Яндекс Go бүкіл Қазақстан бойынша Орындар сервисін іске қосты

Яндекс Go-дағы орын сервисі енді бүкіл Қазақстан бойынша қолжетімді — мекемелерді таңдаңыз, маршруттар құрыңыз, қызметтерге жазылыңыз және бір қосымшада таксиге тапсырыс беріңіз.

Яндекс Go бүкіл Қазақстан бойынша Орындар сервисін іске қосты

Яндекс Go қолданбасының Орындар сервисі бұдан былай қолданбада кездесетін барлық қалаларда қолжетімді. Оның көмегімен қолайлы мекемені таңдап, қызметке жазылып, ыңғайлы бағыт құруға және сапарға көлік шақыру үшін тапсырыс беруге болады.

Бұған дейін бұл сервис Алматы мен Астана қалаларында іске қосылған болатын, енді ол Яндекс Go қолданбасы жұмыс істейтін барлық қалаларда қолжетімді. Мысалы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Тараз, Өскемен және Шымкент қалалары.

Қаланың кіріктірілген картасы мен икемді сүзгілер ұйымдарды рейтингіне, қашықтығына, жұмыс кестесіне, Wi-Fi қолжетімділігіне және басқа да параметрлерге қарай сұрыптауға мүмкіндік береді. Ал тақырыптық топтамалар әртүрлі санаттағы мекемелерді ұсыну арқылы жаңа орындарды табуға көмектеседі – танымал мейрамханалар мен кофеханалардан бастап сұлулық салондарына дейін.

Орындардың профилінен ұйым туралы толығырақ ақпарат алуға болады: фотосуреттерді қарап, жұмыс кестесімен танысып, орын мекенжайына дейінгі қашықтықты білуге және алдыңғы келушілердің пікірлерін оқуға мүмкіндік бар.
Сонымен бірге профильдерде мекемемен өзара әрекеттесудің барлық қолжетімді нұсқаларының ашылмалы тізімі бар түйме пайда болды. Мысалы, ұйымға қоңырау шалуға, оның әкімшісімен чатта сөйлесу арқылы қызметке жазылуға, такси шақыруға немесе баратын жерге дейін бағыт құруға болады.

Орындар сервисі үнемі жаңартылып, Яндекс Карты қосымшасының деректерін пайдаланады. Оны пайдалана бастау үшін Google Play немесе App Store арқылы Яндекс Go қолданбасын жаңарту жеткілікті.




Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на cronos.asia.

Подписывайтесь на Telegram-канал Central Asia Cronos и первыми получайте актуальную информацию!


Теги:

Мы в Телеграм

Свежие новости