Орталық Азия әйелдерінің басын қосқан ірі форум: Мэй Маск, Ксения Собчак және басқа да сарапшылар Алматы төрінде
Бүгін Алматыда көшбасшы әйелдердің қатысуымен "BeWoman" форумы өтті.
Фото с видео из форума
Орталық Азияның ең ауқымды шарасына 10 елден келген 100-ге жуық спикер қатысып, сөз сөйледі. Олардың ішінде Мэй Маск, Ксения Собчак, Татьяна Бакальчук, Алена Долецкая, Анита Цой және басқа да беделді тұлғалар бар. Форумда көшбасшылық, гендерлік теңдік және әлеуметтік трансформация секілді маңызды тақырыптар қарастырылды.
"Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді" тербеткен нәзікжандылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, жас ерекшелігі мен жыныстық кедергілерді қалай еңсеріп, мансапта табысқа жету жолдарын түсіндіріп, сондай-ақ заманға сай өзгерістерге дайын болу жайында ой қозғады.
Бұл форумның басты қонағы – қазіргі заманның ең ықпалды кәсіпкерлерінің бірі Илон Масктың анасы Мэй Маск ауқымды шараның негізгі спикерлерінің бірі ретінде сөз сөйледі. Әлемге әйгілі модель, диетолог өзінің ұзақ жылдар бойы табысты мансапты қалай сақтап қалғанын және жынысы мен жасына қатысты алалаушылықтарға қалай төтеп бергенін баяндады. Сөз арасында Мэй Маск бала тәрбиесі, әйел адамның қоғамдағы және отбасыдағы рөлі жайлы да сөз қозғады.
Форумның тағы бір маңызды спикері – журналист және қоғам қайраткері Ксения Собчак. Ол гендерлік теңдік пен әлеуметтік әділеттілік мәселелерін белсенді түрде көтеріп, танымал саяси ток-шоуларды жүргізіп жүр. Собчак заманауи медиа саласындағы көшбасшылық туралы өз көзқарасымен бөлісіп, қоғамдағы ана рөлі мен отбасының жетекшісі болу жайында әңгіме өрбітті.
Форумның негізін қалаушы, кәсіпкер, меценат және әлеуметтік жобалардың ұйымдастырушысы Жанна Кан қоғамдағы әйел рөлі жайлы:
"Біздің өңірдегі әйелдер ерекше: ұрпақтан-ұрпаққа берілген soft skills (жұмсақ дағдылар) арқасында біз тұрмысты, ана болуды және бизнесті шебер түрде үйлестіріп, сонымен бірге тамаша келін және ене болып, елдерімізде өмір сүріп жатқан жүздеген халықтардың дәстүрлерін сақтап, келесі ұрпаққа жеткіземіз. Бүгінгі таңда, осындай тез өзгеріп жатқан уақытта, біз бір-бірімізді қолдап, бірлесіп, тұрақты әлемнің, балаларымыздың бақытты болашағының және серіктестеріміздің табысының негізін қалауымыз керек. Орталық Азияның әйелі өз өңірінің дамуының драйвері бола алады және болуға тиіс. Бізде талқылайтын, өзгеретін және назар аударатын нәрселер көп. Бүгін біз әлемге өз мүмкіндіктерімізді және прогреске, білімге және креативтілікке ашық болуға деген ұмтылысымызды көрсете аламыз" – деп атап өтті.
Форум аясында сөз сөйлеген тағы бір маңызды тұлға – «Women in Tech» қозғалысының негізін қалаушы Аюми Мур Аоки. Ол технология саласындағы әйелдердің рөлі туралы өз көзқарасын білдірді. Бұл салада әлі күнге дейін гендерлік теңсіздік сақталып келеді, және Аюми Мур Аоки бұл саланың дамуына әйелдердің қалай үлес қосатыны туралы айтты. Психотерапевт және бестселлер авторы Габор Матэ психикалық денсаулық пен стресстің жеке және кәсіби табысқа қалай әсер ететінін талқылады.
"BeWoman" форумы әйелдерді стереотиптер мен шектеулерге қарамастан, өз мақсаттарына жетуге ынталандыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Белгілі спикерлердің сөздерінен басқа, форум бағдарламасы 6 панельдік сессия мен 6 воркшоптан тұрды. Онда қатысушылар көшбасшылық пен кәсіпкерліктен бастап, жеке даму мен әлеуметтік трансформацияға дейінгі кең ауқымды мәселелерді талқылады. Өзара пікір алмасу әйелдердің экономика мен бизнестегі рөлі, гендерлік теңдік, кәсіпкерлікке технологияларды енгізу секілді маңызды тақырыптарды қамтыды.
Мэй Маск впервые посетит Алматы
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.
Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!