CRONOS Central Asia

Ақын Әділғазы Қайырбеков Алматыдағы сайлауда дауыс берді

Горячие новости•29.11.2026, 10:49

Ақын, "Құрмет" орденінің иегері Әділғазы Қайырбеков Алматы мәслихаты депутаттарының сайлауында дауыс берді

Әділғазы Қайырбеков
Фото Әділғазы Қайырбеков

Бүгін Алматыдағы № 624 сайлау учаскесінде ақын, ғалым, Қазақстанның құрметті жазушысы, "Алаш" халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, "Құрмет" орденінің иегері, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты Әділғазы Қайырбеков дауыс берді.

Ақын сайлауға қатысу – әрбір азаматтың ел болашағы алдындағы жауапкершілігінің көрінісі екенін атап өтті.

"Бүгін дауыс беру арқылы еліміздің болашағына қатысты таңдау жасадым. Қазақстанның өркендегенін, балаларымыздың бақуатты елде өмір сүргенін қалаймыз. Сондықтан әрбір азаматтың таңдауы маңызды деп санаймын", – деді Әділғазы Қайырбеков.

Еске салайық, Алматы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауына 168 кандидат тіркелген. Оның 109-ы партиялық тізім бойынша, 59-ы бірмандатты сайлау округтері бойынша ұсынылған.

Қалада 670 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 41-інде бір күндік тіркеу қызметі қолжетімді.

Дауыс берусағат 20:00–ге дейін жалғасады. Дауыс беру 29 қарашаға белгіленген, ал сайлау қорытындысы 3 желтоқсаннан кешіктірілмей шығарылады.

Перепечатка и (или) переопубликация материалов сайта без письменного разрешения редакции запрещены. При разрешенном использовании обязательна гиперссылка на соответствующую статью на сайте cronos.asia.

Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!