Алматы Азаматтық Альянсы қалалық мәселелерді шешуге қалай көмектеседі?

Алматы Азаматтық Альянсы қоғамдық диалогты қалай нығайтып, Тұрақты даму мақсаттарын қалай енгізуде?

Алматы Азаматтық Альянсы қалалық мәселелерді шешуге қалай көмектеседі?

2024 жылы Алматы Азаматтық Альянсы Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) бойынша қоғамдық мониторинг орталығын іске қосты. Орталық үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) жобаларының тиімділігін талдаумен айналысады. Бұл туралы Алматы Азаматтық Альянсының төрағасы Каиржан Абдыхалыков Өңірлік коммуникациялар қызметінде (ӨКҚ) өткен баспасөз конференциясында айтты.

Ұйымның басты мақсаты – мемлекеттік құрылымдар, ҮЕҰ және азаматтар арасындағы өзара іс-қимылды дамыту арқылы әлеуметтік және қоғамдық мәселелерді бірлесіп шешуге ықпал ету. Сонымен қатар, Альянс экология, инклюзивті білім беру және қоғамдық бастамаларды қолдау бағытында да белсенді жұмыс жүргізуде.

Альянс жұмысына әртүрлі ҮЕҰ мен белсенді азаматтар қатысады. Қаланың маңызды мәселелерін талқылауға тұрғындарды тарту үшін қоғамдық тыңдаулар, дөңгелек үстелдер және форумдар ұйымдастырылады.
2023 жылдың маусым айында Алматыда "Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру" тақырыбында XIII Азаматтық Форум өтті. Онда аймақтағы тұрақты дамуға қол жеткізудің стратегиялары мен жолдары қарастырылды.

"Келесі форум мамыр-маусым айларында өтеді деп жоспарлануда. Ол Алматыдағы азаматтық қоғамның институционалдық мәселелері мен даму перспективаларына арналмақ. Форум қарсаңында өзекті тақырыптарды талқылайтын бірқатар дөңгелек үстелдер мен диалогтық кездесулер өткіземіз. Бұл диалог алаңдарына өзара сындарлы пікір алмасу мен шешім іздеуге жәрдемдесу мақсатында құрылған Үйлестіру кеңесі мен Алматы сарапшылар клубы белсенді қатысады", – деп атап өтті К. Абдыхалыков.

Альянстың басым бағыттарының бірі – экологиялық мәселелерді шешуге жәрдемдесу, инклюзивті білім беруді қолдау және әлеуметтік осал топтардың құқықтарын қорғау. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында Альянс ҮЕҰ және еріктілермен бірлесіп, қаланы көгалдандыру және аумақтарды тазалау шараларын ұйымдастыруда. Бұл іс-шараларға жастар мен белсенді азаматтар кеңінен тартылуда.

"Алматы Азаматтық Альянсы азаматтық қоғамды нығайтуда маңызды рөл атқарады. Ол мемлекеттік органдар мен халық арасындағы диалог алаңы ретінде жұмыс істейді. Ұйым мемлекеттік құрылымдардың ашықтығы мен есептілігін арттыруға ықпал етіп қана қоймай, билік пен қоғам арасындағы ынтымақтастықты жақсартуға бағытталған заңнамалық бастамаларды әзірлеу және ілгерілету ісіне белсене қатысады", – деді ӨКҚ спикері.

2025 жылы ТДМ жүзеге асырылу мониторингін жалғастыру, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам жобаларының тиімділігін бағалау жоспарланып отыр. Әсіресе, ҮЕҰ өкілдерінің білімін жетілдіруге, волонтерлік қозғалысты дамытуға және қоғамның әртүрлі секторлары арасындағы серіктестікті нығайтуға ерекше назар аударылады. Бұл жұмыстар тұрақты дамудың ортақ мақсаттарына қол жеткізуге бағытталатын болады.


Как Гражданский Альянс Алматы укрепляет общественный диалог и внедряет цели устойчивого развития?

В 2024 году Гражданский Альянс Алматы запустил Центр общественного мониторинга Целей устойчивого развития (ЦУР), где анализируют эффективность проектов неправительственных организаций (НПО). Подробнее об этом на пресс-конференции Региональной службы коммуникаций (РСК) рассказал председатель гражданского Альянса Алматы Каиржан Абдыхалыков.

Основная миссия организации заключается в содействии взаимодействию между государственными структурами, НПО и гражданами для совместного решения социальных и общественных вопросов. Альянс также продолжает работать над вопросами экологии, инклюзивного образования и поддержки общественных инициатив.

В работу Альянса активно вовлекаются различные НПО и активные граждане города. Для привлечения горожан к обсуждению важных вопросов используются механизмы общественных слушаний, круглых столов и форумов.
Так, в июне 2023 года был проведен XIII Гражданский Форум Алматы на тему "Реализация целей устойчивого развития", где обсуждались стратегии и пути достижения устойчивого развития в регионе.

"Следующий форум запланирован на май – июнь и будет посвящён ключевым институциональным вопросам и перспективам развития гражданского общества в Алматы. В преддверии форума мы проведём серию круглых столов и диалоговых встреч, где обсудим наиболее актуальные темы. В работе этих диалоговых площадок активно участвуют Координационный совет и Алматинский экспертный клуб, созданные для содействия конструктивному обсуждению и поиску решений", – отметил К. Абдыхалыков.

Среди приоритетных направлений работы Альянса — содействие в решении экологических проблем, поддержка инклюзивного образования и защита прав уязвимых слоёв населения. В рамках программы "Таза Қазақстан", инициированной Главой государства, Альянс активно вовлекается в экологические инициативы, сотрудничая с НПО и волонтёрами. Организация проводит акции по озеленению города и уборке территорий, привлекая к ним молодежь и неравнодушных граждан.

"Гражданский Альянс Алматы играет ключевую роль в укреплении гражданского общества, выступая платформой для диалога между государственными органами и населением. Организация способствует повышению прозрачности и подотчетности государственных структур, а также активно участвует в разработке и продвижении законодательных инициатив, направленных на улучшение взаимодействия между властью и обществом", — добавил спикер РСК.

В 2025 году планируется продолжить мониторинг реализации ЦУР, оценивать эффективность проектов как государственных органов, так и гражданского общества. Особое внимание будет уделено обучению и повышению компетенций представителей НПО, развитию волонтерского движения и укреплению партнерских отношений между различными секторами общества для достижения общих целей устойчивого развития.


Новости к теме:

Что под силу гражданскому обществу?

В Казахстане запущен республиканский проект "Единство в Многообразии"

Гражданское общество Казахстана на пути динамичного развития




Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.

Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!


Мы в Телеграм

Свежие новости