Yandex Qazaqstan қозғалысы шектеулі пайдаланушыларға қала бойынша жайлылықпен жүріп-тұруға көмектеседі

Яндекс Карталарда "Баспалдақтардан аулақ жүру" функциясы іске қосылды. Алматы мен Астанада 4500+ пандусы бар баспалдақ енді маршруттарға ескеріледі.

Yandex Qazaqstan қозғалысы шектеулі пайдаланушыларға қала бойынша жайлылықпен жүріп-тұруға көмектеседі

Яндекс Карты сервисінде пандусы бар баспалдақтар ескерілген бағыттарды құру мүмкіндігі пайда болды. Алматы мен Астана қалалары бойынша осындай төрт жарым мыңнан астам баспалдақ белгіленген — енді алгоритм оларды жаяу жүру бағыттарын құру кезінде ескеретін болады. Бұл баспалдақпен жүру қиындық тудыратын адамдар үшін маңызды — мысалы, кішкентай балалары бар ата-аналар, багажы бар туристер және тірек-қимыл аппараты аурулары бар адамдар.

Ыңғайлы бағытты қолданбадағы немесе сервистің веб-нұсқасындағы "Баспалдақтардан аулақ жүру" ("Избегать лестниц") опциясының көмегімен құруға болады — Карты жергілікті аймақ туралы деректерді талдап, баспалдақсыз бағытты таңдайды. Егер мұндай нұсқалар болмаса, Карты жолда пандусы бар және пандусы жоқ қанша баспалдақ кездесетінін ескертеді.

Жолда пайдаланушылар телефонға аз қарап, зарядты үнемдей алады — бағыт туралы мәліметтер iOS үшін Live Activity режимінде немесе Android үшін виджетте бұғатталған экранда да қолжетімді. Сонымен бірге қолданба діріл арқылы пайдаланушыға қажетті айналымға жақындағанын ескертеді.

Яндекс Карты үшін деректерді жинауға далалық краудсорсинг командасының қызметкерлері көмектесті — олар аумақты айналып өтіп, пандустары бар баспалдақтар туралы ақпарат беріп отырды.

Сонымен бірге осы жылдың сәуір айында Yandex Qazaqstan Инклюзия командасы Алматыда сыртқы сарапшылардың қатысуымен тестілеу өткізді, ол мүгедектер арбасында қала бойынша неғұрлым ыңғайлы бағытпен жүріп өту кезінде "Баспалдақтардан аулақ жүру" ("Избегать лестниц") опциясын пайдаланудың өзектілігі мен пайдалылығын растады. Тестілеу қызметі мүгедек адамдарды әлеуметтендіруге және қоғамға кіріктіруге бағытталған "ITeachMe" құзыреттерді дамыту орталығы" Қоғамдық қоры қатысушыларының көмегімен жүргізілді.

"Біз қаланы барлық тұрғындарға, әсіресе мүгедектігі бар адамдарға ыңғайлы ететін жобаның бір бөлігі болғанымызға қуаныштымыз. Навигациялық қолданбалардағы жаңа "баспалдақты айналып өту" опциялары — бұл қала бойынша еркін және қауіпсіз қозғалу жолындағы маңызды қадам. Ең бастысы, бұл барлық адамдар үшін тең мүмкіндіктерге қадам жасау, бұл біздің Қор үшін басты басымдық болып табылады", — деп атап өтті "ITeachMe" Қоғамдық қорының директоры Захира Оңғарбайқызы.

Опция қазірден бастап Яндекс Карты сервисінде Android және iOS үшін қолжетімді. Оны пайдалану үшін қолданбаны Google Play Market немесе App Store дүкенінен жүктеп алу керек.

Бұдан басқа Яндекс Карты сервисінде "Көтерілуден қашу" ("Предлагать маршруты полегче") опциясы бар, ол жолда тік өрлер мен еңістер аз кездесетін аса жеңіл бағыттарды таңдауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге Карты сервисінде бірқатар ұйымдардың профильдерінде мүгедектер арбасымен кіру мүмкіндігі туралы ақпараты бар "Ерекшеліктері" ("Особенности") бөлімі бар.

Ескерту

Пандустар әр түрлі болады — тұтқасымен және тұтқасыз, әр түрлі биіктікте және әр түрлі еңіспен. Чемоданы бар турист оңай жүріп өтетін пандус мүгедектер арбасындағы адамға сәйкес келмеуі мүмкін. Яндекс Карты пандустың орналасқан жерін көрсетеді, бірақ оның барлық адамдарға бірдей сәйкес келетініне кепілдік бере алмайды.

Қаладағы өзгерістерге орай әрекет ету үшін Яндекс Карты барлық қолжетімді көздерді — далалық краудсорсингті, панорамаларды, пікірлердегі фотосуреттерді, ұйымдардың ресми деректерін және т.б. талдайды. Сервистің қолданбасында немесе веб-нұсқасында кез-келген қолданушы өз түзетуін ұсына алады. Ол үшін "Нысанды қосу" (Добавить объект) немесе "Дәлсіздікті түзету" ("Исправить неточность") түймесін басып, фотосурет пен сипаттаманы қосу керек — модератор тексерген соң картада өзгерістер пайда болады.




Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.

Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!


Мы в Телеграм

Свежие новости