап" впервые пройдет в Казахстане

В преддверии празднования Национального дня книги Министерство культуры и информации Республики Казахстан объявляет о проведении конкурса "Ұлттық кітап".

Основная цель конкурса – обеспечение читательской культуры, содействие развитию казахской литературы и духовности, выявление лучших авторов книг, поддержка и стимулирование переводчиков, издателей и книжных дизайнеров.

Прием заявок для участия в конкурсе будет проходить с 15 января по 11 апреля 2025 года.

К участию в конкурсе принимаются работы изданные в течении последних 2 лет. Работы, поступившие после окончания срока приема, не регистрируются.

Конкурс будет проходить по следующим 10 номинациям:

  • Лучшая книга для детей;
  • Лучший комикс;
  • Лучшая книга в направлений нон-фикшн;
  • Лучшая книга в жанре детектив;
  • Лучшая книга в жанре сатиры;
  • Лучшая иллюстрированная книга;
  • Лучшая переводная книга;
  • Лучшая книга в жанре фантастика;
  • Лучшее издательство;
  • Гран-При "Книга года".

Работы, участвующие в конкурсе, должны соответствовать таким критериям, как художественный уровень, художественный стиль, богатый словарный запас, наличие собственного стиля, актуальность темы, глубина содержания, историческая достоверность, высокое качество изготовления и качественный дизайн книги.

Напомним, что Постановлением Правительства в Казахстане появился новый праздник - "Национальный день книги", который будет отмечаться 23 апреля. Эта праздничная дата появилась в связи с поручением Главы государства, данным на основной сессии третьего Национального курултая в целях формирования в обществе высокой культуры чтения.




Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.

Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!


Мы в Телеграм

Свежие новости