Алматы облысында ірі дропперлер тобы әшкереленді
Тергеу барысында 20-дан астам алаяқтық схеманың қатысушысы анықталды, олардың арасында дроптар, дроп-жетекшілер, кураторлар және менеджерлер бар.
пресс-служба
Алматы облысының полицейлері ҚР ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті мен өңір прокуратураның үйлестіруімен алаяқтық жолмен алынған ақшаны криптовалютаға аударумен айналысқан ұйымдасқан дропперлер тобының қызметін тоқтатты, Cronos.Asia хабарлайды.
Тергеу барысында 20-дан астам алаяқтық схеманың қатысушысы анықталды, олардың арасында дроптар, дроп-жетекшілер, кураторлар және менеджерлер бар.
– Әрбір қатысушы 5-7 банктік шотты пайдаланып, әрбір транзакциядан 1%-дан 3%-ға дейін сыйақы алып отырған. Жаңа дроптарды жинау Telegram-арналары арқылы жүзеге асырылған. Жедел іс-шаралар нәтижесінде 8 миллион теңгеден астам сомадағы қаржы қозғалысы тоқтатылып, схеманың ұйымдастырушысына тиесілі ай сайынғы айналымы 100 миллион теңгеден асатын криптокошелёк анықталды. Қазіргі уақытта банктерден қаржы операциялары туралы ақпарат алу үшін санкцияланған сұраныс хаттар жолданды. Анықталған активтерді тәркілеу мәселесі қарастырылуда, – деп хабарлады полицияда.
Жедел-іздестіру шаралары барысында жеті адам, оның ішінде үш куратор, бір менеджер және үш дроппер ұсталды. Барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Құқық қорғау органдары азаматтарды сақ болуға шақырады және банктік шоттарды тіркеу немесе бейтаныс адамдардан қаржылық операцияларға қатысу туралы күмәнді ұсыныстардан бас тартуға шақырады. Мұндай әрекеттер алаяқтық схемаларға қатысу ретінде қарастырылып, қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін. Егер сіз осындай қызметтің құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз.
**************************************************
Крупная ячейка дропперов ликвидирована в Алматинской области
Полицейские Алматинской области при координации департамента по противодействию киберпреступности МВД РК и прокуратуры региона пресекли деятельность организованной группы дропперов, занимавшихся выводом мошеннически добытых денежных средств в криптовалюту, cообщает Cronos.Asia.
В рамках расследования установлено свыше 20 причастных лиц, среди которых дропы, дроповоды, кураторы и менеджеры схемы.
– Каждый участник использовал от 5 до 7 банковских счетов и получал от 1% до 3% с каждой транзакции. Набор новых дропперов осуществлялся через телеграм-каналы. В результате оперативных мероприятий заморожено движение средств на сумму более 8 миллионов тенге, а также выявлен криптокошелек организатора схемы с ежемесячным оборотом свыше 100 миллионов тенге. В настоящее время санкционированы запросы в банки для получения информации о финансовых операциях. Прорабатывается вопрос об аресте выявленных активов, – сообщили в полиции.
В ходе оперативно-разыскных мероприятий задержаны семь человек, включая трех кураторов, одного менеджера и трех дроповодов. Все они водворены в изолятор временного содержания.
Правоохранительные органы предупреждают граждан быть бдительными и не соглашаться на сомнительные предложения по регистрации банковских счетов или участию в финансовых операциях от незнакомых лиц. Такие действия могут быть квалифицированы как соучастие в мошеннических схемах, что влечет за собой уголовную ответственность.
Материалы по теме:
Мошенники распространяют вирусы в Telegram через финансовые каналы
В Казахстане участились случаи, когда мошенники в WhatsApp маскируются под госсотрудников
Мошенники получили логины и пароли для входа на 443 тыс. сайтов по всему миру
Разоблачаем обман: какие новые легенды придумали мошенники
Кибератака: мошенники похитили из казахстанских банков 2 млрд тенге
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.
Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!